Білген Шайыр айтады

Мұхаммад Мустафа (с.ә.у.)

Икрам ишан Қасымұлы (1860-1923ж.ж.)

Хамду би хад,би хадад,
Жаратқан жоққа ла мәкән.
Ортағы жоқ дүр серіксіз,
Өз мүлкі еді жер жаһан.
Мақлуқ еді аспан жер,
Хуш диуа инсан,
Күллі нафсы жандының
Ол берер рызқын бей мекен
Аһад дүр, самад бей макан
Тарапсыз ерур,бей нышан
Лакм уа азал дүр
Бей жакуна, бей жанан,
Заты мен қайм тұрушы,
Өтпейді оған еш заман.
Құдреті менен мағлум дүр,
Ашкара бірлан, Әр наһан
Баршаға болған ол ғалыб,
Жетпейді оған бір зиян.
Көретін көзсіз,шырақсыз,
Есітер,сөйлер бей зиян,
Оннан дүр өлмек, тірілмек
Бұл сөзге сенбес раян
Себебсіз жаны шығады,
Тудырып жансыз, жандыдан
Ата-ана заң парызында
Онда жоқ,қылма бәнда заң
Ықлас деп айтқан сүреде,
Дәлелі мұның шынға жан,
Ықтияр әзел ол берді,
Қылмаққа қанын емтихан.
Жаннатқа таңдап кіргізер,
Момынға болып мейірбан.
Ол жайдан орын алмаған
Болғаны мүшрік ертеден.
Нашірлерде,Құранда

Аяттан дәлел бар бұған.
Пайғамбары Құданың,
Рухына болсын салауат.
Жад етілген құранда,
Мубарак аты Мұхаммад.
Қырқыншы бес сүренің,
Топырақ пен құмды дүр хадад,
Дию, бірге хош тапрақпен,
Нәпсілі әр бір мақлуқат,
Олардың барлық бойларын
Айтымым аз дүр қабыл ет.
Абзалы одан кейін дүр,
Жаратқан барлық маужудад.
Жаратылмағы ғаламның,
Әуелінде еді бұл мұрат.
Мұхаммад үшін бұл ғаламды,
Білмекке қылғын іштаһад,
Әуелінде халықты,
Аһлақ деп дәлел қылды жад.
Аршы ғаламның сахына,
Хабибім деп жазды хат.
Қабақда намаз оқыды,
Орындап таза таһарат.
Маһражға Расул барарда,
Жаннаттан пырақ келтірді ат.
Ауадай бейім жүздері,
Екі жағында бар қанат.
Бехста сайыр пурсатта
Бағыдер тауыс бұл сары ат.
Жүргенде оның тездігі,
Пырақ мысал еді жад.
Ілгергі мурсал бенделер,
Болмаған әр кез бұл сыпат.
Харамнан Ақса барғанына,
Құранда дәлел бардүр аят.
Ақсадан әрі аспан барғанында,
Хариш бин қылды нақлият.
Асырсам деп Расулдан,

Қырық асхаб қылды рауаят.
Пайғамбарлардың рухына,
Ақсада қылды муллақат.
Расулды көріп барлығы,
Айлады келіп зиярат.
Мешітте намаз оқыды ,
Имам болып екі ракат.
Нышаны бары осы дүр,
Бұл түрлі көріп шарапат.
Сол жерде шықты Миғражға,
Бармаққа суы самауат.
Жәбрейілмен бірге өтті,
Аспаннан жеті табақат.
Намаз қып Бәйтул – Махфузда,
Мәләкке болды Имамат.
Сол жерде қалды Жәбрейіл,
Мінбектен пырақ болды азат.
Афраққа мінді онан соң,
Артықша тауып дәрәжат.
Қаб қауырсыны ауады,
Мехман етіп карамат.
Ағзы мен шығып Хамд айтып,
Тахият пен ашир салауат.
Шаһ сәлем берді Расулға,
Рахмет пен айтып берекет.
Пайғамбар енді мені мен,
Талқы қылар арасат.
Намазды болдыр Қағбада,
Айтпаққа уажып аттахият.
Сәлемді алмақ парыз боп,
Жол ақысын бермек дүр санат.
Бу асад Аллаға,
Разылық тәспі камалат.
Алла айтты достың тілегін,
Көңіліңде болса бір қажет.
Пайғамбар айтты муддағам,
Күнәһар асы,жапы үммат.
Мархамадніда есітті,

