Бір суреттің сыры

Алла алдынан жарылқасын

Исматуллаһ Иасауи, Қожа Ахмет Иасауи ұрпақтарынан

Исматуллаһ Иасауи деген ағамыз Стамбұлда, Қожа Ахмет Иасауи ұрпақтарынан саналатын. Ресей шапқыншылығы кезінде Түркістаннан ауа көшкен екен. Кеше қайтыс болыпты. Алла қорғанына алсын, жаны жұмақта шалқысын! Жақсы адам еді…Ұлы бабамыз Ахмет Иасауи хазреттерінің ұрпағы, елімізге бірнеше мәрте ат басын бұрып, Әзірет Сұлтанға қатысты еңбектері мен терең білімімен бөліскен танымал ғалым, Стамбұл қаласында өмір сүрген ардақты жерлесіміз Исматуллаһ ағамыз бұл жарық дүниемен қоштасты. Орта ғасырдағы Түркістанның Шайхул-Исламы Ибрахим шайхтың лайықты ұрпағы, “Түрік бірлігі” журналының негізін қалаушысы және бас директоры.

Ғалым жерлесіміздің дүниеден озуына байланысты өмірлік серігі Гүлшан жеңгейге, інісі – Стамбұлдағы Түркістандықтар мәдени орталығының төрағасы Акбар Иасауи мырзаға, қарындастары Атиқа мен Махбуба ханымға, ұлдары Бахадүр, Надир және Камол інілерімізге қайғырып, көңіл айтамыз.

Исматуллаһ ағамыздың жаназасы бүгін жұма намазында Түркияның Адана қаласында оқылып, сол жердегі түркістандықтар мазарына жерленеді.

Құрметті жерлестер! Исматуллаһ Иасауи ағамыздың рухына бір дұға бағыштап қойыңыздар.

 

 

https://www.facebook.com/share/1DTdfdyLuL/

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button