Шортанбай (Әли Мұхаммед) Қанайұлы

Ит жерімес арамнан

Шортанбай Қанайұлы

Ақыл – дария білгенге,

Бұл жалған жоқ өлгенге.

Байлықтың алды – иман-ды,

Тәңірім сөйтіп берген-ді.

Жан жоламас жатқанға,

Жүргенге жөргем ілінер.

Бұ дүние арман емес дүр,

Бір кезек дәурен сүргенге.

Ит жерімес арамнан,

Құдай безер харамнан,

Меһірден  қатты мал бітіп,

Кетпесе мал қораңнан.

Пайда қылсаң залалсыз,

Өзіңе біткен қараңнан.

 

***

«Қой, әй!» десең, «Не?» дер-дүр,

Ақыл айтсаң ақымаққа.

Кенеуі жоқ кейбіреулер,

Құр зорлайды тақпаққа.

Атанды сыйла анаңмен,

Қисайсаң салар соқпаққа.

Меккені іздеп таппаққа.

Ұмытпасаң тәубеңді,

Түзу  салар соқпаққа.

Түзу жолдан қисайсаң.

Жолығарсың күрзі менен тоқпаққа.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button