Қияметтің баяны
Бісмілахи рахмани рахим. Әлһәмду лиллаһи рәббил аламин уәл акыбатул лил муттақин уәссәләту уәссәламу аләкаире калкеиін муммәдин һәмә бұлардан соң әркім бұл кітаппен амал қылса Алла тағаланың кәрәмімен жәннатқа кірер иншаллаһу тағала, әркім бұл кітаппен амал қылмаса күнәһар болар, тозаққа кіріптар болар. Бұл кітап 20 бап болып бітілді. Әуелгі бап қиямет жайында дүр.
1-бап Қиямет жайында
«Әл-қариғату1» сүресінде аят кәримада2 қаулуһу тағала3:
«йәумә иәкунун-нәсу кәлфәрәшил мәбсуус, уәтәкуунул жибәлу
кәлъиһнил мәнфууш» (Ол күні адам баласы шашырап ұшқан
көбелектей болады, таулар түтілген жүндей болады). Әбділла
ибн Аббас рази аллаһу әнһу рауаят4 қылды. Қиямет күні болғанда
таразыны құрады. Сират5 көпір тозақ үстінен құрылар. Қылдан
жіңішке, қылыштан өткір. Қараңғы түннен қараңғырақ болғай.
Үш мың жылдық жол тұрар, мың жылы жоғары шығу, мың
жылы тегіспен тұру, мың жылы төмен түспек. Барлық адамды
одан өткізбей қоймас. Онда түрлі ауаз6, дауыс келеді. Базысы7
аштықтан, базысы шөлдегендіктен. Жылағандар, әр кімдер айтар:
«Өзімді азаптан азат қыл, перзенттерімді өзің біл, не істесең
де оларға істе, бірақ мені құтқар» деп жыласады. Бірақ ол күні
қанша жыласа да пайда қылмас. Егер дүниеде жүрген уақытында
қорқып жыласа, ол қияметте күлер еді. Мұнда күлсе, онда жылар.
Ол күні Құдай тағала өзі қазы болып, кирәмән кәтибин8 жазған.
Намаларын қолдарына берер. Әр кімнің жақсы, жаман істегенін
амалдары мәлім болар. Шерменделіктен бастарын төмен салып,
қайран болғай және Пайғамбар саллаһу әлейһи уә сәллам сен
менің үмбетімді тұтпадың дейді. Тағы да беті қара болғай. Не
істерін білмегей.
Бәрадарлар9, ол күннің ғайбатынан қорқыңдар. Тәубе,
зарлық қылыңдар. Әлі болса да уақытың бар дүр. Білгеннен
соң тәубе, зарлықтарың пайда қылмас. Қаулуһу тағала:
1 «Әл-қариғату» сүресі – Құрандағы 101-сүре. 11 аяттан тұрады.
2 Аят карима – қасиетті аят
3 Қаулуһу тағала – Аллла тағала айтты
4 Рауаят – әңгіме
5 Сират /а/ – қиямет көпір, қылкөпір
6 Ауаз – дауыс, үн
7 Базы – кейбір
8 Кирәмән кәтибин – адамның екі иығындағы періштелер
9 Бәрадар /п/ – аға, бауыр
«Фәйәумәизил лә йәнфәъул ләзиинә заләмуу мәъзирәтуһум уәлә
һум йустәътәбуун10», яғни «сол күні, зұлымдық қылғандардың
сылтаулары пайда бермейді, олардан бір игілікте күтілмейді».
Өлмей тұрған уақытта тәубе қылса, иншалла11 қабыл қылар.
«Әт-тәйибу миннәз-зәнби кәмән ләзәнба ләһу» (Күнәсына
тәубе еткен адам, мүлде күнә жасамаған адам тәрізді) деген
хадис шәриф12 бар дүр.
Хикаят
Бұрынғы заманда бір залым кісі бар еді. Тоқсан тоғыз
кісіні өлтірді. Күндердің бір күнінде көңіліне қорқу түсті:
«Неше істер істедім?» деп. Бекініп бір ғалымның қасына барды.
Ғалымнан сұрады: «Мен тоқсан тоғыз кісіні өлтірдім. Енді тәубе
қылсам, Құдай тағала қабыл қылар ма екен?» деді. Ол ғалым:
«Білмеймін» деп жауап берді. Бұл сөзге ашуы келген ол ғалымды
және өлтірді. Бұл ғалыммен жүз кісі болды.
