Осыдан бірер жыл бұрын, белгілі ғалым досымыз Сайпулла Моллақанағатұлы атақты дін ғалымы Садуақас Ғылманидың мұрасының ішінен Шортанбай жырларының қолжазбасын тауып, сүйіншілеген еді. 1930 жылы деп көрсетілген отыз беттей жыр жолдары көп қағаздың астында қалып, дүниенің дүрмегі оның барын ұмыттырып жіберген. Ақын аруағы біздей парықсыздардың санасына жетсін деді ме, 3лде Қалауы осы ма әлемді ауру жайлаған күндері жаңа жазбаны бұрынғы жырларымен жолма-жол салыстырып оқып шығудың сәті түсті.
Ақынның бұрыннан белгілі жырларының ішінен кездеспеген мына бір туындысын оқырман сіздерге мен сүйіншілейін.
Шортанбай жыраудың жаңа өлеңі:
Басқа тисе өлдің деп,
Көтке тисе көндің деп,
Бөдененің кебіндей,
Көзіңді жұм да жүре бер,
Көресіні көре бер.
Ендігінің несі уайым,
Бақытсыз сұм қарақты,
Бетіне жазып мазақ-ды.
Жаратты екен несіне,
Мұндай қылып Құдайым.
Сертің сынды қазағым,
Мұрдар болдың тірліктей.
Жау жабысты денеңе,
Судағы қара сүліктей.
Алмаған нәрсе қалмады,
Қабыртқамен жіліктей.
Араларың ашылды,
Аталарың бөлектей.
Жалмап едің ініңді,
Ертедегі Ер Кебектей.
Үйде отырып көп пенде,
Алқымың болды көнектей.
Тасып едің төгілдің,
Сүзегі жоқ шүмектей.
Наушадай үй тігіп,
Түндігің болар үзіктей.
Туырлығың тұтқыштай,
Үзіктерің болар терліктей.
Жарлы-байың әдет қып,
Байлығыңды мақтан қып,
Жал шайнадың білектей.
Азан, тәкпір болмаса,
Кетіп едің елікпей.
Тек ораза, намаз тұр,
Домбыра күткен тиектей.