Асыл мұра

Ер мен қатынының бір-біріне ақыларының баяны

12-бап.

Әбу Хурайра рази аллаһу әнһу айтты: «Расул саллалаһу

әлейһесаламнан естідім, егер Құдай тағаладан басқаға сәжде

қылмау рауан135 болса қатындарға бұйырар еді ерлеріне сәжде

қыларға» деді және Расул саллалаһу әлейһесалам айтты: «Әр

қатын ерінің сөзін тұтпаса, ол қатын тозаққа барар» деп, «ерінің

барлық денесі қан, ірің болса, қатыны оны тілімен жаласа ерінің

ақынан құтылмас» деді және қатын ерінен рұқсатсыз нәпіл

оразасын тұтса қабыл болмас, бәлки136 күнәһар болар және Расул

саллалаһу әлейһесалам қатындарға насихат етіп айтар еді: «Ия,

қатындар, ерлеріңізді разы қылыңыздар, ерінен сұрамай еш іс

қылмаңыздар, ешбір жерге сұраусыз бармаңыздар, ешбір кісіге

рұқсатсыз нәрсе бермеңіздер, ал еріңізді ғайбат қылмаңыздар.

Айыбы болса ашпаңдар, әр қатын ерінен рұқсатсыз бір нәрсе

135 Рауан – тең

136 Бәлки – мүмкін

берсе сауабы еріне болар, берген қатын күнәһар болар, ерінен

рұқсатсыз ата-енесіне барса яки бір жерге барса күнәһар дүр, және

қиямет күнінде қатындардан бес уақыт намаздан сұрайдылар,

онан соң ерінің ақысы туралы сұрайды. Егер бес уақыт намазды

оқыған болса ораза рамазанды тұтқан болса һәм және ерін разы

қылған болса, оның орны пейіш дүр».

Хикаят

Хазіреті саллалаһу әлейһесаламның заманында бір жақсы

қатын бар еді, ол ерін өне бойы ренжітер еді. Ол қатын өлді,

анасы бар еді, қызын түсінде көрді. Қызының басында от лаулап

жанып тұр, аузынан қан, ірің ағып тұр, мойнында оттан зәнжірі137

бар айбатты бір жылан емшегін еміп тұр, тағы бір жыландар

денесіне асылып тұрар. Анасы қайран қалды: «Ей, қызым, саған

бұлардың бәрі неден болды?» Қызы айтты: «Е, ана, басымда

жанып тұрған оттың себебі шашымды жасырмас едім, соның

жазасы деді, аузымнан қан, ірің ағуының себебі ерімнің айыбын

жасырмас едім, мойныма ат зәнжір салынғаны еріме бағынбас

едім, емшегімді жылан емгені ерімнен рұқсатсыз кісі баласын

емізер едім – соның жазасы, мұнан да басқа азаптарды көремін,

себебі Хақ тағаладан өзге білмес» деп жылады және де айтты:

«Ей, ана, халімді Расул салаллаһу әлейһесаламға арыз қылсаң,

ол еріме насихат айтса, мүмкін ерім маған разы болар» деді. Сол

заман анасы оянды. Хазіреті Расул аллаһуға барды, қызының

сөзін арыз қылды. Хазіреті саллалаһу әлейһесалам мұны естіп,

қызының ерін шақыртып, келтірді. Еріне айтты: «Сен қатыныңа

разы бол» деді. Хазіреті Расул саллалаһу әлейһесалам айтты:

«Егер сен қатыныңа рахым қылсаң, Алла тағала рахым қылар»

деді. «Рахым қылғандарды Алла дос тұтар» деді. Ері айтты: «Олай

болса Құдай тағаланың ырзасы үшін оған мен разы болдым» деді.

Мұнан соң анасы қызын және түсінде көрді, пейіште һуллаш138

137 Зәнжір – шынжыр

138 Һуллаш – бағалы киім

киіп, шаттанып құрсант139 болып отыр екен. Анасы сұрады: «Ей,

қызым, қалайша сен мұндай болдың?» деді. Қызы айтты: «Е, ана,

ерім маған разы болған соң Алла тағала менен бұл азаптарды

жоқ қылды, пейішті нәсіп қылды» деді. «Ей, ана, қатындарға

менің жағдайымды хабарла, осы сөзді естіп, ғибрат, үлгі алсын,

азап көрмесін иншалла тағала» деді. Анасы оянып, бұл оқиғаны

естушіге баяндады: «Е, қатындар, ерлеріңіздің хақын орнына

келтіріңдер, қызметін жақсы қылыңдар, бұл сияқты азапқа

түспеңіздер. Нәғузу билләһи минәзәлик140, енді қатындардың

ерінің мойнындағы ақылары алдымен еркектер қатындарға үй

ішіндегі істерді істеткізсін, тыстағы, сырттағы істі бұйырмағай,

үшінші шариғат ісін үйреткей уа ғұсыл, таһарат, намаз, ораза,

һайыз, ныпас ілімін білдіргей, халал жегізсін, зұлымдық

істемегей, кісі ғайбаттау, жаман сөздерден тыйсын. Әр уақытта

ерімен қатын ойнап күлсе, әр сөзіне 1000 жақсылық бітер, 10000

жамандықты кетірер. Кей қатын ерінен басқаны да көрейін деп

бетіне қызыл жағып әсемденсе, қиямет күні бетінің терісін

сыдырып азап қылғай. Әр қатын ерінің ырзалығын қылса, Алла

тағала ырза болар. Егер ері разы болмаса, намаз оқыса, ораза

тұтса, зекет берсе, қайыр садақа қылса, қажыға барса, барлығын

Алла тағала қабыл қылмас. Әр қатын өз ерінен басқаға сөз

қатса, қиямет күні тілінен асып қояр. Әрбір сөзіне оттан зәнжір

саларлар. Онда қатты пұшайман141 боп, аһ ұрып жылағанмен еш

пайда қылмас. Ей, қатындар, ерлеріңізді разы қылып тәубе етіп,

Алла тағаланың рахымынан үміт қылыңдар. Алла тағаланың

рахымы көп дүр, кешіргей.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button