Бір суреттің сыры

Ғалымның жан әлемі

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің профессоры Қазыбай Құдайбергенов Мәскеудің педагогикалық білім беру академиясының академигі болып сайланды. Ғалым сексенге қарай бет бұрды.

Қазыбай – көрші ауылдың жігіті. Бала кезінен таныспыз. Арғы аталары Ұлби­кемен айтысатын, дуалы сөзімен Құнан­байды аға сұлтандыққа сайлаған Күдері­қожадан тарайды. Айтқыш Қалтаймен аталас туыс. Қазіргі «Шіркейлі» өңшең ақын-шайырлар ауылы болған. «Көкіл­таш» медресесінде оқыған Тапал ахун, одан Камалладин, Жәміш мақсұмдар, беріректе Қалтайдың әкесі Қарамолда. Мұхамеджан Нүрекеевтердің кіндік қаны тамған құнарлы өңір. «Заманай» деген төрт шумақ өлең жазып, қызыл империяны тоқпақ жалды торы айғырға теңегені үшін Мұхамеджан ата «халық жауы» атанып, атылып кеткені өзінше жыр.

Сол бір кездегі «Талап» атты кең жайлауда ғалым-тарихшы, экономика ғылымдарының кандидаты, профессор Қазыбай Құдайбергенов дүниеге кел­ген. Бала жастан қиыншылықты, өмір­дің тауқыметін көріп өскен. Әкесі Құ­дай­берген ақындығы бар, ала жіпті аттамағанын, колхоз басқарып тұрып, ашқұрсақ отырғанын көзкөргендер осы күнге дейін таусылмайтын әңгіме етуден жалықпайды.

Ендігі әңгімені текті тұлпардың тұяғы Қазыбай Құдайбергеновке қарай бұрайық. Оның «Сырым мен шыным» атты өлеңдер жинағы қолыма тигелі бері қайта-қайта парақтап оқып отырмын. «Оу, ғалым-профессор ақын екен-ау» деп тамсанып қоямын. Өлеңдері, Абай айтқандай, жұп-жұмыр екен. Осы кітабын маған ұсына отырып, былайша эпиграф жазып жіберіпті:Сырым да осы ағажан, шыным да осы,Өлең жазам келгенде көңіл қошы.Қылышымен қара сөз «жауға»шапқан,Өзіңізсіз ініңнің адал досы!«Асылы, адамға қартайғанда мақтау керек секілді екен, лебізіне рахмет!» деп іштей ризалық пейіл байқатып, 200 бетке жуық топтама өлеңдеріне шолу жасауға бел будым.Кітаптың алғашқы беті біз оқып жүр­ген бұрынғы ақындар секілді Отан, туған жер емес, бірден сүйікті жары Жақсы­бикеге арналып, «Алғашқы танысуым» деп басталыпты:– Ауысып уақыт, шіркін, күн ментүнге,Зымырап өтіп жатыр жүрген бізге.Жиырма жыл өмірімді бірге өткізген,Сырымның кілті жарым – Жақсыгүлге!

Өзіңмен өткен шақтарым,Соғатын желге санаймын.Сырласқан саябақтардың,Самалын сепкен арайлым!Ғалым Қазыбай сүйген жарын осылай тербейді, тебіренеді. Сырымның кілті, саябақтардың самалы сепкені күні кеше­гідей екенін шумағымен өрнектейді. «Қалқан құлақ сары шалың ызыңдап келе берсінші, балаларыңның бағы бол» деген шынайы сезім сүйікті жары елуге толғанда арналыпты.

Жақсыбике ауыр сырқатқа шалдықты. Қазекеңді мұң басты. Алматыда операция жасар сәтте жарына:– Жанарыңнан жалт еткені соңғы мадеп қорықтым,Көкірекке шер мен мұң толды мадеп қорықтым!Қоштасатын уақыт, шіркін, жетті медеп қорықтым,Он сегіз жыл еш думансыз өтті медеп қорықтым! –деп ажал құрсауынан қалай аман алып шығамын деп азаматтың жаны күйзелгені жүректі сыздатады.Қазыбай күйзелді. Тағы да азамат өлең­мен шер тарқатты. Сүйікті жары Жақсы­бикеден, 2004 жылы жалғыз тұяғы – ұлынан айырылды. «Ароныма» деген өлеңде:– Тастатып артқа бәрін де балам,Өкініш өртеп ашиды жарам.Құзырын хақтың қабылдап алам,Бір күні мен де қасыңа барам!Ақынжанды азаматтың бұл жинағы сабырға, дауасыз ажалға, дос-жа­ран­дардың қамқор құшағына, қиын сәтте қол ұшын созған іні-қарындастарына, замандастарына ар­налғаны сезіледі. «Қай­ғыға дауа – уақыт» атты өлеңінде өзін-өзі жұбатады:– Қырқы да өтті, жүзі де жақын,жыл келер,Жөнделер әлі қиюы кеткен іргелер.Бақилық болып кеткенше біздерпәниден,Жүректе жаны, рухы мәңгі бізбен ол.Жараның емі зымырапжатқан уақытта,Дегенмен, алда қуаныш та бар,қауіп бар.Кеткелі Арон көңіл де, шіркін,селт етпей,Тұрғандай бүркіп жаңбырмен біргежауып қар!Иә, өмір – өзен, ол ағысын тоқтат­пайды. Тірі адам тіршілікке бет бұрады.

