
Ия Алла, Құдіретіңнің жоқ дүр саны,
Болмайды тілмен айтып ешкім оны.
Ғаламды он сегіз мың ақтарғанмен,
Таппайды ешкім сендей патшаны.
Һәм және неше түрлі сипатың бар,
Әр қанша ада болмас қылсам изһар.
Ешкімнің ақыл-күші жете алмайды,
Ғажайып Құдіретіңе Пәруардігәр.
Жаһанда жұмласулар болса сия,
Жапырағы қағаз болса күллі қия.
Ғалым боп күллі жандар жазғанменен,
Тарифінің ада болмас Қадір Алла.
Көп дүр Құдіретіңде ғажайыптар,
Ақылы кем ойланса қайран болар.
Жеткізіп таусифыңды айта алмаған,
Бұрынғы пайғамбар мен әулиелер.
Аспан, жер, барша мақұлық, күн менен ай,
Үкімінде баршасының Жаппар Құдай.
Қыласың әрбір істі ирадаңмен,
Демекке құлда хад жоқ мұның қалай.
Ия Алла, әрбір істің турасынан,
Шикаят қайсы бенде қылса сенен.
Ол істі неге мұндай қылдың десе,
Муртад боп «наъузу билла» шығар діннен.
Болмайды Құдіретіңмен ешкім ойнап,
Түбіне жете алмайды пікір ойлап.
Алладан қайсы түрлі әмір болса,
Мекем қып шүкір қылмақ белді байлап.
Әзірет Хасан, Хусейн шаһзадалар,
Расулдың нұры айны азадалар.
Қатыны дұшпанының тілін алып,
Хасанға Әзіреті берген заһар.
Байқамай ол заһарды ішкен заман,
Мүбәрәк жігерлері болған дурқан.
Санаулы өмірі, өлшеулі демі біткен соң,
Алла деп калима айтып берділар жан.
Солардай екі дүние падишасын,
Ағызып көздерінен қанды жасын.
Бейрахым Хауариждер Кербалада,
Әзіреті Хусейннің кескен басын.
Құрмет қылмай атасы бабаларын,
Әзіреті Фатимадай аналарын.
Құданың Құдіретіне лаж бар ма?
Жетім қып Шамға апарған балаларын.
Бейопа бұл дүниеде Халиқ атақ,
Оларға бұл тариқа көрсеткен дағ.
Бұрыннан Халиққа мағлұм болса-дағы,
Айтайын фазилетін бір азырақ.
Бесікте шаһзадалар жатқанында,
Ұйқыға аналары барғанында.
Алладан Жәбірейілге фарман болған,
Бесігін тербеткіл деп жылағанда.
Әзіреті Жәбірейіл келіп сонда,
Тербеткен бесіктерін алып қолға.
Жәннәттан моншақ әкеп бесігіне,
Байлаған ойнасын деп оянғанда.
Әзіреті сұлтанның жалғыз ұлын,
Наинсап Суыр халқы кеткен буғызып.
Тоқтамай сұлтаныма айтып келген,
Баласы бұл тариқа болғандығын.
Өзінің Құдіретімен Хақ Жаратқан,
Осындай достарына жүктер артқан.
Есітіп баласының өлгендігін,
Сұлтаным, я Алла деп нағра тартқан.
Әзіреті Жүсіпке неше жылдай,
Зынданды мекен етті патша Құдай.
Алланың тағдырында болған істі,
Еш пенде дей алмайды олай-бұлай.
Құдайым Құдіретімен бұл тариқа,
Осындай жүктер салған достарына.
Еш пенде тағдырына өкпелемей,
Әмір еткен шүкір етсін деп бенделерге.
Ғайри дін бұрын өткен Намрудшыдай,
Мүлкім деп жаһан менің қылған абад.
Ішінде бір өмірінің қайғы бермей,
Дұшпанын бұл тариқа айлаған шад.
Бұл уақытта һәм қарасаң адамдарға,
Еш жерде бәрі бірдей адам бар ма?
Бірнеше ғаріптерді тарықтырып,
Неше бір дәулет берген надандарға.
Неше бір бейнамаздар мас болып жүр,
Әр жерде адыраңдап мас болып жүр.
Неше бір жақсылардың бұл дүниеде,
Көңілінде ғам, көзінде жас толып жүр.
Құдая мынау ісің бұл қалай деп,
Өзіңе айта алмайды ешкім себеп.
Мүлік егесі патшаның жалғыз өзі,
Сұрасын ажыздықпен пенде не деп.
Қылды деп дұшпанына мұнша кеңдік,
Айтпаңдар болмайды деп бізге теңдік.
Құлшылық мұсылман боп қылған пенде,
Маһшарда инша Алла көрмес кемдік.
