Білген Шайыр айтады

Ахмет төреге

Шыбығы шырпылмай, қылауына қыл түспей Шымкентте оязда істеп жүрген Ахмет төре (Кенесарының туған баласы) ақыннан өзін жамандауын өтініпті. