Жарық нұрдың сәулесі

Әбіш қожа

Адай руының ішіндегі қожалар тарихынан

Адай руының ішінде Назар қожа және Шалмалы қожа деп аталатын аталардан тараған ұрпақтары бар. Назар қожаны – қоңыр үйлі қожа деп те атаймыз. Адай руының ішіне қожалардың келуі туралы ата-бабаларымыздан келе жатқан әңгіменің мәйегі былай өрбейді.

Араб елінен шыққан қожалар ай жүріп, күн жүріп Хиуа шахарына жетеді. Базар ішінде келе жатып, үлкен бір ұрлықтың үстінен шығып, ұрылар қашып кетіп, бұлар қолға түсіп қалады. Хан алдына апарып жауап сұрайды. Бұлар өздерін дәлелдейтін куәгер жоқ, дарға асылатын болады. Содан екі қожаны дарға асса, Алланың кереметімен дардың жібі хан көзінше екі-үш рет өз-өзінен үзіліп кете береді. Бұның құр емес екенін шынында да қожалар екеніне көздері жеткен хан Пайғамбар ұрпақтарынан кешірім сұрап, ат-шапан айыбын беріп, қазақ даласына шығарып салады. Хош, содан екі қожа ел шетіне жетіп, сол ауылдың үлкеніне мән-жәйді айтып түсіндіреді. «Бұл – адайдың мұңал деген ауылы екен. Ауыл үлкендері айналайындар біздің ауылдың халқы тентектеу еді, бұлар кіргізіп ертең аш болған күні қонағын жеп қойады. Менің айтқан ақылым, мына төбе астында, адайдың Тобыш деген ауылы бар. Сол ауылдың аузы дуалы би Әлмембет деген атаң бар сол ауылға барып көрші ауылы қонақ арылмаған берекелі ауыл» деп, жөн айтады. Сөйтіп екі қожа Әлмембеттің аулына келсе,той болып жатыр екен.Бұларды ешкім елеп-ескермейді. Әлмембеттің ағаш үйіне келіп кірсе іші толған би-бағыландар екен. Бұлар кірген жерге босағаға отыра қалысады. Біраздан соң табақ толы ет тартылады. Бір табақ ішінде құнан қойдың басы бар бас табақты,төрде отырған ақсақалдардың алдына қойылады. Сыйлы адамдардың біреуі басты енді ұстай бергені сол екен, аяқ жақта отырған қожалардың біреуі, «Әй, бас, орныңды тап» дегені сол екен бас табақтағы қойдың басы ұшып барып екі қожаның табағына топ ете қалады. Бұны көзбен көрген Әлмембет атамыз бұлардың құр емес екендерін көріп, қайта қой сойып қонағасы беріледі. Әлмембет атамыздың төрт баласы бар. Зорбай, Табынай, Шоңай, Бәубек. Қожаны бесінші бала қылып отау тігіп бөлек отау қылады. Әлмембет атамыздың жалғыз қызы болған аты Шитікен есімді жалғыз қызы төсек тартқан айықпас ауру екен. Әлмембет «қожа болсаңдар, Аллаға жақын, қасиетті әулиесіңдер ғой. Емдерің шипа, дұғаларың қабыл болар, менің мына қызымды емдеңдер. Жазып бергендеріңе үстеріңе үй, алдарыңа мал салып, бесінші балам етемін»-дейді. Екі қожаның үлкені Назар екен. Сол Шитікенді емдеп жазады. Қасиетін көрген Әлмембет ата риза болып, Шитікенді Назарға ұзатып, қызының жасауы мен отауының үстіне өзінің қоңыр үйін де үстемелейді. Сөйтіп, Әлмембеттің бесінші баласы болған Назар Адай ішінде «Қоңыр үйлі Қожа» аталып, одан Қожакелен мен Мұрын туып,бұлардан көп тұқым өрбейді. Іштерінен небір көріпкелдер, керемет балгер емшілер шықты. Солардың ішінен шыққан Құрмантай қожа, Қартбай қожа, Сартай қожа, Әбіш қожа сияқты керемет көрсеткен қожалар ел арасында мұрасы жинаусыз, ізі зерттеусіз жатыр.

