Білген Шайыр айтады

Әзіреті Мұхаммед Мұстафа (с.ә.у.) үмбеттерінің дәрежелерін айтқан сөзі

Икрам ишан Қасымұлы (1860-1923ж.ж.)

Ідіріске жәрдем болып бір Алладан,
Жәннатта жүрген уақытта қылып тыран.
Құданың әміріменен жаратылған,
Бір ұлық жайды көріп қалды қайран.
Қараса сол жайға назар салып,
Көздері ұзақтықтан тұрды талып.
Ішінде неше түрлі хурді көріп,
Тұрыпты жамалына қайран қалып.
Оларды көргеннен соң жүзде нұрын,
Хурлерден көріп жүрген басқа түрін.
Жәннатта қанша уақыттар жүргенменен,
Оларды көрген емес мұнан бұрын.
Бұлардың жамалына болып қайран,
Кете алмай біраз тұрған ушал жайдан.
Олардың бәріне көңілі кетіп,
Жаратқан үміт қылды бір Құдайдан.
Ол хүрлер бір Алланың әміріменен,
Ідіріске ушал заман жауап берген.
Біздерді сіздің үшін жаратқан жоқ,
Я Ідіріс умидуар болма бізден.
Мұхаммед ақыр заман пайғамбары,
Жаралған түфәйлінен ғалам бәрі.
Келер деп бізге қашан ынтызармыз,
Ол ердің қияметте үмбеттері.
Біздерді жаратқанда Пәруардігәр,
Жаратқан олар үшін бол хабардар.
Жаратқан олар үшін баршамызды,
Дүниеде Мұхаммедтің үмбеті бар.

Ия Ідіріс, хурлар айтқан болмағыл дақ,
Біздерді жаратқанда әуелі Хақ.
Мұхаммед үмбетіне нәсіп қылған,
Тұрыппыз келмегіне болып муштақ.
Әзіреті Ідіріс наби мұны есітіп,
Өзінің мекеніне қалған кетіп.
Мұхаммед болмадым деп үмбетінен,
Бейхисап қапа болған арзу етіп.
Әр бенде надан болмай болса зерек,
Қадірін үмбеттіктің білу керек.
Мағынасы үмбеттіктің біреу болмақ,
Айтқанын пайғамбардың қылу керек.
Құданың көп адамдар парызын қылмай,
Оразамен намазыменен ісі болмай.
Айтады үмбетпін деп аузыменен,
Қылуға бұйырғанын қолы бармай.
Жүреді баз біреулер мұртын баспай,
Бәрінен бидғат істің ешбір қашпай.
Мақұл деп менің мұным жүре берер,
Сілтесе тура жолға көзін ашпай.
Жүреді көп адамдар ауыз сөгіп,
Иманның абыройын жерге төгіп.
Калиманы һәм қайтармас жылдамырақ,
Жаман сөз айтқанына көп өкініп.
Қарасаң баз біреуді Құдай атып,
Ғафылатпен күн шыққанша қалар жатып.
Болғанға намаз қаза ашынбастан,
Папирозын жүре берер бұрқыратып.
Өздері бұл тариқа болсадағы,
Қимылдап сөз бермейді тұрса жағы

Салғанда бұл уақытында даналыққа
Кім бар деп менен бөлек айтар тағы.
Бермекке шариғатпен тәубе таъзир,
Емеспін қазы-қалан яки уәзір.
Құдайым қияметте өзі білер,
Қайқайып жүре берсін әлі хазыр.
Көргенде баз біреудің жаман хәлін,
Дариға қойдыруға келмейді хәлім.
Олардың сол пейіліне шыдай алмай,
Қайнайды дықатлықтан зығырданым.
Барғанда қияметте Тәңірім қазы,
Қыл сират құрылғанда һәм таразы.
Сауаптың кінәменен сол уақытында,
Баршаға мағлұм болар көбі азы.
Бұл күнде айтқанменен бермес теңдік,
Көңілінде құлшылықты көрер кемдік.
Тәубені өлмей тұрып нәсіп қылар,
Құдайым қай бендеге қылса кеңдік.
Қарғаса қай бендені Пәруардігәр,
Қылмайды ақыреттен құп хабардар.
Қаһарынан бұл дүниеде қорықпағанға,
Маһшарда Құдайымның ғазабы бар.
Мархамет қай бендеге қылса Алла,
Қылады ғапыл қылмай көңілін агаһ.
Құданың айтса болар дұшпаны деп,
Дүниеде кімді ғапыл қылса нагаһ.
Бұл сөзді түрткі қылып салып хатқа,
Қаламын бағзы уақытта машақатқа.
Есітсе инша Алла майдай жағар,
Көңілінде тауфиғы бар азаматқа.