Үйіне барды. Бірнеше күннен соң өкініп, тағы бір
ғалымнан сұрауға жолға шықты. Жолда кетіп бара жатқанда
Әзірейіл13 әлейһессалам14 Құдай тағаланың әмірі бірлән15 ол
залымның жанын алды.
Сол заман екі бөлек періште түсті. Бір бөлегі рәхмат16
періштесі. «Біз мұны пейішке17 апарамыз» деді. Ол тәубе қылды
деді.
Азап періштелері айтады: «Біз оны тозаққа апарамыз, ол
асы18 болдылар» деді. Бұлар біраз уақ бір біріне көнбеді. Ол арада
10 Құран кәрімнің 30-сүресі, Рум сүресі, 57-аят.
11 Иншалла /а/ – Алла қаласа, Құдай қаласа
12 Хадис шәриф /а/ – қасиетті хадис
13 Әзірейіл – жан алғыш періште
14 Әлейһессалам – оған Алланың мейірімі жаусын
15 Бірлән – және, -мен, -бен, -пен
16 Рәхмат /а/ – рақым, мейірім
17 Пейіш – жұмақ
18 Асы – күнәһар
Пәруәрдігәр19 жеті ғаламнан нида20 келді: «Періштелер, жолды
өлшеңдер, қай жағына жолы жақынырақ екен» деді. Періштелер
өлшеді. Ғалым тәрәтіге бір қарыс жақынырақ шықты. Тағы да
нида келді: «Е, періштелерім, күнәсін кештім. Тәубесін қабыл
қылдым. Пейішке алып барыңдар» деді. Енді мұнан ғибрат Алла
тағаланың рәхматы көп дүр. Әркім рәхматынан үміт етсін. Алла
тағаланың қаһарынан қорықсын. Енді хисап21 жеріне келтірді.
Олардан сұрады: «Сендер малдарыңнан зекет үшірін22
бердіңдер ме, һәм тиісті орнына сарып қылдыңдар ма? Расул
Құдайдың сүннетін тұттың ба? Ғаріп23, қасерлерге24 қарастыңдар
ма? Ғаріп ақын бердіңдер ма?» деді. Егер Құдай тағаланың
һәм бар хақ досы расул Құдайдың әмірін тұтқан болса, оларды
тозақтан құтқарып, сегіз пейішке кіргізер.
Егер Құдай тағаланың, расул Құдайдың бұйрығын
тұтпаса, ол кісінің ахуалы Құдайдан бейхабар болып, бұл дүниеге
айналысып, ақырет ахуалын ойламағандарға азап көрсетер.
Әбділла ибн Аббас рази аллаһу әнһу25 айтты: «Мен үш
кісіге тамаша қылып қайран қаламын» деді. «Бірі ол дүр талап
қылып көп мал жияды, ол жиған малдары басқа біреулерге
қалар, өздері азапқа душар болады. Екінші бір кісі күнә қылады.
Құдай тағала көреді, біледі дер, періштелер жазады дер, бірақ
бұларды біле тұрса да бұл істен өздері сақтанбайды. Үшінші
қаһ-қаһамен26 күлер. Хақ тағала бұл хошуақтықты27 білер, бірақ
өздері біле тұрса да сақтанбас».