Дауысы болып ажабат.
Шапағат қылып ал деді,
Болғанда ұлық арасат.
Жаннат пен нарды сиратты,
Алладан болып изажат.
Келгелі ашық тұрарды,
Қылатын барлық фарағат.
Есіктің шыққан занжірі,
Тұрарды қылып әрәкәт.
Бағзы дер өтті арада,
Яки үш, яки төрт сағат.
Тоқталмай Садық рас деді,
Қылғанда келіп хикаят.
Айтпадың жалған дер еді,
Басқанда көңілін жапағат.
Меккеде керуен бар еді,
Айлаған сауын тижарат.
Расулдың сөзін растады,
Артынан келген жамағат.
Оннан соң тілі қиылды,
Қылғандардың шикаят.
Расулдан бұрын жоқ еді,
Дүниеде діннен ғаламат.
От пенен пұтқа табынып,
Тұрарды діні халапат.
Пайғамбар құшуақ болды енді ,
Алладан болып ғаламат.
Әмірін халыққа білдіран,
Қырық жаста берді рисалат.
Бендені дінге дауат қып,
Хақ жолға қылды далалат.
Әр күні жүріп көшеде,
Қыларды Құран тілауат.
Ақылға тура келмейтін,
Көрсетер қанша мужизат.
Көгерер еді отырса,
Атрапындағы бейтарап.
Шақырса келіп сөйлеген,

Шақырса қылып тыжарат.
Сая қып келіп тұрарды,
Тигізбей ашық харарат.
Толған ай екі бөлінген,
Бір қылғанында ишарат.
Дұғасы менен тірілген,
Екі мың жылдық мазарат.
Күймейтін еді түндерде,
Еткенмен отыр шарапат.
Тахарат суын бергенде,
Көгерді сусыз зарағат.
Абу Жаһил ат қойған,
Бір кәпірлігін көріп ап.
Осынша көрген мужиза,
Қылмады оған сіратат.
Жәдігөй деп Расулды,
Әр қанша қылды маламат.
Ренжітер еді әр заман,
На саз тілмен қабаһат.
Бір дұға әр кез қылмасты,
Қылсада қанша жат ибрат.
Мақлу құран әр кез табылмас,
Бұл түрлі фасыл диарат.
Жоқ жолға дауат етерді,
Көліне алмас маламат.
Расулдай ешкім жоқ еді,
Арабта тілге пазилат.
Есіткен таслим етерді ,
Қылғанда Құран тілабат.
Оқымай білді ғаламды,
Хақ беріп білім парағат.
Көңіліне Алла нұр беріп,
Дінге енді қанша жамағат.
Құда бір, Расул бархақ деп,
Калима айтты шаһадат.
Асматлиқ тапты Раббысын,
Ол ерге қылған инабат.
Әр бірі болды хақ жолда,

Жоқ болды әсіл самадат.
Қағбада намаз оқыды,
Азан мен айтып һәм қамат.
Дініміз біздің кетер деп,
Кәпірлер қылды надамат.
Өлтірмек болды Расулды,
Артықша қылып қарауат.
Бір түні бар еді Меккеде,
Жиналып аһли шахауат.
Шығарып үйден жіберді,
Жәбрейіл ойлап ағанат.
Аяғы қатты қабарды,
Жүруге қылмай кипаят.
Бір ғарда үш күн отырды ,
Аштықтан тартып ғижалат.
Су ұсынып әр күн бір мекер,
Біреуін алды ажарап.
Кептер менен ол макар,
Бір дауғат тұтты саламат.
Отанын тастап ақыры,
Мәдинаға қылды хижарат.
Айт сопы айтты Алладан,
Қылғанда бір жыл аламат.
Атрапын қанша жұрт ашты,
Артықша қылып шапағат.
Пұдханаларды бұздырып,
Олардан мешіт ғимарат.
Пайғамбарлығын есітер,
Бір жүз қанша уәлиат.
Патшасы болды ақырында,
Қаумына болып ғаралат.
Дүниенің алтын-күмісіне,
Қылмады бір кез илтипат.
Қайыр етер еді ғарыпке,
Болсада асыл кісі зат.
Патшалық тонын кимеді,
Пақылық болып қып әдет.
Қанша көп дүние болсада,