Тауфиғы жоқ адамның құлағынан,
Кетеді есітседе бір жағынан.
Бейтауфиқ бұл дүниеден әркім өтсе,
Жәннаттың нәсіп болмас шарбағына.
Біз ғаріп бұл сөздерге мехнат қылған,
Оқыған сауап табар һәм тыңдаған.
Жақпайтын құлағына ғапылдардың,
Сонаның аузындай дыңғылдаған.
Барады айта берсем сөз ұзайып,
Бейорын ұзын қылмақ жолдарға қиып.
Құдая мұсылманға тауфиқ бер деп,
Тұрыңдар дұға қылып қолды жайып.
Жарылқа, я Раббана асы бізді,
Өткіздік ғапылдықпен жасымызды.
Болмаса рахметіңнен бір дарамат,
Қорғайтын шамамыз жоқ басымызды.
Атам бар һәм анам бар, бабаларым,
Жамиғ аһлі әулет балаларым.
Ешбірін Рахметіңнен наумид қылма,
Жарылқа, я Раббана бәрін аның.
Қиямет мысалы бір ұлық майдан,
Жиналар халықтың бәрі әрбір жайдан.
Ол жайда қылмағай деп бейабырой,
Үмітім көп жаратқан бір Құдайдан.

Расул әлейхи уәссәламның нұр сипаты жаралғаны

лемнен он сегіз мың әуел бұрын,
Жаратқан пайғамбардың Алла нұрын.
Күллі мақлуқ Алланың нұры деген,
Хакиза дәлел болар жариш мұның.
«Дақиха акбар» атты бір кітапта
Әр бірін дәлел менен айта дүрлар.
Расулдың нұр шарифы жаралғанын,
Осындай таксип пенен айта дүрлар.
«Халқ» атты нұрдан Алла бір дарақты,
Түбі бір жоғарысы төрт бұтақты.
Өзінің құдретімен Жаббар Құда,
«Якин»деп ол дараққа қойды атты.
Аннан соң Расул нұрын қылды біна,
Халқ атты маруайшин берді мұнға.
Үстіне ол дарақтың байлап қойды,
Тауыстың ұқсас қылып сурәтінә.
Үстіне ол дарақтың тауыс тұрды,
Есебін жетпіс мың жыл зікір қылды.
Тауыстың қарсына оннан кейін,
Бір айна пайда болып жаратылды.

Айнаға назар қылды тауыс келіп,
Таңданды өз сүрәтін анда көріп.
Еңкейіп бес мәртебе сәжде қылды,
Көңліне бір Алладан қору алып.
Біздерге сол сәждені көріп ағаз,
Ұқтырды парыз қылып бес уақыт намаз.
Ол нұрға Жаббар Құда назар етті,
Ағзасы ойланғаннан терледі баз.
Басынан шыққан тердің құрметіне,
Халқ етті періштенің бәріне баз.
Жүзінен шыққан терден пайда болды,
Күрсі мен Лаухы калам,Ғаршы ағла.
Ай мен күн, жұлдыз бенен найиш пәрдә,
Аспанның мүлкінен болса әр на.
Жүзінің терлерінен пайда болды,
Бір түрлі көкірегіне тамды жана.
Пайғамбар мурсалдарын, биналарын,
Ғаламшаһлар менен салихларын.
Расулдың бұл теріне пайда болды,
Қасынан және бір түр тамыры аның.
Үммәтта момындар мен мұсылмандар,
Әр қанша қысабы жоқ қанша жандар.
Мубарак абыройынан шыққандарын,
Құлақтарын бір сыр шертіп тұрсын жана
Әруаққа бір жүрісі мәлім болды,
Бұларға ұқсасының бәрі болды.
Бір қатра аяғынан тамырлатар,
Көп жақсы күн батсада жеті қатар,
Дүниеде жасап жатқан барша мақлұқ,
Ол нұрдың себебінен жаралған дер.

Нұра айтты онан кейін Халқ,
Қарағын жан жағыңа назар салып.
Алды арты, оң тарабы, сол тарабы,
Қараса нұр тұрады шамша жанып.
Бұл тұрған шамша бардың еді нұры,
Көрсетті атрафына Алла мұны.
Аллаға осы халде таспих айтып,
Бір мыңнан бір қаншасы жетіп жатты.
Аннан соң қадрымен Хайи дана,
Халқ етті пайғамбарлар нұрын жана.
Мұхаммад Мұстафаның нұрларынан,
Жаратты баршасының рухын жана.
Жаралып Расулдың барша жаны,
Айттырды Лә илаха илла Алланы.
Мұхаммад бір Алланың Расулы деп,
Шүкірлік калимасын айтты бәрі.
Жаратты оннан кейін және кандил,
Мағынасын ол кандилдің қанша деп біл.
Сыртынан еш тарабы көрінбейді,
Хаққының қызылынан еділер бұл.
Онан соң Мұхаммадтың сүреттерін,
Халқ етті құдреті мен Алла бәрін.
Үстінде ол кандилдің отырғанда,
Дүниеге келгендей боп парман еткін.
Оннан соң тауаб етті рухтарына,
Жүз мың жыл таспих айтты бәрі бірдей.
Бір Құда ол жайларға парман етті,
Назар қып суреттерін көріңдер деп.
Алланың барша рухтар әмірін алып,
Қарады ол суретке назар салып.