Өзінің Пәруардігар дұшпандарын,
Имансыз бұл дүниеде шыққандарын.
Айтыпты «ләм якунның» тәпсірінде,
Шығармай жаһаннамнан қояр бәрін.
Һәм және дұшпанының жолдастарын,
Жан ділімен жақсы көрген сырластарын.
Баршасын жаһаннамда бірге қояр,
Адасқан тура жолдан камраларын.
Дүниеде кімменен кім болса жолдас,
Тұтынса бірі-бірін ол қарындас.
Бір-бірін жақсы көрген себебінен,
Бір жерден қияметте көтергей бас.
Дос тұтса қайсы біреу ғалымдарды,
Һәм және Хақтан қорыққан пенделерді.
Ғалым менен солихтың құрметінде,
Жарылқар рахметімен Жаппар Ғани.
Әркімге тауфиқ ата қылса Құдай,
Сауап іс көңіліне болар оңай.
Құдайым әр пендені бадбахт қылса,
Өлгенше өтер өмірі тағат қылмай.
Бермесе Тәңірім тауфиқ әрбір қолға,
Еш пенде сала алмайды тура жолға.
Өлгенше ақыреттің ісін қылмай,
«Наъузу билла» оң ісі кетер солға.
Біреуді әулие қып әуел бастан,
Тағатқа ұсындырып қойған жастан.
Әуелде рухын ғашық қылғаннан соң,
Дүниеге жылап өткен айналмастан.
Мысалы бұл дүниені біліп зындан,
Асығып құтылғанша бұл зынданнан.
Көп өткен бізден бұрын бұл дүниеден,
Құданың бұл тариқа құлдарынан.
Неше бір әулиелер өткен және,
Бар еді әрбірінде қатын-бала.
Жұмысын екі дүние бірдей істеп,
Ақыры бұл дүниеден болған пана.
Жоқ емес бұл уақытта һәм бар азамат,
Шамасы келгенінше қылар тағат.
Үй-іші ризығына һәм себеп болып,
Жұмысын екі дүние істер қабат.
Құдайым қай пендені қылса сорлы,
Өлгенше құлшылыққа тимес қолы.
Тезекті жұлмалаған қоңыздай боп,
Еш уақытта құлшылыққа келмес жолы.
Ғапыл боп бір Алладан және өзі,
Дана боп кеше-күндіз айтқан сөзі.
Ақыры қасіретпенен өтсе керек,
Дүниеге ертелі-кеш тоймай көзі.
Ғалымның уағыз айтқан тілін алмай,
Есітіп кітап, кітап сөзін құлақ сап.
Дүниеден бұл тариқа өтсе керек,
Қылуға қайыр-ихсан қолы бармай.
Осындай адамдар бар әрбір елде,
Лаж жоқ атын ашып пәлен деуге.
Бұйрығын шариғаттың қылмаған соң,
Болмайды дегенменен мен һәм пенде.
Қылмаса әрбір істі жан ділімен,
Болмайды қанша айтса да құр тілменен.
Әркімге ажал тура келсе макар,
Қалмайды пара беріп мал-пұлымен.
Жақсылар болғанменен мұндай сөзім,
Айтпаймын тындырдым деп менің өзім.
Бұл дүние бейопаның сарайынан,
Шығарма еш пендеңді Алла өзің.
Неше бір мунафиқ адамдар бар,
Өмірінің өткенінен алмас хабар.
Жүрсе де сауап іске қолы бармай,
Іс болса қайда бидғат тауып алар.
Тұрса да жер таянып сандалақтап,
Қылуға сауап жұмыс қылмас талап.
Думінен күннен-күнге кейін кетер,
Ұрыдай өлетұғын ары қарап.
Көңіл қатты көзінің жоқ дүр намы,
Және жоқ өлермін деп қылған қамы.
Тұрарлық еш нәрсеге сөз сөйлемей,
Сөзінің аузын ашса кетер дәмі.
Сөз айтса шариғаттан аң-таң қалып,
Тыңдауға ықыласыңменен болмас толып.
Бір қиял өз алдына ойлап тұрар,
Істерді жарамайтын көңіліне алып.
Демейді көңіліменен пікір етіп,
Өмірімнің азы қалды көбі кетіп.
Білмеймін не білгені бар екенін,
Қалар деп ойламайды ажал жетіп.
Өздері бұл ақуалда болсадағы,
Қимылдап сөз бермейді тұрса жағы.
Салғанда даналыққа бұл уақытында,
Кім бар деп менен бөлек айтар тағы.
Бірнеше адамдар бар сөзге жетік,
Мәжілісте отырады қызық айтып.
