Киiз үй халықтың дәстүрлi наным-сенiмiнде
Түндігіне қарылғаш ұя салған үй – қасиетті үй.
Үйге дәуіт кірсе – үйге құт, береке орнайды.
Қазанның күйесі жанса қой басы өседі.
Ошақтағы отты үрлеп сөндіру – өз үмітін өшіру.
Бас киімді босағаға ілу – басыңның бағасын кетіру.
Аяқ киіммен төрге шығу – үй иесін менсінбеу.
Қонақтан бұрын астан ауыз тиіу – үй иесінің міндеті.
Киiз үй туралы мақалдар мен мәтелдер
- Келіні жақсы үйдің – керегесі алтыннан.
- Есіктен орын тапсаң төрге ұмтылма.
- Ергенек кетсе, есіктен береке кетер.
- Есік көргенді алма, Бесік көргенді ал.
- Баланың тентек болмағы үйінен, жігіттің тентек болмағы биінен.
- Салқын үй – салулы төсек.
- Ұлы жол үйiңнiң табалдырығынан басталады.
- Кiлемге бергiсiз алаша бар, Ханға бергiсiз қараша бар.
- Балалы үй – базар, Баласыз үй – мазар.
- Үйде оңбаған, Түзде де оңбайды.
- Астың дәмiн тұз келтiрер, Ауыл сәнiн қыз келтiрер.
- Атыңнан айрылсаң да, Ер-тоқымыңнан айырылма.
- Қатыныңнан айырылсаң да, Қазан-ошағыңнан айырылма.
- Қазан-ошағыңнан айырылсаң да, Халқыңнан айырылма.
- Үйде шешен – дауға жоқ, Үйде батыр – жауға жоқ.
- Үйің жаман болса, күйің жаман.
- Босағаң төрдей болсын.
- Сыйырға су көрсетпе, Жаманға сый көрсетпе.
- Жыртық үйдi жел табар, Өтiрiк сөздi шын табар.
- Тату үйдiң бақыты тасыр, Жанжалды үйдiң ырысы қашар.
- Төрде отырып теріс сөйлегеннен без, Есікте отырып керіс сөйлегеннен без.
- Кедейді тер қысса, Керегесін арқалап тауға шығады.
- Қуыс үйден құр шықпа.
- Бұраудың да сұрауы бар.
- Тар бесік, тар босаға.
- Азансыз молда болса да, Қазансыз қатын болмайды.
- Жауға барса ат ойнатқан Есет, Үйге келсе құрт қайнатқан Есет.
- Жаман үйден қосым артық, Ақсақ ошақтан мосым артық.
- Орман аралаған үйші болар, Ел аралаған сыншы болар.
- Ағаш бесіктен шыққан, жер бесікке түспей қоймайды.
- Көршiң қолайлы болса, қораң кең.
- Көршiңмен ұрыспай айырылыссаң, Ұялмай табысарсың.
- Жақсының күнде бiр үйi кеңидi, Жаманның күнде бiр үйi кемидi.
- Аталастан ауылдас жақын.
- Үйге кiрген жыланға да ақ құйып шығарады.
- Жақсы қатын үй дәулеті, Жақсы шапан той дәулеті
- Жақсы көршi тапқаның – Мол олжаға батқаның.
- Қонағын сыйлаған төрге шық дер.
- Қазаннан қара нәрсе жоқ, Ассаң қарын тойдырар.
Қардан аппақ нәрсе жоқ, Ұстаса қолды тоңдырар.
- Бiреудiң үйiн жыға бiлгенмен тiге бiлмейсiң.
- Қонағын сыйламаған – Не баласын ұрады, Не үйiн сыпырады.
- Киіз үйдің жақсы болмағы ағашынан, Ер жігіттің жақсы болмағы нағашыдан.
- Қазаннан қақпақ кетсе, Иттен ұят кетедi.
- Жауда да бiр үйiң болсын.
- Қонағым өз үйiңдi де ойлай отыр.
- Үйдiң жылы-суығын, Қыс түскенде бiлерсiң.
Кiмнiң алыс-жақынын, Iс түскенде бiлерсiң.
- Ерте тұрған әйелдiң Бiр iсi артық.
Ерте тұрған еркектiң Ырысы артық.
- Үй болғанда көсеу де керек.
- Үзіксіз үй болмас.
- Қазанға түскен қайтып қапқа түспейдi.
- Арық атқа қамшы жау, Жыртық үйге тамшы жау.
- Ит арық болса ауылдың намысы.
- Қонақ келсе ет пiсер, ет пiспесе бет пiсер.
- Ошақ сәнi – сыйластық, Достық сәнi – қимастық.
- Үйi жаманның күйi жаман.
- Үйдiң көркi – әйел.
- Алғашқы қонақ соңғы қонаққа орын босатар.
- Қонаққа кел демек бар, кет демек жоқ.
- Өнерлi қонақ босағада қалмас.
- Жаман үйдiң қонағы билейдi.
- Құдайым би қылмасаңда би түсетiн үй қыл.
- Бүлiнген ауылдан бүлдiргi алма.
- Көсеу ұзын болса қол күймес.
- Жолға шықпас бұрын серiгiңдi дайында,
Қонбас бұрын көршiңдi ойла.
- От жағылмаған үй – қора, Кiсi келмеген үй – мола.
- Үй менiкi демеңiз, Үй артында бiреу бар.
- Ақ жаулықсыз үй – жетiм үй.
- Атасыз үй – батасыз, Анасыз үй – панасыз.
- Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны iледi.
- Келгенше қонақ үялар, Келгесiн үй иесi ұялар.
- Құс жеткен жерiне қонады, Қонақ қалаған үйiне қонады.
- Тату үйдiң тамағы тәттi.
- Қазан қайнап тұрса, ақыл сайрап тұрады.
- Асы бар аяқ әдемi.
- Құр аяққа бата жүрмес.
- Кiсi кiрмеген үй көрмен тең, Iшiлмеген ас умен тең.
- Тоқпағы күштi болса киiз қазық жерге кiрер.
- Қайтып кiрер есiктi қатты жаппа.
- Қонақ ырзығымен.
- Көрпеңе қарай көсiл.
- Есiктен орын тапсаң, төрге озба.
- Өз үйiнде ою оймаған, Кiсi үйiнде сызу сызады.
- Жаман өз үйiне өзi қонақ.
- Көрмегенге көсеу таң.
- Баласы атқа шапса, Анасы үйiнде отырып тақымын қысады.
Сайын Назарбекұлының «Қазақтың киіз үйі» (2005 жылы Елорда) атты кітабынан алынған киіз үйге байланысты ұғымдар кітабынан