Бір суреттің сыры

Киiз үйге қатысты ырымдар мен тыйымдар

Киіз үйге найзағай түспес.

 Ата-енеңнің (қайнағаңның) төсегіне отырма.

Ата-енең (қайнағаң) жатқан жерге жатпа.

Атқа теріс мінбе.

Ауылға атпен шауып келме.

Адам өлімін естіртсең ол үйден дәм татуға болмайды.

 Бақаннан аттама.

Басыңды босағаға беріп ұйқтама.

Баланы ожаумен ұрма.

Балтаны аттама.

Бесікті ашық қалдырма.

Бесікті көрінгенге берме.

Бесікті сатпа.

Босағаға отырма (қызға).

Босағаға керiлме.

Босағаға сүйенбе.

Босағада тұрма.

Босағаны құшақтама.

Бос бесікті тербетпе.

Жастықты құшақтап отырма.

Жаңа туған баланың кіндігі қатқанша киіз үйдің күлін шығарма.

Күн батқаннан кейін киіз үйдің күлін шығарма.

Дастарқанды ашық қалдырма.

Дастарқанды баспа.

Дастарқанды қағазбен сүртпе.

Дастарқанды аттама.

Ескі сыпырғышты отқа жақпа.

Есікке керілме.

Есікті құшақтама.

Есікті теппе.

Есікті аяғыңмен жаппа.

Жас жұбайлардың төсегіне отырма.

Желіні  аттама.

Көгенді аттама.

Жер-ошақтан аттама.

Жер-ошақты айналып жүгірме.

Итті теппе.

Итаяқты теппе.

Итке ожаумен ас құйма.

Киіз үйіңнің басқұрын сатпа, басың құралмайды.

Киіз үйдің басағасына кәрі жіліктерді іліп қойсаң тіл-көзден, пәле-жаладен сақтайды.

Киіз үйдің белдеуінен ұстап асылма, ауруға көрінеді.

Табалдырыққа отырма, басың кішірейеді.

Туырлық киізді тілме, бүліншілікке көрінеді.

Кетік кесемен шай ішпе, ырысың азаяды.

Көсеуден аттама.

Күйеуіңнен бұрын жатпа.

Күлді баспа.

Күлді шашпа.

Күн батқанда сыпырғыңды далаға шығарма.

Күн шықпай күл төкпе.

Күректің басын жоғары қаратып қойма.

Күректен аттама.

Кірдің суын баспа.

Кірдің суын есік алдына төкпе.

Кісіден аттама.

Үлкен кісі жолын кеспе.

Ер кісі жолын кеспе (әйелдерге).

Кісіні саусағыңмен көрсетпе.

Қазанды төңкерме.

Қараңғыда киіз қақпа.

Құранды төмен қойма.

Құр ерге мінбе.

Құрықтан аттама.

Қыздың төсегіне отырма.

Малға теріс қарап мінбе.

Малдың сүйегін отқа тастама.

Маңдайшаға төбеңді тіреме.

Мойныңа белдеу салма.

Мойныңа жіп орама.

Оқтаумен бала ұрма.

Сүйекті отқа салма.

Сыпырғыны төрде қалдырма.

Табалдырыққа отырма.

Табалдырықты баспа.

Таңғы асты тастама, кешкі асты бақпа.

Төрге қарап жүреңнен отырма.

Тіліңді тістесең, үйіңе ашыққан қонақ келер.

Түнде айнаға қарама.

Түнде кір жайма.

Түнде түс жорыма.

Түнде тырнақ алма.

Түнде киіз үйдің күлі мен оты шығарылмайды.

Түндігіңе қарылғаш ұя салса дәулетің артар.

Түнде үй сыпырма.

Үй айнала жүгірме.

Үйді айналма.

Үйге жүгіріп кірме.

Үйде отырған қонақтарды санама.

Үйге сыртыңмен кірме.

Үйде ысқырма.

Үйді сабама.

Үйдің босағасына сүйеніп тұрма,  жалынышты боласың.

Үй есігін аяғыңмен түртіп ашпа, кемтар боласың.

Үйіңе келгенге үйдей өкпеңді айтпа.

 Үйде үлкенге сыртыңды беріп отырма.

Үйге кірген жылан басына ақ құйып шығар.

Ыдысты теппе.

Ымыртта күл төкпе.

Нәрестенiң табалдырыққа сүрiнгенi – үйге олжа кiргенi.

Сайын Назарбекұлының «Қазақтың киіз үйі» (2005 жылы Елорда) атты кітабынан алынған киіз үйге байланысты ұғымдар

Таңбалар

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Жабу