Әбдіхалық Амангелді Еренғайыпұлы
«Нұр-Қазақстан» қажылық компаниясының президенті Әбдіқалық Амангелді Еренғайыпұлы мұсылмандарды Қасиетті Қағбаға бастап апарып жүргелі Жиырмаға жуық жыл болды.
Қасиетті Қағбаға кіріп, онда екі мәрте намаз оқып, дұға тілеу құрметіне ие болған, Біріккен Ұлттар Ұйымы кеңесінің (UNCOPA) шешімі бойынша «Қоғам алдындағы еңбегі үшін» халықаралық алтын медалімен марапатталып, «Бейбітшілік миссиясының елшісі» атағын алған біртуар азамат 8,5 мыңнан астам қажыларымызға жетекшілік еткен.
Амангелді бауырымыз тәуелсіз елімізде алғаш рет қажылық компаниясын ұйымдастырған топбасшыларының бірі. Өзі басқаратын компанияның сапарлары Мекке-Мәдинадағы үлкен қажылықты қамтиды. Умра – кіші қажылық бойынша жыл бойына қызмет етеді. Осы ретте Миғраж түнін, рамазан айындағы Қадыр түнін қасиетті Қағбада қарсы алуымен тартымды етіп сапардың шырайын кіргізіп жүр. Ислам әлемінің 3-ші қасиетті орыны саналатын Құддыс қаласындағы әл-Ақса мешітіне зиярат етуге де Амангелді бастап апарады. Әлемнің 7 кереметі саналатын Тадж-Махал мавзолейін және Үндістандағы ислами тарихи орындарды зиярат ету, Египеттегі имам Шафиғидың қабірін және пайғамбарымыздың немересі Хусейн ( р.а.) мешітін және ұлық сахабасы Амр ибн-Аас салдырған мешітті, Дамаск қаласындағы Әбу-Насыр әл-Фараби, Бейбарыс сұлтан қабірлерін зиярат етуге бастап апарып, ислам дінін танудағы айырықша бағдарларды ұйымдастыруымен де ерекшеленді.