Бір суреттің сыры

Мүсірәлі бабаға қатысты жаңа дерек

Осыдан екі  күн бұрын Қызылорда қаласынан Нұрхан есімді жігіт хабарласып: Мен, Арал маңындағы Кіші жүздің азаматымын. Біз жақта Мүсірәлі ұрпағын «Керейт» деп атамайды. Бірақ, «Керейттің қожасы» деген  сөз бар. Аралдан күн шығысқа – Жезқазғанға қарай 160-200-шақырымдай жерде «Жіңішке құм» деген жер бар, бұныдары осылай аталатын совхоз болған. Сол жақта Сырманқожаның, Қаражан қожаның мазарлары (бейті) бар. Мазардың көктасында  қожа,  «Керейт қожасы» деп жазылған. Бұл жазудағы мәселе мынада, «Керейтқожа» емес «-сы» деген жалғауда жатыр. Сөзімнің дәлелі деп  мына суреттерді жіберіпті.

Нұрмаханға алғыс айта отырып,  суреттерді жариялауды  жөн көрдік. өйткені әлі де болса да Мүсірәлі бабаға қатысты айтылған жерде,  бұра тартып,  әулеттің шындығына ұшқары  пікірлер айтылып жүр.

 Ойымызды әрі қарай тарату үшін Мына дерек те назар аударарлық. Бұл жайды біздер  Алматы «Ел таным» баспасында жарық көрген «Мүсірәлі Сопы әзіз» атты еңбегімізде жазған едік. Нұрмахан  ол жайдан толық хабардар екен. «Барлығын оқығамын аға бірақ Мүсірәліні Керейт деп біз жақта аузына алмайды» дейді.

Мынау Жарылқасынқожаның атасы Сырманқожаның бейіті, жұрт көп келеді. Зиярат етеді, Құран оқиды.

Арғы атамды сұрасаң Сүгірәлі,

Бергі атам одан тұған Ібірәлі.

Бабам Хан, бабам Төрежан, атам Шырбан, (Сырман)

Пір тұтып қол тапсырған жұрттың бәрі.

Ойламай түрлі кеңес табылғанын,

Білесің бе осылайша қожа әулеті.

Сұрасаң өзім атым Жарылқасын,

Жел сөздің қайдан білдің табылмасын.

Атам мен өз атымды баян қылып,

Келтірдім осылайша сөздің басын.

Мұндағы 

 жұрт тек Жарылқасын қожа деп атайды-дейді. 

Салданай 

ағамыздың әкесі Иманқожа әйгілі Асандар көтерлісінің рухани қолбасшысы болған адам. Соғысқа кірер алдында барлық сарбаздың жаназасын шығарған. Сол сарбаздардың тірі қалғандарының біреуі соңғы жылдары дүниеден өткен. Сол ағамыз менің жаназамды Иманқожа шығарып қойған деп өзіне жаназа шығартпаған еді. Бұл да  ел аузында құрметпен айтылып жүрген мәлімет.  Бұл жайттың бәрі  Мүсірәлі сопы әзіздің мұрасын  зерттеп жүрген  біздерге, мәселенің  басын ашып,  тарихи шындықты қалпына келтіруге септігін тигізбек.

                                 Мүсірәлінің әулеті Убайдуллақожа

 

 

Арал-Жіңішке құм маңы: Сырманқожа бейті-

 

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button