Намаздың уақыты жетіп қамданғаннан,
Отырмай ол орында қалар кетіп.
Әр жерде бұл тариқа адамдар бар,
Сөз бермей тілге келсе алдыңды орар.
Көңілінде ол адамның әр нәрседен,
Оқуы бір намаздың қиын болар.
Құдая еш пендеңді қылма мұндай,
Өзің сал тура жолға расуа қылмай.
Өзіңнің пазылыңмен біз ғаріпті,
Я, Алла сауап істі қылғын оңай.
Екісі кем алпысқа келіп жасым,
Кемі жоқ құп ағарды сақал шашым.
Білмеймін өзім қандай екенімді,
Әр жерде мәнісі жоқ замандасым.
Әр жерде бар замандас адамдарым,
Шариғат қаламайды қылғандарын.
Я, Алла тауфиқ беріп тура жолға,
Өзің сал һәм өзімді, баршаларын.
Дариға мәжіліс құрып жас пен кәрі,
Мансаптар еліміздің адамдары.
Харам деп аят назыл болған істі,
Қылады тамаша деп баршалары.
Харамда не қызық бар қоймайтұғын,
Іззет қып нәпсі көзін оймайтұғын.
Қадірін өз жанының өзі білмес,
Адамдар елдің қамын ойлайтұғын.
Көбейіп ғапыл адам бұл заманда,
Аллаға жалынбайды бас аманда.
Қылады аңқаулықпен дейін десем,
Құлығы кейін емес шайтаннан да.
Жүргенмен ақылсынып қанша саулап,
Нәпсінің бар ғұмырынша көңілін аулап.
Ақылдар бұл тариқа жарамайды,
Тауфиқтан қосылмаса азын аулақ.
Жүрседе сауап іске дүние таппай,
Хамиша күнә іске күә қаптай.
Кез келсе бір мүсәпір самауырдан,
Беруге жарамайды бір шәйнек шай.
Пазылыңмен Карам айлап я Зул Жалал,
Мүминге нәсіп айла луқма халал.
Қаһарыңды тірілікте еске алдырып,
Көңіліне тауфиқ беріп қорқыныш сал.
Адамдар бұл күндегі жаққан отқа,
Тәнасы шыдамайды тисе шоққа.
Құлдарың Рахым етпесең нағып шыдар,
Қаһарыңмен жаратылған ол тозаққа.
Біраз жыл бұл күнде емес мұнан бұрын,
Шымшыдым сөндірмекке шамның мұрнын.
Сұқ қолым басбармақпен күйіп қалып,
Шыдамай уфіледім күйген орнын.
Ойласақ бұл дүниенің оты мұндай,
Алланың өзі білер тозақ қандай.
Жаһаннам қандай болса ондай болсын,
Көрсетпе мұсылманға Жаппар Құдай.
Тозақта бір құдық бар суы қара,
Жаратқан қаһарыменен Хаий Дана.
Бір адам жақындаса зәһәрінен,
Бетінің еті болар пара-пара.
«Иршадал талибайннан» көрдім қарап,
Дарияның сипаты бахрул ғазаб.
Құптанын әркім жатса оқымастан,
Ішкізіп ол дариядан қылар азап.
Жеткен балиғатқа кәрі-жастан,
Құптанын әркім жатса оқымастан.
Құптанын оқымаған пенделерге,
Жаратқан нәсіп қылып әуел бастан.
Жақсылар керек болса әркімге жан,
Жүрмесін бес намазды оқымастан.
Шайтан һәм бейнамаздан қашты деген,
Нақлият бар «Даратуннасихайн»нан.
Ишаны Хайданның кітабында,
Намазын қасттан қаза қылса пенде.
Үкімінде зина қылған анасымен,
Мүбәрәк байтулланың құзырында.
«Даратуннасихайн» нан бір хикаят,
Сауабы есіткенге бенихаят.
Әзіреті Абу Бәкір басшы болып,
Барыпты жаназаға көп жамағат.
Жаназа оқымаққа көп жамағат,
Жаназа оқымаққа даярланып.
Табытты тұрған уақытта алдын алып,
Кафаны көкірегінің қимылдапты.
Жамағат қарап тұрды қайран қалып,
Әзіреті Абу Бәкір көрсе ашып.
Ысқырған бір ақ жылан зәһәрын шашып,
Мүрденің кеудесіне кіріп жатыр.
Сескеніп басқа адамдар кетті қашып,
Әзіреті Әбу Бәкір тартып алып,
Ойланды өлтірмекке жерге салып.
Тұрғанда ұрайын деп қол көтеріп,
Тіл берді ол жыланға Жаппар Халиқ.
Ұрасыз Әбу Бәкір мені неге?
Бұл жерге мені бекер келді деме.
