Білген Шайыр айтады

Тозақтың сипатының баяны

ЕЛУ ҮШІНШІ ФАСЫЛ

Сираттан өткендердің айттым бәрін,

Өткен соң жәннат болғай орны әнің.

Ол күні тозақ ішіне түсіргейлер,

Базы бір асы жаны пенделерін.

 

Тозақтың неше түрлі тәусипі бар,

Айбаты хәдтен артық әнша бесияр.

Дақайық кітабында бұл айтылған,

Расулдың хадисінен әйлай ызһар.

 

Сұрады Жәбірейілден шахы расул,

Тозақтың сипатынан хабардар қыл.

Жәбірейіл Расулға айтты жаралғанда,

Тозақты қыздырады әуел мың жыл.

 

Сол заман қызыл болды оның бәрі,

Онан соң және мың жыл қыздырды оны.

Ілгергі қызылдықтың бәрі кетіп,

Ақ болды сол мезгілде баршалары.

 

Қыздырды онан кейін мың жыл және,

Түннен һәм қаралықты берді әңә.

Ішінде жыландармен шаяндар бар,

Түйе мен қашар мысал бәрі һәмма.

 

Тозаққа түскендерге бұлар барып,

Денесін шағадылар зәрін салып.

Етінен сүйектерін ажыратады,

Құтылмас қашқанменен азарланып.

 

Пендеге бір мәртебе зәрін ұрар,

Қырық жылға ащылығы бағып тұрар.

Дүниенің жанған отын жинағанда,

Тозаққа жетпістен бір есеп қылар.

 

Бұл жерде бір хикая айтай енді,

Дүниеге асы болып адам келді.

Тозақтан нағ қылмаққа от келтір деп,

Бір Құда Жәбірейілге хабар берді.

 

Жәбірейіл бір Алладан мұны естіп,

Тозаққа Хақ әмірімен барды жетіп.

Тозақтың оттарынан бергін деді,

Мәләкқа пәйкін әстін ызһар етіп.

 

Ауаз қып мәләк айтты ия, Жәбірейіл,

Оларсыз қанша жерден сіз отты бұл.

Жәбірейіл мәләкқа айтты бір саусақтың,

Мықдары тесік жерден от шығарған.

 

Айттылар Жәбірейілге мәләк және,

Бір саусақ мықдарынша берсем сәңә.

Жеті аспан, жеті қат жер күллісінің,

Күйдірер бір ләһзада бәрін һәмма.

 

Жәбірейіл мәләкқа айтты осы күні,

Жарты жыл мықдарында бергін мұны.

Ол айтты бұл айтқаныңдай шыққанында,

Аспанның жауатұғын қар, жаңбыры.

 

Бір қатра жер жүзіне түспегей ниіз,

Өнбегей гүйә[1] шөптер жерден әркез.

Тозақтан қандай отты аламын деп,

Жәбірейіл бір Аллаға айттылар сөз.

 

Алла айтты бір зәррәні оттан алып,

Тоқтатқын таулардағы тасқа салып.

Адамның әуладтары пайдалансын,

Шұғыласы от ішінде бақи қалып.

 

Жәбірейіл оттан алып бір зәррені,

Дарияға жетпіс мәрте жуды әні.

Онан соң таулардағы тасқа салды,

Болмады тоқтатпаққа еш імкәні.

 

Тозаққа және қайтып ол от барды,

Шұғыласы тас ішінде бақи қалды.

Адамнан ақырғаша әулеттері,

От алып тас ішінен пайдаланды.

 

Ол оттың осынша дүр қызулығы,

Бір адам сауал етіп сұраса мұны.

Жәһаннам бұл айтылған ыстығымен,

Қай жерде тұрады деп осы күні.

 

«Мүзәккір нәуиіс» атты бір кітап бар,

Жауабын осылайша деп қылған ызһар.

Осы жер жеті қабат жаратылған,

Әр түрлі әрбірінде мақұлық тұрар.

 

Баршасы бір өгіздің үстінде тұр,

Қырық мың бас ол айтылған өгізде дүр.

Арасы әр басының бес жүз жылдық,

Күн батыс тарапында басы тұрар.

 

Күншығыс тарапында құйрықтары,

Піркән деп лақап беріп айтар оны.

Бір баста қырық мың мүйіз қызыл жақұт,

Дүниенің кенерінән шыққан бәрі.

 

Көзінің кенерінде он мың теңіз,

Қарар ғып тұрадүрден айттылар сөз.

Ішінде ғажайыптар хәдтен артық,

Еш адам жеткізе алмас оны әркез.

 

Бір мұрын есігінде бір теңіз бар,

Әр күні бір мәртебе нәпәс қылар.

Күніне жүз мың балық тағам жейді,

Балықтың үлкендігін Алла білер.

 

Астында ол өгіздің бір жақұт тас,

Ол тасты көтереді бір балық бәс.

Аттарын ол балықтың нун деп қойған,

Балық һәм тұрар суда теңізге ұқсас.

 

Қамқам деп ол теңіздің айтты намын,

Көтерген бір жел бар дүр астында оның.

