Шортанбай (Әли Мұхаммед) Қанайұлы

Кәрілік туралы

Шортанбай Қанайұлы

Жайнап тұрған көзді алдың,

Сайрап тұрған сөзді алдың!

Алып атандай күшті алдың,

Ақ меруерттей тісті алдың!

 

Үлбіреген бетті алдың,

Уылжыған етті алдың,

Ай, кәрілік неңді алдым?!

 

Теспей, пішпей ат қылдың,

Алғанымнан жат қылдың,

Ай, кәрілік неңді алдым?!

Бұл өлең осыған дейінгі қолжазбаларда кездескен жоқ. Мәшһүр Жүсіптің Қазақ ауыз әдебиеті үлгілері деген Шығармаларының 7 томдығының 120 бетінде жарияланған екен. Кітапта «Бұл туынды Мәшһүр-Жүсіптің өз жазбасы (ІІ–папка, 80 б.) бойынша берілді. Мәтін маңдайшасында «Шортекең сөзі» – деп жазылғанын түсіндіріпті.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button