Азаптың періштесі Хақ әмірімен,
Келіппін азап үшін бұл мүрдеге.
Себебін келгенімнің мен айтайын,
Тәкәппар адам, өзі менмен.
Ешкімді жүрер еді пісанд қылмай,
Пара-пар өзін көрмей ешкіммен тең.
Һәм және пасық еді, өзі ақымақ,
Намазға һәм зекетке болған салақ.
Бір ғалым шариғаттан сөз бастаса,
Жайына кетер еді салмай құлақ.
Ол жерден кетер еді жылдам тұрып,
Кетпесе отырарды мойнын бұрып.
Бейтәубе бұл дүниеден кетіп еді,
Қалдығой сол себептен Құдай ұрып.
Мейманбыз бұл дүниеге ойлап тұрсақ,
Еш мейман қонған үйде емес тұрмақ.
Құдайым хикмат берсе баршамызға,
Ақырет жол азығын қамын қылсақ.
Жолаушы дүниеде һәм жүрген адам,
Жараса өз хәліне қылады қам.
Егер де өлмейтұғын болсақ еді,
Еш нәрсе болар еді қылмасақ һәм.
Өзінің пенде екенін өзі танып,
Алланы әркім жүрсе жадына алып.
Қасынан қабірістанның өткенін де,
Ойланып ғибрат алса көзін салып.
Аттары бір кітаптың «Мұхаммадия»,
Айтуға бір хикаят келді және.
Болғанда Хақ әмірімен қиямет күн,
Қабірден ешкім қалмай тұрар әмме.
Алладан періштеге әмір болар,
Көрсетпей жәннәт жүзін қайтар аны.
Алланың әміріменен періштелер,
Көрсетпей жәннәт жүзін қайта қуар.
Қасіреттен де мата уайлана деп,
Баршасы фарияд қылып шулап жылар.
Баршасы шулап айтар, я Қадір Хақ,
Ирадаң болса бізді расуа қылма.
Тозаққа бәрімізді салсаң бойыма,
Қарасын жәннәтіңнің көрсетпей-ақ.
Алладан нида келгей асы құлдар,
Күнәні оңашада қылдыңыздар.
Көзінше адамдардың тағат қылып,
Құп расуа бұл тариқа болдыңыздар.
Іс өткен осылайша пендесінен,
Қорықпаса құл болмайды әркім менен.
Менен қорқып құлшылық тағат қылмай,
Ұялып тағат қылдың пенделерден.
Тәңірім деп еске алмадың әркез мені,
Көрсетші пенделіктен қылдың нені.
Сіздерді жіберейін жаһаннамға,
Ажыратып сол адамдар алар сені.
Пазылыңмен карам айлап Жаппар Кәрім,
Құп рақым етпесең мүминге тең.
Мұндай расуалыққа лайық етпе,
Жамиғ кәлимагөйдің баршаларын.
Дүр Худа бір құдық бар аты Бабыл,
«Қиссасул анбия» да қылған нақыл.
Аузына тастаған тас ең түбіне,
Кемі жоқ үш мың жылда болар дақыл.
Айтпапты кең екенін, тар екенін,
Ішінде мұз екенін қар екенін.
Құдайдың өзі білер ішіндегі,
Азабы қайсы түрлі бар екенін.
Біреудің қатыны өліп бала қалса,
Һәм және тағдыр болып қатын алса.
Кейінгі алған қатын себебінен,
Анасы жоқ балаға қарамаса.
Кейінгі қатынының тілін алып,
Балаға азар берсе салып қалып.
Бұл істі әдет қылса қайсы пенде,
Құдыққа Бабыл атты түсер барып.
Бір адам алған болса екі қатын,
Қылмаса арасында әділетін.
Арқалаған есепте болса керек,
Бұл дүние ол дүниенің маламатын.
Біреуін хушуақ қылса киіндіріп,
Қойсалар миқдарынша сүйіндіріп.
Біреуін қызметкердің қатарында,
Қойсалар қапалықпен күйіндіріп.
Біріне мархаматпен қылса назар,
Біріне каиш (каһышпен) қылып берсе азар.
Жазасын бір Құдайдың өзі білер,
Болғанда Маһшар атты ұлық базар.
Біреуге берсе Тәңірім мал-дәулетін,
Жүргізсе біреулердің үкіметін.
Жүрмесе пақырлардың хәлін сұрап,
Алланың көрмес таңла мархаматын.
Дүниеде бар болғаны көрген-баққан,
Мархамат қияметте болмаса хақдар.
Өзінің «гулстандай» кітабында,
Әзіреті шейх Сағди бұл сөзді айтқан.
Дүниеде қанша сауап, қанша күнә,
Есебін пенде білмес, білер Алла.
Есіткен ғалымдардан миқдарымша,
Айтайын біразырақ қылып агаһ.
Әзіреті Жәбірейіл ан Әзіретке,
Алладан келіп тұрған әр қызметке.
Зәредей көңіліңізде арман жоқ деп,
Бір күні расул айтқан Жәбірейілге.
Егерде себеп не деп айтсаңыз сіз,
Баршадан артық сіздің мәртебеңіз.
Муқарраб періштенің әуелі деп,
Сіздерді ғайбана айтамыз біз.
Әзіреті Жәбірейіл айтты сонда,
Ризамыз бір Алланың қылғанына.
Мұнанда құп ғанимат болар еді,
Егерде сізге үмбет болғанымда.
Қылғанда сізге үмбет Жаппар Кәрім,
Бар еді қылатұғын жұмыстарым.
Нәсібім үмбеттіктен болмаса да,
Айтайын ол жұмыстың бағзыларын.
Сұхбатын ғалымдардың табар едім,
Әркімнің айыбын көрсем жабар едім
Әдеппен жүздеріне көзім салып,
Айтқанын жан діліммен қылар едім.
Жер едім сұхбат қылып бірге тағам,
Жұмыстан фурсат тапсам алады ауам
Хазыр қып құлағымды тұрар едім,
Аузынан шығады деп қандай калам.
Ғибатпен жолдас болмай қиянатпен,
Хамиша жүрер едім қанағатпен.
Жерімде барып-келер мешіт болса,
Намазды оқыр едім жамағатпен.
Есітсем жаназаға барар едім,
Көңілін ғаріптердің табар едім
Залымнан бір мүсәпір қорлық көрсе,
Күшімді келгенінше салар едім.
Жәрдемге жарамаса күшім келмей,
Ешкімге жүрер едім азар бермей.
Ниетім туралықта болар еді,
Шайтанның уасуаса қылған тіліне ермей.
Біреуге қайсы пенде берсе азар,
Құдайым ол пендеге қылмас назар.
Құдайым «діл азардан безер» деген,
Кітаптың бірінде емес бәрінде бар.
Бар болса қылар едім қайыр-ихсан,
Жоқ болса миқдарынша тапқанымнан.
Жіберіп хушуақ қылып тұрар едім,
Үйіме азды-көпті келсе мейман.
Баз және екі кісі болса араз,
Арасы адауатпен болса насаз.
Кінәсін бір-бірінің кешірмекке,
Олардың арасында жүрердім баз.
Егерде сізге үмбет болғанымда,
Бұл айтқан жұмыстарды қылғанымда.
Дәрежем кетер еді әдден асып,
Қиямет майданында тұрғанымда.
Егерде белін байлап қылып химмат,
Жәннәттың жесе керек наз-нығметін.
Расулға Жәбірейілдің айтқан сөзін,
Кітапта «ғузанжаб» көрді көзім.
Кітап көріп ғалымнан есітпесем,
Айтуға не халім бар менің өзім.
Камалы Құдіретімен қадірменен,
Адамды әзіз қылған барша жаннан.
Баршаға өзі қадір болсадағы,
Бейсебеп еш нәрсені жаратпаған.
Жұмылып бағзылардың ғибрат көзі,
Бейхуда лағуа болып айтқан сөзі.
Құдайдың әзіз қылған қадірін білмей,
Қор қылар надандықпен өзін-өзі.
Жаратқан момын үшін неше сарай,
Әр қайсы неше қисса бұл ғаламдай.
Өміріміз бекерге өтіп бара жатыр,
Ол жайға баратұғын қамын қылмай.
Әр түрлі адамдар бар бұл ғаламда,
Қаншасы шад, қаншасы қайғы-ғамда.
Мысалы өлмейтұғын адамдаймыз,
Қып жүрген ісімізге қарағанда.
Ықыласпен талап қылып бел байламай,
Дән шашып бейнет қылып жер айдамай.
Тіленсе егін бер деп бір Алладан,
Диқанның қылатұғын шартын қылмай.
Бір адам қатын алмай жүріп салтаң,
Тілесе перзент бер деп бір Алладан.
Себеп болар жұмысын істемесе,
Адамның талап қылған берің десе.
Тимсалы бұл сөздердің қайда барар,
Адамдар абайлайды ақылы бар.
Барынша қайратының тағат қылып,
Алладан болмақ керек үміті бар.
Бар болса ұшып жүрер екі қанат,
Болады қатерлерден сау-саламат.
Бір қанаты рахметтен үміт қылып,
Біреуі Хақтан қорқып қылмақ тағат.
Әр пенде абайласын болса зерек,
Әр мүминге бір екі қанат керек.