Астында осы желдің бір тақ тұрар,

Рәәд дер осы тақтың көтергенін.

 

Астында ол рәәдтің жазыл ұрам,

Қан теңіз онан төмен тұрады һәм.

Және де қан астында темір теңіз,

Темірдің төменінде дүр жәһаннам.

 

Жәһаннам ыстығымен темір теңіз,

Су мысал ерігендей айтылды сөз.

Айтылған ол теңіздің тереңдігін,

Білмейді бір Алладан басқа әркез.

 

Шар атты онан төмен барды бір тас,

Жәһаннам үстінде оның тұрады бәс.

Ол жайдан төменгіні Алла білер,

Еш адам мәлім қылып сыпат қылмас.

 

Бұл сөзді естігендер ойлап қара,

Жәһаннам жайда тұрар осы шама.

Егер де мұнан жақын болғанында,

Дүниенің күйдіреді бәрін һәмма.

 

Сол үшін алыс жайға қойды мұны,

Бұл халыққа жетпесін деп ыстықтығы.

Базы бір аз күнәлі пенделердің

Азабын жеңіл әйлар осы күні.

 

Кимекке екі кебіс оттан берер,

Ыстығы басындағы миға енер.

Пенденің сырты іші отқа күйіп,

Тозақта хәдтен артық азап көрер.

 

Ол пенде осы түрлі ғамда тұрып,

Өзгеден көргендерін жеңіл біліп,

Басқаның азабынан сақтағын деп,

Алладан пенде тілер арыз қылып.

 

Шары атты исламда бар осы кәләм,

Ол күнгі тозақтағы ибні адам.

Жолығып бір бірімен сөйлегенде,

Парсымен сөйлеседі бәрі тамам.

 

Арыз етіп тозақ әһлі бір Аллаға,

Тозақтан құтқарғын деп қылар нала.

Оларда адам мысал ауаз болмас,

Ақырғай ешек сыпат бәрі һәмма.

 

Алладан мархаматтық нида келмес,

Арызына ілтипат қып жауап бермес.

Ол уақта қайғы уайым қылғанымен,

Тәубесін дәргәһына қабыл көрмес.

 

Тозақтың атрабында жеті есік бар,

Әр түрлі бір біріне пенде кірер.

Арасы екі есіктің жетпіс жылдық,

Жолдүр деп кітаптарда нақыл қылар.

 

Бір күні Жәбірейілге айтты расул,

Тозақтың азабынан хабардар қыл.

Жәбірейіл Расулға айтты ия, Пайғамбар,

Аттары бір есіктің хауыя біл.

 

Кіргендер хауыяға мұнафықтар,

Һәм және қауымы менен перғауын кірер.

Исаның мағзасын тәкзін еткен,

Кәпірлер ақыр уақта анда тұрар.

 

Лаза дер екіншінің исмі намын,

Қауымымен онда жатқай ібіліс лағин.

Дүниеде тілін алған пенделермен,

Кәпірдің атәш пұраст солғай бәрін.

 

Айтады ұтама деп  үшіншіні,

Жүһүдтер мекен етіп тұрғай мұны.

Сәір деп төртіншіге лақап болған,

Насраны түседілер осы күні.

 

Сахар деп бесіншіні хабар берер,

Жұлдызға табынғандар онда енер.

Алтыншы жәһима атты тозақпенен

Мүшріктер неше түрлі азап көрер.

 

Жетінші жаһаннам деп жауап қылды,

Ішіне түсушіні айтпай тұрды.

Бұл жайға қай тайпалар кіреді деп,

Пайғамбар Жәбірейілден және сұрады.

 

Жәбірейіл расулға айтты ия, Пайғамбар,

Күнәһар асы жаны үмбетің бар.

Дүниеден тәубе етіп өтіп кетсе,

Баршасы ақыр уақта онда тұрар.

 

Пайғамбар мұны естіп қайғыланып,

Жығылды беһүш болып есін танып.

Мүбәрак пайғамбардың басын сүйеп,

Жәбірейіл кенеріне тұрды алып.

 

Есіне бір заманда расул келді,

Жәбірейіл кенерінде басын көрді.

Тозақтың қорқынышынан қайғыланып,

Сол уақта Жәбірейіл һәм жылар еді.

 

Пайғамбар Жәбірейілге айтты және,

Үмбеттің қайғы ғамы түсті маған.

Не үшін ей, бірадар жылайдүрсіз,

Амандық уәде қылды Алла саған.

 

Жәбірейіл расулға айтты ия, Мұхаммед,

Жылаған себебімді әлағын жад.

Ілгергі асы болған харум марум,

Оларда періште еді менің сипат.

 

Екеуі бұл сөзді айтып жылады зар,

Оларға нида қылды Хақ бұйрығы бар.

Тозақтан екеуіңді аман еттім,

Сөйтсе һәм жыламақты қойма зинһар.

 

Білсеңіз бір ишарат бар ды мұнда,

Олардың теңдесі жоқ дүниесінде.

Оларды жыламақтан еш тыймады,

Не сөз бар біз сипатты асы құлға.

 

[1] Гүйә /п/ – сияқты

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button