Құдіреті күшті Алла тағаланың жұмыр жер бетіндегі ұлы елшісі , ұлы Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с) құрайыш тайпасының тектілігінен кіршіксіз де пәк, мөлдір де кәусар бұлағынан бастау алған, бәрі де бүкіл мұсылман баласы үшін аса қасиетті саналатын құран – кәрімнің иманы шариғаттарын уағыздау арқылы Алла тағаланың ақ жолынан таймауға бел буған киелі аруақтар – Назар қожа мен Кедей Қожаның өрісінен өрбіген аталы ұрпақтар: Есмәмбет, Бимағанбет Қожалар, Ермағанбеттен кіндік тартқан Нәби қожаның тұңғыш бел баласы – Әбіш қожа еді.

Маңғыстау ойы деп аталатын қазіргі Қызылсай ауылының төңірегіндегі Қараой деген жерде Бірқұлақ бұлағының басында қоныстанған Нәби Қожаның шаңырағында 1895 жылы (айы, күні белгісіз, бірақ естіміс ағайын қазан айының орта тұсында деп шамалайды) шекесі торсықтай ақұлпа нәресте жарық дүниеге келген. Кіндігі кесіліп, азан шақырылып Әбіш деп аты қойылған соң, алдымен Алла тағала, содан киелі ата – бабалардың рухы желеп-жебеп, Ғайыпберген қырық пілтен періштелер қолдап, шапағатын барынша тигізіп отыратын қасиетті әулие кісі.

Кеңес дәуіріндегі кесірлі қуғын –сүргін сергелдеңінен, келеңсіз зорлық зомбылық зардыбынан шыдамы таусылған шарасыздық салдарынан Әбіш Қожа әулеті көршілес Түркменстанға, Бесқала маңайына қоныс аударған. Әбіш Қожа Түркменстанға келген соң темір жол бойындағы Қазанжық, Ақшақұйма бекеттерінде біраз жыл теміржолшы қызметін атқарған.

Әбіш Қожаның алғашқы үйленген әйелі Жанақ Әуелбайқызы Қаншай еді. Ол кісі 1948 жылы қарашадағы зілзала Ақшақұймадағы үш баласы : Жапар, Ілесбай (Әзім), кенже қызы Нүрия және іштегі перзентімен опырылған тамның астында қалып, опат болады. Бейкүнә жандардың қаралы қазасының қырық күндік садақасы берілгеннен кейін өзі Ақбақай деп аялап өткен Әбіш Қожа Жайылған Шегем Үсеннің қызы Кенғанмен отасады.

ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

1) Қарт Каспийдің асау толқындарымен арыстанша алысқан ардагер азаматтар ел арасында жиі кездеседі. Ризық несібесісін балықшылық кәсібімен айналысып тапқан, жанұясын сонмен асырап баққан жайсаң жандардың жақсы әңгімелері жүрегіңді тербеп бойыңа ой қосады. Өткен жазда Форт-Шевченко қаласында майталман балықшы, кеме капитаны Социалитстік еңбек ері Ізтұрған Оразбаев 80 жасқа толған мерей тойында сондай жақсы әңгіме куәсі болдық. Әдетте, оны көрген адамдар бас қосқанда әңгіменің желісі ел жақсылары оның қазіргі адамдары төңірегеінде болады ғой, бұл жолы әңгіменің елдің қадірлі ақсақалдарының бірі – өмірі балық аулаумен өткен кеме капитаны – сексеннің сеңгірінен асқан ақсақал Нұркешов Нұрғали бастап өз басынан кешкен оқиғаны тыңдаушы қауымға тамсандыра айтып берді. Ол былай деді: «Өздерің білсіздер, менің саналы өмірімнің барлығы балық аулаумен өтті. Қырқыншы жылдардың аяғында Гурьев қаласынан су сыйымдылығы 20 тонналық кеме жүргізу құқығына ие болып, диплом алдым. Сол жылдардан бастап Каспийдің оңтүстігінде Иран шекерасынан қыста балық аулап, тасымалдаумен шұғылдандық. Ол кезде оңтүстіктен балық аулайтын кемелердің саны жүзден саналады да, бүкіл каспийдегі балық аулайтын экспедцияның Бүкіл одақтың Каспий бассейіні атынан бір адам басқарды. Ол П.Г. Дементьев деген кісі болатын, 1963 жылы болу керек 90 тонналық жүк көтеретін кеменің капитанымын. Балық тиеп келуге тапсырма алдым. Көп кешікпей балығымды тиеп алып, бір шаруамен Кура өзеніне кіруге тура келді, қырсыққанда қымыран іріиді дегендей күнде өтіп жүрген жерден сәл қателесіп, кемемді жалпақ теңізасты тасына шығарып алдым. Ол кезде кемені тасқа шығару капитан үшін тастай кемінде 5 жыл түрме деген сөз. Зәре жоқ. Кемені шығаруға көмек сұрап, Дементьевке жедел хат жолдадым. Дементьев сау болсын көп кідірмей двигателінің қуаты 1000 аттық екі өте ірі кемені көмекке алып келіп, менің тасқа шыққан кемемді жуандығы жеңді білектей болат тростармен тартты, екі кеме екі мың аттық қуатпен бір уақытта тартса да кемені орнынан қозғалта алмай, Дементьевтің салы судан қайтып тағы да кемелер жинап келемін деп кетіп қалды. Сонымен не керек үш күн өтті, төрт күн өтті. Дементьевтен хабар болмады. Ойламаған жерден кенеттен ойыма ой келді. Маңғыстаудың 362 әулиесі, алыс оған біздің жалынышты тілектеріміз жетпей жатқан шығар. Әзірбайжан мен Иранның әулиелерін білмейміз. Осы тұста күннің дәл шығысында Красноводск қаласына жақын жерде Әбіш Қожа деген қасиетті адам бар деп естуші едім. Сол Әбекеңе жалынбасақ болмайтын болды. Деп Кубрикте отырған жолдастарыма пікір білдірдім.олар не десін мақұлдады. Мен кешкі кезекті жатар алдында, Уа Мұхаммед пайғамбарымыздың әулеті қадірлі, Әбеке, менің аянышты тілектерімді періштерлер Сізге жеткізгей, бүгін бесінші күн тас түстінде тұрмыз. Бізді мына зіл –заладан құтқара көр деп тілек тіледім, Таңертең сағат 6 – ларда тұрып кеме үстінде сергелдеңмен жүр едім, кеменің механигі Балжұмыров Қайыпберген : Нұреке , Нұреке анау не зат? Күннің шығысынан тау –тау болып толқын келеді – деп айқайлай жіберді. Күн желсіз, тымық болатын. Қарағанда мен де өз көзіме өзім сенбедім. Каспийдің көз жеткізісіз айдындай толқындар бізге жақындап келді де, таста тұрған кемеге соқты, соққанда да таудай толқын бір емес үшінші рет соққанда кемені көтеріп апарып, терең суға зітіріп тастады. Біз өз көзімізге де , өзімізге де сенбедік. Қуанарымыз ды да, жыларымыз да білмедік. Ақыл –ой , парасат жетпейтін болды. Әрине біз оны Әбіш Қожадан келген шапағат екенін білдік. Терең теңізге түскен соң, кемеміздің двигателін қыздырып, балықшылар экспедициясы тұрған сольян рейдесіне бардым. Дементьевпен кездесіп, болған жағдайды айттым, үндемеді. Кім де болса, сен құтқарушыңның алдында борыштысың. Сені ол кісі өз қасиетімен түрменнің нанын татудан босатты деді. Келесі бір сапарымда Әбекеңе алғысымды айтайын анау мынау сый – сыйяпатымды берейін деп Красноводскіге соқтым. Автомашина жалдап, қасыма менің екі-үш адамын алып, Тартада отырған Әбекеңнің ауылына тартып отырдық. Келсек Әбекең үйінде намаз оқып отыр екен. Күттік намазын оқып болған назарын бізге бұрып амансыздар ма шырақтарым, Үкімет намаз оқыма деді. Оқымадық, Енді оқығанға қарсылық жасамаған соң оқып жатырғанымыз ғой. Сендер анада бір зардап шеккен кеменің адамдарысыз, жалынышты тілектерің құлағыма келіп Алладан медет сұрап, дұғалық етіп едім. Алла мақұлдап, аман қалған екенсіздер. Қонақ болыңдар деп сырттан балалардың біреуін шақырды. Мына қонақтарға өрістен мал әкеліп союға тапсырма беріп те үлгерді. Бірақ біз рахметімізді айтып анау-мынау заттарымызда беріп кетіп қалдық деді», Нұрекең өз басынан өткен Әбіш Қожаға байланысты әңгімеден басқа тағы бір әңгімені айтып берді. «Сол жылдары деді Нұрекең Құлымаяк деген жерде балық аулап жүрген үш адамы бар кішкене бударка қайықтың табан тақтайымен қабырға тақтайынан үш жерден тесіліп қайық ішіне парлап су құйыла бастады. Балықшылардың қайық ішіне тесіктен құйылған суды шелектеп сыртқа төгуден шаршап, енді суға кету қаупі туады. Амалы құрыған балықшылар Уә Әбіш Қожа әруағымен жарылқай көр деп Әбекеңе жылап, еңіреп жалбарынады. Сәске түс мезгілінде Тартадағы өз үйіне қапылып кірген Әбекең Ақбақай, Ақбақай (кемпірінің балама аты) жылдам табаққа ұн салда үш шелпек нан иле деп тапсырма береді. Иленіп жазылған үш шелпектің дұғалық оқып, үшкіріп шаңырақтан атып жібереді. Қолдары шелекпен су төгуден сіресіп қалған балықшылар енді шелекпен тағды су алуға үңілсе, қайықтың ішінде су жоқ. Қайықшылар қайықты есіп жағаға шығарды. Бударкасын аударып, қараса манағы су парлаған үш тесікке үш шелпек нан цемент болып жабысып қалыпты. Құдайдың құдіреті деген осы емес пе. Сеніңіздер, Сенбеңіздер дәл осындай деді Нұрекең».