Қай түрлі ағзаларын көрген болса,
Бендеге амал болды кейін қалып.
Бір кісі басын көріп болды найда,
Халифа, Сұлтан дерді бәрі анга.
Әр жердің әмірлігін инғам етті,
Мубарак жүзін көрсе қайсы бәнда.
Бір кісі пайғамбардың көрсе көзін,
Оқиды жанса болды «Алла» сөзін.
Мубарак қанша көрген бенделердің,
Пазлы мен сағадатты қылар өзін.
Расулдың құлақтарын көрген адам,
Бұларды есіткенше тұрар тамам.
Мүбарак жүзін көрген адамдардың,
Баршасы жақсы, ақылды болды тамам.
Болады мұрнын көрген қайым, хакім,
Әм талап боладүрлар ақыл жанан.
Құб жүзді өзі болад пәзілді һәм.
Расулдың аузын көрсе бірер кісі,
Өзіні тұтпақ болад дайым иіп.
Көп көрікті арқасынан көрген адам,
Көрініп қайсы халде Расулдан
Расулдың қайсы бенде тілін көрсе,
Патшадан нақыл болып Шаһқа келер.
Сақалын көрген болса бірер адам,
Жахри қып Хақ жолында болар иззат.
Көркінен көрген адам сауда қылып,
Әр кімге сатадылар әр нәрсе зат.
Оң қолын көрген адам қан алушы,
Сол қолын болар жаллады оның.
Расулдың көрген адам екі қолын,
Сынақтың, зеректіктің табар жолын.

Егерде сол қолдардың көрсе бірін,
Нақылшыл болмақ керек әсілі оның.
Оң қолды бірі көрсе қайсы бенде,
Ойлаушы болса керек әр бірі оның.
Дүниеде отын жинап көшіп еді,
Сол қолды бірі көрсе әр кім онда.
Көрселер екі қолдың саусақтарын,
Жазушы болса керек баршасы оның.
Бір кісі он саусақтың бірін көрсе,
Дүниеде тігіншілік көрер намын.
Сыртынан бұл саусақтың бірін көрсе,
Темірші інкәрлігін қалап алар.
Көкірегін көргендерді ғалым қылып,
Шүкір еткен махаббатты жолға салар.
Арқасын пайғамбардың көрген адам,
Әдепті хан жолына қояр қадам.
Мубарак маңлайларын көргендердің,
Ғазилік кәсіп етер бәрі тамам.
Мубарак қарнын көрсе бірер кісі,
Зайырлық, қанағатлық болар ісі.
Тізесін көрген адам намаз оқып,
Болады рукуһ, сәжде ол қылғушы.
Аяғын көрген адам шүкір қылып,
Табанын көрген адам жаяу жүрер.
Мұрынын көрген адам шайыр болып,
Насх қылып неше түрлі тән берерлер.
Сүретке қарамаса қайсы адам,
Перғауын,са һудлардүр оған қайран.
Назар қып ол тарапқа қарамаса,
Насари, мажуси мен жам бей худан.

Тік тұрған қыяпаты анық ұқсап,
Рүкүһнің катта жадүр ғаламаты.
Намаздың сәждесі дүр мимге ұқсас,
Ұқсайды кеудесінен дәл қиям бас.
Бұл сөзді тәпсір қылып білсе керек,
Ғылымнан хабары бар болса әр кісі.
Һәм және Мұхаммад дүр Расул намы,
Бәнденің ағзасына ұқсатар ай.
Бастары бенделердің муруһар дүр,
Айтылған әуелдегі мим мысалы.
Бенденің жамасалы қолдары бар,
Екінші мим сыпаты қарны дүрлар.
Ғибраттың көзіменен қарағанда,
Пормасы екі аяқтың ұқсайдылар.
Махшарда деген екен кәпірлерін,
Күнәһар асы, жапы бенделерін.
Доңыздың пормасында қып азап қылар,
Бұл көрген сүреттерін алып оның.
Себебін білмегендер сұраса мұның,
Қылмас дүр оның құрмет хабарының.
Құдая махшар күні өзгертпегін,
Мұхаммад үммәтының осы түрін.
Хусусан нәсіп еткен мен күнәһар,
Әділ етіп кешілмейтін күнәһым бар.
Досыңның іздерінің құрметі үшін,
Өзгертпе сүретімді, Я, Пәруардігәр!

Икрам ишан назымдары. Құрастырып аударған: С.Саттаров, Қ.Абытов, Шымкент 2023. 304 б. алынды

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button