Қаһарынан қорқып рахметтен үміт қылып,
Алладан жарасады қылсақ тілек.
Айтты деп айып етпеңдер осынша гәп,
Несіне әуре болып айтады деп.
Қылмаса өзі Рахым Пәруардігар,
Адамның данасынан наданы көп.
Болмаса әр пендеде ораза, намаз,
Күнәға әдеттеніп жүрселер баз.
Қосылар қандай қылып үмбеттікке,
Жүріспен бұл ақуалда қыс ила жаз.
Бір адам бір адамға айтып жайын,
Алсалар зәрурлықпен көлік майын.
Егесі ертең алып кетеді деп,
Біткерер жұмысының баршаларын.
Тәнадан сол айтқандай жан аманат,
Тұрғанда құлшылық қыл сау-саламат.
Еңбегі инша Алла қайтып қалар,
Істесе жан барында қай адамзат.
Істетпей аманатты жүрсе бағып,
Егесі бір күн кетер қолдан алып.
Айырылып аманаттан қалғаннан соң,
Өкінер бір жұмысы бітпей қалып.
Аманат бір кеткен соң келмес қайтып,
Егесі бір алған соң бермес қайтып.
Пайда жоқ өкініштен өткеннен соң,
Әр күні жылағанмен жүз мың айтып.
Бір тамса рахметтен бұл ғаламға,
Жеткілік бір зәресі барша жанға.
Мүмин түгіл ғойрыдін үміт қылар,
Құданың рахметіне қарағанда.
Салғанда қаһарына әркім көзін,
Ұмытар әулиелер өзін-өзін.
Жамиғ мұсылманның баршаларын,
Я, Алла қаһарыңнан сақта өзің!
Құдайым құлдарына беріп хабар,
Сайлні (сұраушыны) наумид қылда дегені бар.
«Далилі уаддахи» нің аяғында,
Аятпен хабар берген «Фала танхар».
Пазылымен, Карамымен Жаппар Құдай,
Сайлді наумид қылма десе мұндай.
Жарылқа деп жалынған пенделерін,
Құдайым өзі наумид қылар қандай.
Әмір еткен барша ғалым патшасы,
Құлдарым әрқалайша болса асы.
Жарылқа деп жалынса дәргаһыма,
Көзінен қорыққаннан ағып жасы.
Құдайым қабыл қылса «аһ» зарын,
Дүниеде әрне қата қылғандарын.
Күнәсі жер-жүзіне сыймасада,
Ғапу етер пазылыменен Жаппар Кәрім.
Дегенмен тәубе қылдым тіліменен,
Ақиқат жыламаса діліменен.
Бейпайда лағуа сөздер кітаптарда,
Алла деп жыламаса шыныменен.
Дүниеде әрбір істі қылса пенде,
Бейықылас қол ұшымен болса демде.
Қылмаған көңіл себебінен,
Арзымас ол жұмысы ештемеге.
Қылмаса өзі рахым патша Құдай,
Дүниеден ақырет ісі емес оңай.
Санаулы өмір, өлшеулі дем бәрінде,
Жан қамын қылмақ керек ғапыл болмай.
Бірнеше адамдар бар айтсам мақтап,
Бидғат та дайым жүрер қыңғыржақтап.
Намаз оқып рукуғке барған уақытта,
Кеудесін бірден тастар төрт аяқтап.
Жаластан құмменен хабары жоқ,
Еш ғибрат шариғаттан алары жоқ.
Намазды бұл тариқа оқығанмен,
Еш сауап Алла білер, табары жоқ.
Асығып құтылғанша жылдам оқып,
Намаздан ғажап тахсин мұнша қорқып.
Тауықтың мысалында болса керек,
Жүргендей боп, шоқығандай шоқып.
Құдайым Құдіретімен қияметте,
Кіргізіп ол намазды бір сүретке.
Бетіне оқығанның ұрса керек,
Деп айтып менен сауап үміт етпе.
Деп айтар Құдіретімен Жаппар Құдай,
Намазды оқыдыңдар неге мұндай.
Қойсаңдар оқымай ақ болмас па еді,
Намазды бұл тариқа расуа қылмай.
Ойланып қарап тұрған жамағаттан,
Бастарын көтере алмас хижалаттан.
Ойланып ерте бастан қамданбаса,
Пайда жоқ ондай қылған надаматтан.
Осындай алдымызда әңгіме бар,
Бекер деп ғапыл болып қалмаңыздар.
Қамданып тірілікте тардаур қып,
Алладан болмақ керек үміті бар.
Жамиғ әулие мен пайғамбарлар,
Жан ділімен құлшылықты қылған олар.
Ақылды бұл уақыттағы адамдарға,
Тамсанып бір сөз айтсаң аң-таң қалар.