Тартадағы үйіне кенеттен қонақтар келіп қалып сауын түйелер өрісте болғандықтан шәйға құятын сүт болмай қалғанда, Әбекең жақын жерде жүрген қысыр маяны жетектетіп алдырып, сүт саудырғаны да шындық, Оны өз көзімен көрген адамадар әлі де тірі. Шындығын айту керек Әбіш Қожа туралы Маңғыстау адайлары тек естігіндері болмаса көп біле бермейді. Себебі: Әбекең жас жігіт кезінде Түркменстанға қоныс аударып, бүкіл саналы ғұмырын емшілік қасиетін сонда өткізген екен әруақ иесі. Ал бүкіл красноводск маңы емес Түркменстан қазақтары Әбекең туралы айтса ішіп отырған асын жерге қояды. Әбекеңнің 1948 ж. Ашхабата және сол маңда болған жер сілкінісінен кейін Қазанжық қаласында бес баласымен әйелі қайтыс болады, 1950 ж. Красноводск қаласына қоныс аударып, әуелі қалада кейіннен Тарта деген жерде үй салдырып, жазы – қысы отырып емшілікпен айналысқан. Кенхан деген әйелмен тұрмыс құрған. Әбекеңнің қайталанбас қасиетінен шипа тауып, дертіне дауа, ауруына ем алған адамдарды есептеп шығу мүмкін де емес. Әбекеңнің тірі кезінде Красноводскіде Тартаға шұбырған автомашина шаңы біріне – бірі жалғасып жататын еді. – деседі. Көне қариялар Әбекең сайқымазақ, ақкөңіл, домбыра тартып, өлең айтатын адам болыпты. Мырза дүниеқоңыздықтың қарсыласы, зейнетақысын да таныстары мен жарлы жақыбайларға бөліп береді екен. Ақтау қаласының 13 шағын ауданында менің Красноводск қаласының көшіп келген Нұрманов Жұбан деген ағам тұратын. Сол үйдің төрінде бетінің нұры тамып, күлімдеген баында қалпағы бар, қиқ мұртты, қоңыр жүзді адамның рамаға салынған суреті тұр. Ол суретті үй – ішін қасиетті адамның қалдырған тәберегі деп қастерлеп, күтіп ұстайды. Алуа жеңгей айтады: – Красноводск қаласында Әбекеңнің үйі мен тумаластарымен араласып тұрдық.