Қылмасты ысырап қаражат.
Пақыр мен сұбхат қыларды,
Байларға қылмай рахат.
Тойғанша тағам жеместі,
Аштыққа қылып қанағат.
Аштығы емес жоқтықтан,
Қылғандар еді сахауат.
Тұрғызбас еді қолында,
Келсе егер дүние бей ғалат.
Өмірінде еш бір бендеге,
Қылмаған еді қиянат.
Намазды тынбай оқырды,
Аллаға қылып ғибадат.
Ұйықтамас еді түндерде,
Отырушы еді шегіп риазат.
Арттағы асы үммәтты,
Тілеуші еді хақтан дауамат.
Үммәтым деді,үммәтым,
Шыққанша жаннан аманат.
Әлемге дінді жасады ,
Болғанша Руза қиямет.
Хақ жолын одан үйреніп,
Мұсылман тапты берекет.
Пәзлі мен Алла қорған ғып,
Үммәт деп бізге қояр ат.
Хақ азаны мен үммәтке,
Алла десең Хақ үшін,
Мән халда Одан қыл нажат.

Расулдың әулеті
Әулетіне Расулдың,
Рахметі болсын Алланың.
Үш ұл,төрт қыз деп айтар,
Кітапта оның сандарын.
Қасым мен Тайыр, Ибрахим,
Деп айтар оның сандарын.
Некелеп берген күйеуге,
Қыздарының барларын.
Рухия, Зейнеп, Фатима,
Кашум деп және аңлағын.
Екеуін берді Оспанға,
Әмірғазы алды Зейнебін.
Абзалы еді Фатима,
Ажары бар дүр Самманың,
Мұхбурда қылып оқытты,
Расулы Аршы Ағланың.
Жабрайлдан білдірді,
Неке қып Али алмағын.
Перзенті Хасан, Хусайн дүр,
Балбалы жаннат мауланың.
Нұрғайын болып шад еткен,

Күшпенен ашып жан жағын.
Атраптың жиды балуанын.
Сардар айтып жіберді,
Шаһардың насыр сырларын.
Жолдарын қойып бірдей қыпты,
Дағулы деген хабарын.
Мысыр һәм лашкер жіберіп,
Ұрыстың қылды қамдарын.
Үргеніш, Бұхар тараптан,
Жинады барша намларын.
Палуан Ахмед Замшы да,
Мүлкіне қосты жәрдемін.
Қанша ел тынбай ұрысты,
Көңіліне қоймай арманын.
Насрды қолға түсірді ,
Қашқанға қоймай жолдарын.
Лафти Шымыр ұғлы деп,
Бауыздады гарданан.
Дауғаны ұстап өлтірді,
Имамның қылып айтқанын.
Өзіне тамам қаратты,
Қорасан, араб жандарын.
Шамдыда алды ақыры,
Ойран қып бұзып хан-манын.
Тақсым қып берді лашкерге,
Қазынаның таза зарларын.
Хасанды қысас қылған деп,
Өлтірді патша Маруанын.
Осыдан кейін өшірді,
Үммәттың шахтық жарларын.
Алға салып өткізді,
Халықтықтың сандарын.
Мүсілім Жағпар қолынан,
Ажалдың ішті жамдарын.
Рахметке Алла жеткізсін.
Шаһзадалардың әулетін.