Ұялып бағзылары өз пейілінен,
Деп айтар тәубе қылдым тіліменен.
Бағзысы жаман сөйлеп жәһілдікпен,
Деп айтар не ісің бар меніменен.
Жаласқа құмменен әр қалайдан,
Адамдар ілімі жоқ қалар қайран.
Кітап көріп молдадан есітпесе,
Жаласті құмменен білсін қайдан.
Рукуғтан құм деген қайтқан уақытта,
«Самиаллаһу-лиман хамида» айтқан уақытта.
Бойларын құп дұрыстап тіке қылмақ,
Сүннәті муккадас шариғатта.
Екі сәжде арасын жалас деп нам,
Айтыпты бұрынғы өткен барша имам.
Дүмін һәм өкшесіне бір тигізіп,
Намазын бұл тариқа қылсын тамам.
Бірнеше мұны жаздым қиял ойлап,
Болмаса жазғаным жоқ бекер ойнап.
Есіткен һәм оқыған адамдардың,
Мақсатым сауабынан үміт айлап.
Жұрт еді бәрі түркі елі-халқым,
Парсының арабымен білмес парқын.
Асанырақ түсінбекке бола ма деп,
Жақсылар бұл тариқа жазған хатым.
Мехнатпен хатқа салдым осынша кеп,
Манфаат есіткенге бола ма деп.
Молдалар аһлі сауат оқымаққа,
Қолына әдіс қылып ала ма деп.
Оқыса иншалла болар пайда,
Құр қалмас есіткенде әр қалайда.
Пара-пар оқығанмен тыңдаған деп,
Кітапта баян еткен әр қалайда.
Қорықпаса қайсы пенде бір Құдайдан,
Ойланып ғибрат алмас әрбір жайдан.
Ықыласпен тыңдамаса көңіл қойып,
Ләззатын жақсы сөздің білсін қайдан.
Кітапты оқымастан қойса жауып,
Алады мағыналарын қайдан тауып.
Оқымаса һәм сұрап есітпесе,
Мысалы алмағандай малды сауып.
Саумаса қайсы малдың кетер сүті,
Болмайды сол сүттен еш үміті.
Талапсыз еш нәрсені таппайтұғын,
Әуелден бір Алланың Құдіреті.
Әзіреті Хақтың досы Хайрул Әлам,
Жамиғ үмбетіне қылған иълам.
Есепте өзі қылған болса керек,
Далалат сауап іске қылған адам.
Құдайым артық қылған мақұлықтардан,
Осылайша көп мархамат ұлық заттан.
Молдалар өзі амал қылмаса да,
Қылсын деп халықты агаһ шариғаттан.
Молдалар әуел амал қылса өзі,
Істерді обал-сауап көріп көзі.
Андан соң «Әмрі мағруф» халыққа айтса,
Тезірақ тафсир айтар айтқан жүзі.
Жолығып әркім көріп бір молданы,
Сөз сұрап іззет-құрмет қылса аны.
Адамға сөзін тұтқан сауабы көп,
Өзіне болар амал қылмағаны.
Аңғарса әрбір адам сөздің шынын,
Әселге шырындықтан қонар шыбын.
Әртүрлі дарақтарда болғанменен,
Миуасы жемек керек болса шырын.
Мысалы бұл тариқа молданың һәм,
Егерде болғанымен амалы кем.
Сөзіне амал қылып тыңдамақтан,
Әлбетте болмау керек ешкім бейғам.
Басшысыз көзсіз адам өз бетімен,
Жығылар жүре берсе етбетімен.
Шұқырға жығылмайды ұстап жүрсе,
Көзі бар адамдардың етігінен.
Жақсылар ушбу сөздің мысалында,
Ауамдар көзсіз адам есебінде.
Тысқары шариғаттан кете бермес,
Молдадан сұрап жүрсе әр хәлінде.
Бағзы адам біліміне мағрур болып,
Деп айтар өз ақылым жатыр толып.
Көңілін сауап іске бұра алмайды,
Мойнына алғаннан соң шайтан қонып.
Көңілі шариғаттан болмай агаһ,
Кімде-кім бұл ниетпен өтсе нагаһ.
«Нааузан биллаһи» жаһаннам болар жайы,
Пазылымен ғапу етпесе Қадір Алла.
Дағуа қып даналыққа әркім өзін,
Жан ділімен тыңдамаса кітап сөзін.
Лахадтан қияметте тұрған уақытта,
Сипалап таба алмайды екі көзін.
Соқыр боп екі көзі болып қайран,
Келгенін біле алмайды қайсы жайдан.
Деп айтар қайда кетті көздеріміз,
Ол уақытта нида келгей бір Құдайдан.