Және хазіреті Расул саллаһу әлейһи уә сәллам28айтты:
19 Пәруәрдігәр – Құдай
20 Нида /а/ – үн, үндеу
21 Хисап /а/ – есеп
22 Үшір – салық
23 Ғаріп /а/ – бейшара, мүсәпір, міскін
24 Қасер – кедей, міскін
25 Hази аллаһу әнһу – оған Алла разы болсын
26 Қаһқаһа – қарқылдап күлу
27 Хошуақ – көңілді, бақытты
28 Саллаһу әлейһи уә сәллам – салауат; Мұхаммед пайғамбарға айтылатын дұға,
тілек
«Бұл дүниеде адамдар бір сарайдағы саудагерлер. Қайсы күні
саудасы тамам болса, ол күні көшер. Ақылсыз кісілер білмейді:
мал жиып зекеттерін бермесе, қиямет күні болғанда әр пұлды
жетпіс мәрте қыздырып бетіне басар. Неге десеңіз кәләм
мәжитте29 айтады: «Уалләзинә йәкнизуунәз-зәһәбә уәлфиддатә
уәлә йунфиқуунәһә фии сәбиилиллаһи фәбәшширһум биъазәбин
әлиим. Йәумә йухмә ъаләйһә фии нәри жәһәннәмә фәтукуә
биһә жибәһуһум уәжунуубуһум уәзуһууруһум һәзә мә кәнәзтум
лиәнфусикум фәзууқуу мә кунтум тәкнизуун30» деген сөздер
бар. Әбділла ибн Аббас рази аллаһу әнһу айтты: «Қашан қиямет
күні болса дүниені даяр қылар, кәрі қатын суретінде болар,
беті қара, көзі көк, алдынан тісі шығып, үстіңгі ерні жоғары,
астыңғы ерні көкірегіне салбырап тұрғай». Періштелер айтады:
«Е, халайықлар, бұл кісіні танисыздар ма?» дейді, ол халайықтар
айтады: «Нәғузубилләһ31 мұндай кісілерді көргеніміз жоқ»
деп айтады. Онан соң Пәруәрдігәр аламин32 нида келеді: «Бұл
дүние деген нәрселерің, танымайсыңдар ма?» дер, «оны жақсы
көріп күні түні сол дүниені қуып жүрдіңіз. Пақыр, міскіндерді
қор көрдіңіз, өзіңізді бай көрдіңіз, кедейлерді кім жаратты,
байларды кім жаратты, оны пікір қылмадыңыз. Сол уақытта
пәрмен келгей, дүниені тозаққа салады-лар, тағы да дүниені
жақсы көріп, ақыретті ұмытқандарды, дүниеде амал қылмай,
қалыс дүниені талап қылғандарды тозаққа бірге салады-лар»
деді. «Е, мұсылмандар, мал берсе зекетін беріңдер, қайыр хисап
қылыңдар, Құдай тағала бұйырған жеріне сарып етіңіздер, арам
орынға сарып етуден сақтаныңыз».
Хикаят
29 Мәжит /а/ – даңқты
30 «Тәубе» сүресінің 34-35-аяттары: «Сондай алтын, күмісті жиып, оны Алла жолында
жұмсамағандарды күйзелтуші азаппен сүйіншіле. Қиямет күнінде олар тозақ отында
қыздырылып, онымен олардың маңдайлары, қабырғалары және арқалары таңбаланып:
«Мынау өздерің үшін жиғандарың. Ал енді жинағандарыңның дәмін татыңдар» делінеді.
31 Нәғузубилләһ – Алланың атымен сақтанамыз
32 Пәруәрдігәр аламин – Әлемнің Құдайы
Мүсілім ибн деген бір дәруіш33 бір күні Һарон Рашиттің
сарайына барды. Сарайды тіптен кең көрді. Ол айтты «Бұл сарай
кең екен, өлгенде кәні көріңіз мұндай кең болса» деді. Һарон Рашит
айтты: «Ей, Мүсілім, неткен ғажап сөз айттың» деп жылады, сөзі
әсер етті және айтты: «маған насихат қыл» деді. Мүсілім айтты:
«Калима егер шөлде сусап су таппасаң, өлетін халге жетсең, бір
кісі бір аяқ су берсе, қанша мал берер едің?» деді. Һарон Рашит
айтты: «Малымның жарымын берер едім» деді. Мүсілім айтты:
«Ол суды ішіп-ішіп шипа таппасаң қайтер ең, бір кісі себепші
болса шипа тапсаң қанша мал берер едің?» деді. Һарон Рашит
айтты: «Малымның қалған жарымын берер едім» деді. Мүсілім
айтты: «Ләһзәт34 ондай дүниеге кім бар бір ішімдік су қатрадүр35
бейхабар адамдар тамам барлық өмірлерін шіркін дүниеге сарып
қылар» деді. Һарон Рашит зар-зар жылады: «Рас айтасың» деді.