2) Құт қонып қыдыр дарыған қасиетті Әбіш Қожа жайлы Жаңаөзен қаласында тұратын Әуелбайұлы Абаттың (Әбіш атамыздың балдызы болып келетін) ұлы Аманның шаңырағында болып қайттық. Әбіш атамыздың қолдарында болған бөрік пен домбыра (Есмәмбет ата әулиесіне тапсырылған) туралы терең толғаныспен естіліктерін айтты.

«Атамыз туралы шертілер әңгіменің шегі де , шеті де бола қояр ма екен. Шындық – күннің көзі сияқты. Оны алақанымен жауып бүркеуге келмейтіні кім –кімге де бесенеден белгілі жайт емес пе?!Сондықтан олар ата жайлы шынайы әңгімелерді ойдан шығарып аңызға айналдырып жіберген ешкім де жоқ. Өйткені ол кісінің зайырлығын күллі жұрт көзімен көрді . қасиетін құрметтеді, әулиелігін әспеттеді. Таңғажайып айтақаларлықтай ерекше болмысы: құмалақ ашқан емес, қолдан дәрі – дәрмек жасап та көрген емес. Алланың ақ жолында ары да ақ, жаны да пәк, мұнтаздай кесіп пішілген біртума қайталанбас тұлға. Атамыздан бізге домбырасы мен бөрігі қалған болатын. Бірде руы жанақ Қартбай ағамыздың шаңырағындағы боталаған түйенің саудыртпай тұрғанын айтып, кешкелетіп сол шаңыраққа барып кешкі астан соң, қораға қарай бет алдық. Жеңешеме үш күн саудыртпаған түйе маған қайдан саудыртсын деп жүрегім аузыма тығылып қораға бет алғанымыз сол екен Аманның (Абаттың баласы) ИЯ, АЛЛА , Әбіш Кәке деп үш рет айқайлап ішінен күбірлеп бір нәрселер айтқаны сол екен түйе екі аяғын табандап тұра қалды.Мен жүгіре шелегімді алып саууға кірістім.Содан сол түйені сауғаным бар» . Тағы да бір оқиға жолдасым Аманға отызға шығып үйге кешкілік дастархан жайлып қонақ күтпек едім. 7 жылдан соң көрінген ұлын шаңырағымызға әкелген құрдасымыз дастарханға отырар отырмастан баласы безілдеп қоя берді, баланың жылағаны соншалық енді…. мен жүгіріп төрде ілініп тұрған атамыздың домбырасын алып, баланың басын «Біссіміләә» , деп үш рет айналдырғаным сол екен. Бала жылауын қойды» деп апамыз сөзін түйді айтар әңгіменің шертілер ойдың толссыз екені даусыз…

3) «Жасымыз жетпістен асып қозы көш жер ұзап та барады. Жер басқан екі аяқты пендеге, әрине аз жас емес. Мейірімі мол Алла тағаланың ырзық – несібесінің арқасында әлі де жүре бергіміз келеді. Өткенді бір ойлап, өткенді екі ойлап дөңбекшіп шығатын сәттеріміз де аз емес. «Не көрмеген мынау бас!» дегендей осынау жылдар торабында көпті де көрдік, көпті де түйдік. Небір асыл жайсаң жандармен де жолдас болдық» -деп сөзін бастаған Манас Қожа атамыз Әбіш Қожа мен оның әкесі үзеңгілес дос болған екен. Әкесі арасында Тартаға барып хал – жағдай сұрасып тұрады екен. Бір күні Тәжібек келген соң Әбіш Қожа мал сойдырмағанмен ет астырыпты. Тәжібек жолының ұзақ екенін, алда пойызға үлгеру керектігін қанша айтқанымен қазанның буын тастамау керектігін ескертіп жібермепті. Әбден ет желініп, шәй ішіліп болған соң ал, жолың болсын шыға берісте оталып тұрған жеңіл автомәшиненің тұрғандығын айтып шығарып салыпты. Үйден асып мәшиненің салған жолымен келе жатса Әбіш Қожа айтқандай алдынан мәшине шығады, бірақ иесі қыздыра алмай тұрғанын айтқаны сол – ақ екен көліктің бір қаққаннан қызып кетуі жүргізушіні де , Тәжібекті де таңғалдырды. Емінің бар болғаны қарапайым бір –ақ нәрсе: ол – бір жапырақ қана ақ мата . Онысы жібек те емес, мақпал да емес, кәдімгі ақ шыт мата болатын. Құдіреті күшті Алла тағаламның жарық дүниені ақ нұрдан жаратқаны сияқты Әбіш қожаның оң қолымен беретін бет орамалға танитынздай ғана алақандай ақ матасына дертіне дауа, жаныңа жжалау боларлықтай қандай құмбыл құпиясы, сиқырлы сырлы барлығы бір Тәңірімнен басқасына аян емес. Сол тұңғыйық тылсым шешілмес жұмбақ күйінде қала бермек. Жарықтық Әбіш Қожа – Қытайдан болсын, Қырымнан болсын, өзінен тілеу тілеп, көмек күткен пенделердің қандай ауыр күйге душар болғанын алдын ала сезетін еді.