Әзіреті Мұса әлейхи уәссәламның Алла Тағаламен
раз айтқаны
Кәмалы Құдіретімен Қадыр Құда,
Әзіреті Мұсаға қылған нида.
Мағлум қыл менің үшін қылдың нені,
Болсын деп раз бір ай Тәңірім риза.
Және дер Құдіретімен Хаий бехун,
Жараттым сегіз бейіш мүмин үшін.
Баян қыл махфи қылмай ешбіреуін,
Айладың қандай тағат менің үшін.
Деп айтқан жауабында Мұса калим,
Мехнатпен сенің үшін қажыға бардым.
Хүкімімен шариғаттың хисап қылып,
Һәм және зекеттерін бердім малдың.
Жан ділмен ораза тұтып, оқып намаз,
Тағатқа бел байладым қыс ила жаз.
Манфъат жетімдердің басын силап,
Садақа пақырларға айладым баз.
Қызметім құзыретіңе бұл дүр менің,
Айладым сенің үшін ораза, намаз.
Деп айтқан жауабында Паруардигар,
Хаж, зекет, ораза, намаз парыз ерурлар.
Тәрк етсе кім мойнында парыздарын,
Бейкүмән даргаһыма асы болар.
Бұларды қылмайынша жоқ имканың,
Парыз етіп бұйырғанмен мұның бәрін.
Басыңа қияметте сая болар,
Пақырға міскінменен берген малың.
Я Мұса, өз пайдаң дүр мұның бәрі,

Бар болса наумид қылмай еш біреуін,
Дұғасын алып әдет қылса егер.
Сөзіне ғалымдардың құлақ салып,
Қасында отыруға болса толиб.
Хәлінің келгенінше амал қылып,
Айтқанын ұмытпаса көңіліне алып.
Шариғат қай жұмысты десе харам,
Жан ділмен ол жұмыстан қашқан адам.
Айтып дүр Пәруардігәр достарым деп,
Адамның бұл айтқан баршасы һәм.
Кімде кім бұл айтқан адамдарды,
Хамиша жақсы көріп жүрсе аны.
Мен үшін болса керек қылған тағат,
Һәм және дос тұтқаны бұлар мені.
Я, Муса дұшпанымның нышандарын,
Білерсін мағлұм етіп айтсам бәрін.
Тәкәппар қайсы бенде бақыл болса,
Ұлығы дұшпанымның болар менің.
Я, Мұса жақсы – жаман мақұлығымнан,
Сұрасаң қайсы дүр деп ұлық дұшпан.
Әр қандай дұшпандарым болсадағы,
Болмағай еш жаманы бейнамаздан.
Егерде сауал қылсаң себебінен,
Тыңдасаң мағлұм қылып айтайын мен.
Намлары Әзәзілдің Харс еді,
Әуелде бина болып жаралғаннан.
Ол Харс ғалым болды ілім оқып,
Айлады қанша тағат менде қорқып.
Жамиғ періштенің баршалары,
Ілім үшін шәкірт болды ұстаз етіп.

Көптігі періштенің әлден асып,
Тұрдылар дәріс уақытында көп таласып.
Әр қайсы сабақ алып кетемін деп,
Баршасы таласар еді асып-сасып.
Деп айтты: «Харс жинап шәкірттерін,
Келеме деп сабақ үшін бірден бәрің».
Тұрыңдар көше қылып жер айнала,
Ауазым жеткендей боп сізге менің.
Жүремін ортасында беріп сабақ,
Тұрыңдар бірдей тыңдап салып құлақ.
Асанырақ баршамызға болар еді,
Құданың ізіменен сондай қылсақ.
Айтқанын періштелер қабыл көріп,
Ортасын ұзын көше қылды тұрып.
Әдебімен періштелер тыңдап тұрды,
Дәріс айтты ортасында Харс жүріп.
Артық боп Хақ әмірімен дәрежесі,
Шәкірт боп періштенің һәм баршасы.
Харстың күннен күнге аса берді,
Құданың Құдіретімен мәртебесі.
Құдайым бір шымалға әмір етіп,
Харс құзырына барды жетіп.
Шымалдың себебімен Харс қалды,
Орамал қолындағы түсіп кетіп.
Алмаққа орамалды қылып талап,
Еңкейіп тұрған уақытта төмен қарап.
Ұмтылып періштенің бәрі бірден,
Қалыпты қаншалары жерді қармап.
Баршасы періштенің бірден барып,
Харсқа орамалды берді алып.