Бұл кітап жеті тараудан тұрады. Ақын­жанды азамат «жүрек – жамау, қиял – құз, санам – сағым» деп өзін-өзі жұбатады, қанатын қатайтқандай болады. Аллаға әмір жүрмейтінін мойындайды.

Кітапты одан әрі оқып, парақтай бас­тадым. Ауылдас інісі ақын Қанатбектің кітаптағы арнауы жан толқытады. Қазе­кеңе «Мойыма, аға, мойыма!» деп қуат бергендей жыр арнайды.– Баршаға биік бағасы,Риза, қайны, ағасы.Қабырғамызды қайыстырды-ау,Жақсыбикенің қазасы.Тот баспайды тазаны,Болғанмен өмір азабы.Жүрегіңіздегі жараны,Уақыт қана жазады.Әрине, уақыт – емші. Ол ұрпақпен жалғаса бермек. Кітаптағы сүйікті ағасы Әбибулла Мұхамеджанов, Пасахаддин Еспенбетовтің арнау өлеңдерінде Қа­зы­­байға деген ілтипат, қамқор құшақ, са­бырға шақырған шынайы ілтипат сезіліп тұр.

Ақын Әскербек Рақымбекұлы заман­дасы Қазыбайдың сүйген жары Жақсы­бикенің жылындағы оқыған өлеңі кітап­тың өн бойын одан әрі толықтырып тұр­ғандай. Ақын Әскербек былайша тебі­ренеді:– Жақсыбикедей жарыңмен тауыпжарасым,Талай жыл тақтың сыйлағансаған сағатын.Қырандай едің қиядан тұрақ табатын,Ұлың мен қызың қанатың еді қағатын.

Қапияда, досым, қанатыңнан сенқайырылдың,Жалғыз жұлдызың – жалғыз ұлыңнанайырылдың.Қара аспан құлап,Қайғырдың сонда, қайғырдың,Айрылдың естен аманыңдасен ай-күннің.Жаралы күндер жалғасты солай,жалғасты,Жақсыбикенің жағасына дертіжармасты.Араға түсті сұм ажал атты албастыАйырды-ау сені махаббатыңнаналғашқы.Көп жылдан бері көтердің жүктінар шыдар,Қап-қара бұлттан аспаның ендіашылар…Аялап жүрген ақ арманың дабар шығар,Шақтасың, досым, шабыттыңатын қамшылар…

Соңғы жетінші тараудағы та­биғат, көктем сезімдері, Германияда әс­ке­ри борышын өтеп жүргендегі жаз­ба­лары, сондай-ақ дос-жарандарға, ақын Сейілге, академик Д.Кішібековке, тағы басқаларға арнаған өлеңдері шып-шымыр, оқуға ынтызар етеді. Кі­тап­та туған жер келбеті, кез­десулер, ата-бабаларының көркем бояулы суреттері берілген.

Біз бүгін ғалымның ақындық өне­рінен сыр ағыттық. Оның ғалым ретін­де тындырған ісіне тоқталмадық. Жалпы ғалым, профессор Қазыбай Құдай­бер­генов – топ жара сөйлейтін шешен­дігі бар азамат, орынды жерінде таптырмайтын асаба, мәселені әріден қозғайтын білгір, қара сөздің де қара нары.

Ғылыми бағыты – экономика тари­хы, өндіргіш күштерді орналастыру мә­селелері, қазақ ағартушыларының эко­­но­микалық көзқарастары, екі моно­гра­фияның, оқу құралының, жүзге жуық ғылыми мақалалардың авторы, Мәс­кеудегі педагогикалық білім беру академиясының корреспондент мүшесі, академик. Бір басына жетерлік сан алуан марапаты бар. Қысқасы, сөз түйіні: Қа­зыбай – сегіз қырлы, бір сырлы. Ақынжанды ғалымның «Сырым мен шыным» атты өлеңдер жинағын па­рақ­тап оқығанда қандай ой түйдік? Азамат өзінің іштегі шер-шеменін, жан тебіренісін сыртқа шығарған секілді. Сейфолла Оспан, Әскербек Рахым­бекұлы, айтыс ақыны Зәмәдин Ибадуллаевтар жыр шу­мақтарымен Қазыбайды одан әрі қанаттандырғандай әсер қалдырады. Біз де осы тілекке қосыламыз.

Бүгін оның ғалымдығынан гөрі ақын­дық өнерге деген ұмтылысын аз-кем сөз еттік. Бәлкім, Қазыбайдың өлең-арнауларына тереңірек зейін қойып, сәт сапар тілеп жатса, артық болмас деп тұжырымдауды парыз тұттық.

Қайырбек МЫРЗАХМЕТҰЛЫ,Қазақстанның Құрметтіжурналисі

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button