Білген Шайыр айтады

Құрайыш атты жыланның баяны. Бұл жылан бес түрлі тайпаны жейді

ЕЛУ БЕСІНШІ ФАСЫЛ

Тозақта құрайыш атты бір жылан бар,

Осылайша үлкендігін нақыл қылар.

Құйрығы жеті қат жер төменінде,

Басы һәм жеті аспаннан өтіп тұрар.

 

Махшарға жиылғанда ініс илә жән,

Ол жылан бас көтерер жаһаннамнан.

Бір мәрте айбат илә айқай салар,

Қалтырар махшар әһле болып ләрзән.

 

Жәбірейіл сол мезгілде келер жетіп,

Жыланға айтадүрлер ызһар етіп.

Көңліңде қайсы түрлі мүддағаң бар,

Осынша айқайлайсың хәдтен өтіп.

 

Жылан дер Алла маған хабар берді,

Нәсібім бес тайпа адам еді.

Баршасын казір енді жесем керек,

Алланың уәде қылған күні келді.

 

Әуелі бейнамаздар тәркі салат,

Екінші бермесеңдер малдан зекет.

Үшінші шарап ішкен адамдар дүр,

Төртінші сүт қорлар деп әйләгай жад.

 

Бесінші мешіт ішіне біреу барып,

Сөйлесе дүние көзін аузына алып.

Денесін керек етіп жесем керек,

Бұлардың жаһаннамға бәрін салып.

 

Айтылған бес тайпа адамдарын,

Тозаққа забанилер салғай бәрін.

Ол жылан неше түрлі зәһрін салып,

Жегейлер терісі мен етін әнің.

 

Әр кісі шарап ішіп әдет етер,

Дүниеден тәубе қылмай ажал жетер,

Арақты ыдысымен мойнына іліп,

Ол күні забанилер тозаққа елтер.

 

Аузынан шарап иісі шығып тұрар,

Мәләклер гүрзі менен тынбай ұрар.

Айтылған ахуалы мен отқа салып,

Бір мың жыл от ішінде азап қылар.

 

Гүрзінің зарпыменен майдаланып,

Құл болып денелері кетер жанып.

Гүрзісін көтергенде жіне тұрар,

Ілгергі өз әсліне қайтып барып.

 

Ол пенде шөлдегеннен қылып нала,

Арыз етер су бергін деп бір Аллаға.

Бір Алла құдіретімен пәрмен етіп,

Ыстық су ішпек үшін бергей әңә.

 

Ол суды құрсант болып алып ішер,

Ыстықтан жүрек, бауыры күйіп пісер.

Зәһәрінің ащылығы әсер қылып,

Езіліп ішек қарын ағып түсер.

 

Денесін кетедүрлер тер һәм басын,

Терінің тұрадүрлер исі сасып.

Қасында тұрушылар шыдай алмай,

Артықша ренжігейлер хәдтен асып.

 

Өзі һәм сасығаннан ренжігей көп,

Арыз етер осы жерден құтқарғыл деп.

Бір құда денесінен көтермегей,

От жалын кіріп тұрар аузынан кеп.

 

Жемекке аухатына заққұм берер,

Күйдірген ыстықтығы ішіне енер.

Заққұмның ащысымен өткірлігі,

Жыланның зәһәрінен де артық ерүр.

 

Темірден бір табытқа көпір салып,

Бір мың жыл от ішінде тұрар жанып.

Тағы да ілгергідей азап қылар,

Табыттан мың жылдан соң һәм шығарып.

 

Ол күні от мінберге шайтан мініп,

Айтады асыларға ауаз қылып.

Махшарда ысап сауал бар деп еді,

Өзінің кәләмінда Хақ білдіріп.

 

Мен сізге дұшпандықпен ығуа еттім,

Қиямет сауал жоқ деп мен көрсеттім.

Пенденің кеулі сенер һұжатым жоқ,

Бір мәрте мен азғырып айтып өттім.

 

Алланың айтқан әмірін қабыл алмай,

Аят пен һәм хадиске құлақ салмай.

Мен айтқан жалғыз сөзге алдандыңыз,

Шайтанның айласынан хабарланбай.

 

Бұл күнді көрмеңіздер менен һәркіз,

Сіздерге дұшпандықпен сөйледім сөз.

Нәпсінің тілін алып күнә қылып,

Тозаққа өз пейліңмен ұшырадың кез.

 

Сіздердің баршаңыздан безедүрмін,

Аллаға серік қосқан пендесі сен.

Бұл күні бір біреуге жәрдемдік жоқ,

Бір тұрмақ қажет емес менің бірлән.

 

Осындай дұшпан бізге шайтан лағин,

Ойласаң өтірік емес айтқаны әнің.

Алдаған азғырғанға көңіл бөліп,

Көңілден шығармаңыз ақырзаман.

 

Ол күні момындардан асы пенде,

Жатқайлар азап көріп жаһаннамда.

Кәпірлер мұсылманды мазақ қылып,

Ауаз ғып осы сөзді айтқай әнда.

 

Дүниеде дінге кіріп жүрердіңіз,

Айтар ең артықпын деп біздерден сіз.

Дініңіз жәрдем етіп шығармады,

Бәріміз бірдей болып жатадүрміз.

 

Осылайша мазақ қылып көп сөз айтар,

Момынның қайғы қамы хәдтен артар.

Кәпірдің мазағына жауап бермей,

Бастарын төмен салып қапа тартар.

 

Момындар күнәсінше жаза көріп,

Тозақтан шығар уақта қалас болып.

Дініміз жәрдем етіп шығарды деп,

Айтады кәпірлерге ауаз беріп.

 

Кәпірлер мұны естіп қайғыланып,

Арман ғып осы сөзді аузына алар.

Момындар дінге кірген себебінен,

Құтылып ол тозақтан жәннат барар.

 

Біздер де ілгеріде дінге кірсек,

Ақты бір деп, пайғамбарды расул деп білсек.

Жәннатқа момын сыпат кірер едік,

Алланың айтқан әмірін істеп жүрсек.

 

Ол күні арман қылып өкінгені,

Азаптан құтқармағай әркез әні.

Сламбул кәләмулла тәпсірінен,

Жазылды бұл айтылған сөз нышаны.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button