«Жаңа хабарлар келді: үш кісі жолға шықты, бірнеше күннен соң
бір шаһарға жақын келді. Сол жерден бір алтын тапты. Ортасынан
біреуін шаһардан тағам алып келуге жіберді. Сол заман шайтан
лағын36 азғырды. Ол айтты: «Сен бұл алған тағамға заһар37 алып
қос» деді. «Олар өлгеннен соң алтынның бәрі саған қалып, бай
боласың» деді. Ол бишара алданды. Заһар алып тағамға қосты,
сол заман шайтан әләйһи ләғнә38 қалған екі жолдасына келді.
Оларды да азғырды: «Егер сіздерді алдамаса екен деп қорқамын.
Ол тағамға барған жолдасыңызды өлтірсеңіз, алтын екеуіңізге
қалар» деді. Ақыры бұлар жолдасын ұрып өлтірді һәм жасырды.
Кеуілдері тынып отырып тағам жеді. Бұл екеуі һәм өлді. Алтын
иесіз ол жерде қалды. Дүниенің мысалы осындай дүр.
Иләһи39 әр момын пендені дүние құмарлығынан
сақтағайсың уә шайтан азғыруынан сақтағайсың, әумин. Йа,
33 Дәруіш – дін жолын дәріптеп, ел кезіп жүретін адамды айтады
34 Ләһзәт – сәт, мерзім, уақыт
35 Қатра – тамшы
36 Лағын /а/ – қарғыс атқан
37 Заһар – у
38 Әләйһи ләғнә – қарғыс атсын
39 Иләһи – Құдайым
раббил аламин40 жаңа хабардар келді. Бір күні хазіреті саллалаһу
Расул әләйһи уассалам мінберге шығып, хұтба41 оқыды. Айтты:
«Е, момындар, сіздер екі қорқыныш арасында болмақ керек. Бірі
бұл өткен өмір өтіпдүр, сіз білмейсіз қалай өткенін. Екінші бұл
қалған өмірлерің қалай өтер, не істейтіндеріңді білмейсіңдер.
Қазіргі уақыттарыңды ғанимат42 біліп, тағат, ғибадатқа сарып
қылғайсыз. Құдай тағала бұл дүниені ақырет үшін жаратты. «Әд-
дүния мүзрәтул ахират» деді. Мәнісі: «Бұл дүние ақыреттің егін
жайы». Әркім егінді уақытында ексе, еш нәрседен кемдік көрмес.
Ақырет үшін ғибадат қылыңыз, өлген соң бұл дүние ешкімге
өкінсең де пайда қылмас. Егер пайда қылар Құдай тағаланың
әмірін орнына келтірсе, намаз оқыса, ораза тұтса, Хақ тағаланың
бұйырған әмірін қылса, уә және де бұйырмаған істерден Құдайдан
қорқып тыйылса, уә садақа берсе «Әлә иннә әулийәаллаһи лә
хауфун ъаләйһим йәхзәнуун»43 (Біліңдер! Расында Алланың
достарына қауіп қатер жоқ, әрі олар қайғырмайды) рази аллаһу
әнһу айтты: «Әуелі кітаптарда көрдім Алла тағаланың айтып
дүр ке: «Е, адам балалары, жақсы амал қылыңдар, қиямет қүні
есеп, сауал уақытында шерменде болмаңдар. Жаман істерден
қашыңдар. Бұл дүние опасыз дүние дүр. Ақырет орнықты бақи
дүр. Тірлікте наз нығметке уә айтты ишаратқа айналысқандар
өлместен бұрын жақсы амал қылды. Өлім келгенде өкінген
пайда қылмас. Онда айтарсың: аһ, оһ, жақсы амал қылған болсам
деп тілерсің. Анадан тумасамшы, бұл бейнеттерді көрмес едім
деп зар-зар жыларсың. Пайда қылмас көп жылағанмен. Ей,
бірәдарлар, Алла тағалаға ғибадат қыларға мықты бел байлап,
бұйырған әмірлерін қылыңдар уә бұйырмағандарынан өздеріңді
тыйыңдар. Өлім уә қиямет ахуалдарын ойлаңдар. Рәхматтықты
ақыретке істеңдер. Сіздерге Алла тағаладан басқа ешкімнен
пайда жоқ дүр. Оның жады бірлә болыңдар».
40 Йа раббил аламин – Ия, әлемдердің раббысы
41 Хұтба /а/ – уағыз
42 Ғанимат /а/ – олжа, табыс, түсім, өнім, пайда
43 «Жүніс» сүресі, 62-аят