Дүниеде жүрген уақытта пенделерім,
Әмірімнің тұтпадыңдар баршаларын.
Көр болып көкіректерің кеткеннен соң,
Құдіретім бұл тариқа болды менің.
Бұл күнде дана біліп әркім өзін,
Ғалымның тыңдамаса айтқан сөзін.
Жазылған бұл тариқа тағдырымда,
Тұрғызбақ соқыр қылып екі көзін.
Бұл сөздер каламулла тәпсірінде,
Басқа һәм кітаптардың әр бірінде.
Көргендер көрмегенге жол көрсетпек,
Жамиғ дін қарындас бір-біріне.
Біреудің базбіреуге ашып жаны,
Хабардар жаман істен қылса аны.
Ол іске жан ділімен қуанбасқа,
Адамның ол адамдар ең жаманы.
Алла бір десе әркім бар хақ Расул,
Айтқанын шариғаттың қылса қабыл.
Әуелден өз бетімен кете берсе,
Нааузан биллаһи адамның наданы сол.
Жүрсе де шариғатты көзіне ілмей,
Демейді қылып жүрмін ешкім білмей.
Қылады надандықпен мойындаулық,
Құдайым қойған жоқ па хабар бермей.
Ойласақ көңіл қойып құлақ салып,
Қойыпты хабар беріп Жаппар Халиқ.
Әрқанша кітаптар бар, ғалымдар бар,
Кәнеки хабар бар ма мұнан анық?
Пазылыңмен Карам айлап ия роббана,
Пенденің қыла көрме көңілін қара.
Пенденің көңілін қара қылсаң егер,
Адасып кете берер бара-бара.
Әркімнің қылса Тәңірім ақылын әуес,
Өлгенше қыла алмайды бір жақсы іс.
Адасып бар ғұмырынша кете берер,
Жол мұнда деп шақырса бермей дыбыс.
Алладан бірнешеге тауфиқ болып,
Көңілінен зұлмат кетіп нұрға толып.
Айналып адасқаннан адам болды,
Шариғат тұғырына қайтып қонып.
Бір пар алар бұрынғы үйіменен,
Шайтанның иш-ишрат тойыменен.
Дүниеден нааузан биллаһи кетіп жатыр,
Кимралық, пасық, фасад жөніменен.
Неше бір наинсаптың афалынан,
Қайнайды зығырданым бұ хәлінен.
Шама жоқ жолға салар ұрып-соғып,
Әркімнің Тәңірім сұрар ақуалынан.
Тұрамыз көңілімізден көріп дұшпан,
Заһырға шығаруға жоқ дүр имкан.
Құдайдан қорықпағаннан қорық деген сөз,
Бір ұлық нақлият дүр бұрынғыдан.
Отырмыз жол үстінде мекен етіп,
Жатады қанша адамдар келіп-кетіп.
Жақсысы да жаманы да толып жатыр,
Ешбірін қойғаным жоқ хатқа бітіп.
Меймандар келіп тұрар әрбір елден,
Кейде ұзаққа кей уақытта жақын жерден.
Қаншасы келген уақытта таһарат алып,
Намазға ұмтылады бәрі бірден.
Әртүрлі ой ойланып қылып рағбат,
Кеткенше қылып тұрар жақсы тағат.
Ұялмақ һәм иманның нышаны дүр,
Олардың атасына жүз мың рахмет.
Неше бір бейхаялар келіп қалып,
Отырар хушуа халықпен шайға қанып.
Азанмен жамағатпен ісі болмай,
Адамды қапа қылар жатып алып.
Мешіттің қарсысында мейманхана,
Алдында мейманхана мазаны.
Тәкбірде азанменен есітсе де,
Қозғалмай ол наинсап тұрар және.
Бір нәрсе дейін десең өзі мейман,
Қылмасаң еш лаж жоқ іште пинхан.
Белгілі шәпке киген орыс емес,
Қор болған ол наданға шай менен нан.
Бір бөлек орыс болса оның діні,
Орыстан мұсылманның бөлек діні.
Кез келсе орысты һәм мейман қылмақ,
Алланың фарманының бұл һәм бірі.
Соншалық болғанменен ондай надан,
Көп емес табылады бірен-саран.
Неше бір наинсаптар толып жатыр,
Көңілінде парық болмаған халал-харам.
Неше бір бехаялар қазір хаят,
Пәленше деп айтуға болар ұят.
Ешкімнен ұялмайды, айбынбайды,
Өзіне ғайры дінді қылар мият.
Сөздерім мүддәғалы болды ада,
Муафық тыңдамаққа болмаса да.
Бейхая еш пендені қыла көрме,
Пазылыңмен Карам етіп Қадір Құда.