Тұрды деп мұның бәрі қызметіме,
Көңіліне тәкапарлық келді қалып.
Құдайым сол уақытта әмірімен,
Көңіліне кибірліктен әрне келген.
Мысалы түкіріктің мазмұнында,
Шығарып тысқарыға таста деген.
Тастаған кибірлігін сол жайда,
Түскенін Алла білер қандай жайға.
Есіттім ғалымдардың әр қайсысынан,
Болды деп «туһ лағнет» сонан пайда.
Әмір етіп Құдіретімен Қадір Құда,
Адамға сәжде қыл деп қылған нида.
Жамиғ періштелер Хақ әмірімен,
Жан ділмен сәжде қылды қылып пида.
Көңіліне кибірлікпен қылып намыс,
Бір өзі сәжде қылмай қалды Харс.
Әміріме нафарманлық айладың деп,
Құдайым рахметінен қылды алыс.
Тоқталып сәжде қылмай қалған холат,
Ат қойған Әзәзіл деп сол сағат.
Мойнына сол себептен Әзәзілдің,
Құдайым лайық етті туһ лағнет.
Әзәзіл бұл тариқа ілімімен,
Құданың артық қылған біліміменен.
Бір мәрте тәрк қылып бұйырғанын,
Дариядай наумид болды рақметінен.
Әр күнде бес мәртебе бейнамаздар,
Фарманын жаратқанның тәрк айтарлар.
Құдайым еш бендені Карамымен,
Бейнамаз жұмасынан қылмағайлар.

Бұл сөздің тымсалына қарағанда,
Жаман жоқ бейнамаздан бұл ғаламда.
Рахметтен Әзәзілді наумид қылды,
Әмірін бір мәртебе қылмағанға.
Бұл сөздер басқа емес кітап сөзі,
Кітаптан айтып болмас көрмей көзі.
Әр күнде бес парызын қылмағанға,
Алланың не қыларын білер өзі.
Бұл хақында жұмыстың халық бәрі,
Жалынса дұға қылып қылып зары.
Бар болса ортасында бейнамаздан,
Қылғанмен қыбыл болмас дұғалары.
Бір күні Әзірет Иса келе жатса,
Келіпті бір құс ұшып қарап тұрса.
Кетіпті қонған жерден және ұшып,
Қасына Әзірет Иса жүріп барса.
Ол құсқа қарап тұрса назар салып,
Қоныпты бір ағашқа және барып,
Ол қонған ағаштарын қарап көрсе,
Тұрыпты баршалары құрап қалып.
Сол уақытта Әзірет Иса қылды дұға,
Тіл бер депті сол құсқа Қадір Құда.
Құраған қонған жері себебінен,
Сұрасам көңіліндегі бар мүддәға.
Дұғасын Әзірет Иса қылған заман,
Тіл берген сол құсқа Қадір субхан.
Деп айтты: «Себеп не дүр ай, жануар,
Құрапты ағаштарың бір-бір қонған?»
Құс айтты: «алыс жерге келдім барып,
Қанатым шаршаған соң тұрдым талып.
Жолықтым үш күн болды бұл бәлеге,
Көріне бейнамаздың қонып қалып.