 

ҚОЖА ӘБІШТІҢ АЙТҚАНЫ

Әуелі Алла – өзіңнен,

Өзіңнің берген деміңнен.

Ақсұңқар торға ілінер,

Бір жейтұғын жемінен.

Сақидың қолы тартылар,

Айдарға малдың кемінен.

Қаумалаған қайран көп,

Домбыра бердің сөйле деп.

Сендер сөйле деген соң

Мен сөйлейін термелеп.

Тәңір берген жел сөзді

Аяйын ба сендерден,

Шығарайын бөлмелеп.

Аруағым менің келеді,

Жылдан-жылға өрмелеп.

Мен жүйріктің сойымын,

Шыныменен шарпынсам,

Ұстай алмай қаларсың,

Қолдарыңды сермелеп.

Жайық толып тасқандай,

Мұнда не бар сасқандай?!

Алқалы дуды көрсем де,

Айтушы едім жасқанбай.

Батырлардың қолында,

Жасыл-шұбар алған ту,

Біздің жүрген жеріміз

Күнде базар, күнде ду.

Қайсы да бір жауабым

Қайраңға біткен жас талдай,

Құбылып тұрған мақпалдай.

Мәжілістің мәні болмайды,

Мырзаның өзі мақтанбай.

Бағалы, қымбат бәсің жоқ,

Көкіректен тапқандай.

Ажары кетер арудың,

Айырылса алған теңінен.

Бай бақытынан қайтарда,

Пақырлар кетер шемінен.

Су ішінде нән балық,

Шағала құсқа жем болар,

Айырылса шалқар көлінен.

Сөйле,сөйле қызыл тіл!

Сен де бір күн өлерсің,

Бір төбенің басында,

Бір моланың қасында.

Қара жердің қойнына

Амалың жоқ кірерсің…

Мәңкүр-нәңкүр сауалын,

Тап сол жерде берерсің.

Кісінің ақын алмаңыз,

Кісінің ақын алсаңыз,

Иманыңнан төлейсің.

Иманыңнан айрылып,

Өзің не күн көерсің!..

 

***

Тұла бойым періште,

Әрқайсысы тұрған әр істе,

Жазбағай Алла, теріске.

Ойласаңдар келіске,

Арғымақтан туған буданмын,

Болмаймын алау желіске.

Қырғидан іліп қу алған,

Ылдидан қашып шұбалған,

Мәжілістіктің белгісі

Бұл отырған жамиғат,

Жиылып басың құралмақ.

Шешендіктің белгісі,

Айт дегенде іркілмей,

Дауыстап жауап шығармақ.

Сөйлегенмен қуаңдап,

Мал тапқанмен тызаңдап,

Әзірейлі құрық салған күн

Қалармыз-ау, тыраңдап.

Ақ кіреуке кигізіп,

Әркімдер жуар құмандап.

Бұл дүниенің баяны,

Айдын көлдер секілді

Бір күндер ақыр суалмақ…

 

Bolat Bakmuhamed  

 

Болат Бахмұхамед Фб парақшасынан алынды

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button