Айтайын әдисаның болған жерін,
Құрапты сонан бері қонған жерім.
Я Иса, бұл бәледен құтылуға,
Қай түрлі себеп болар қылған емім?»
Ләбізімен Әзірет Иса ашып забан,
Ол құсқа жауап айтты сол заман.
«Дүниеде ешбір нәрсе ауыр емес,
Мәселен бейнамаздың шумлығынан.
Ғалым боп дүниедегі барша адам,
Дариялар сия болса бәрі тамам.
Шумлығы бейнамаздың ада болмас,
Дарақтар жазғанменен болып қалам».
Бір күні Мұса калим Нілге барып,
Отырса жағасында таһарат алып.
Болып дүр балықтарға қаһытшылыт,
Қараса ақуалына назар салып.
Деп айтқан: «Я Қадир, бұл қандай гап,
Балықтар жүр біреуін біреуі жеп».
Қарады бір балыққа сол заман,
Себебін әдисаның сұрайын деп.
Деп айтқан: «Әй жануар! Бұл қалай хал,
Аштықтан болыпсыздар баршаңыз лал?»
Болды деп не себептен айтқан уақытта,
Я Мұса, балық айтқан құлағың сал.
«Бұл жерге бір бейнамаз келіп қалып,
Суменен аузын шайды қолын салып.
Алдына шайған суын тастап еді,
Дарияға түсті және қайта барып.
Я Тақсыр, осы сөздің болған жері,
Жолықтық сонан бері бұл бәлеге.
Құдайым егер ғапу айламаса,
Балықтар қалмас дейді ешбір тірі».

Айтуға лайық болды және бір сөз,
Жақсылар құлақ қойып тыңдасаңыз.
Әзәзіл бір күн жолда келе жатса,
Болыпты жол үстінде бір адам кез.
Екеуі бір-біріне қылып калам,
Жүріпті жолдас болып бір күн тамам.
Әзәзіл байқап жүрсе оқымапты,
Намаздың бірде-бірін сол адам.
Деп айтқан бұл адамға кеткін менен,
Сияғың жаман екен қорықтым сенен.
Құдайым рақметінен алыс етті,
Әмірін бір тәрк қылған себебімнен.
Мәселен әрбір күні бес мәртебе,
Тәрк қылсаң намаз қойып әмірін және.
Адамдар бар періште, жын мен шайтан,
Хәліңнен қашса керек бәрі әмме.
Бұл күнде сенен қашар жанның бәрі,
Қасыңа жоламайды келсе хәлі.
Хақында бейнамаздық хақың сенің,
Шумлығың болса керек жүз мың ары.
Әзәзіл ол адамды жаман сөкті,
Ақыры болмаған соң қашып кетті.
Жақсылар бейнамаздық қиын екен,
Көрдіңіз Әзәзіл де хазар айтты.
Бәлеге жолықтым деп мен бір қайдан,
Жеркеніп бейнамаздан қашса шайтан.
Жүздерін бейнамаздың көрсетпе деп,
Тұрыңдар пана тілеп бір Құдайдан.
Қайсы бір бейнамаздан болғандарың,
Бұл сөзге болса егер күмәндарың.
Байқарсыз жалған шынын ғалымдарға,
Көрсетіп қарасаңдар мұның бәрін.

Мәнісін бейнамаздың бір азырақ,
Әр бенде баян еттім салса құлақ.
Кірмейді айтқанменен құлағыңа,
Құдайым қай бендені қылса ақымақ.
Дүниеде бірдей емес жанның бәрі,
Бағзысы есіткенмен кетер ары.
Көңілінде тауфиғы бар адамдарға,
Дәрдіне ғажап емес болса дәрі.
Бұл сөзді мехнат қылып салып хатқа,
Қаламын бағзы уақыт машақатқа.
Есітсе иншалла майдай жағар,
Көңілінде тауфиғы бар азаматқа.
Біз ғаріп бұл сөздерге мехнат қылған,
Оқыған сауап табар һәм тыңдаған.
Жақпайтын құлағыңа надандардың,
Сонаның аузындай дыңылдаған.
Жақсылар пана тіле бір Құдайдан,
Ойланып қорқыңыздар ана жайдан.
Бәріде иншалла кітап сөзі,
Демеңдер жаман сөзді тапты қайдан.

Икрам ишан назымдары. Құрастырып аударған: С.Саттаров, Қ.Абытов, Шымкент 2023. 304 б. алынды

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button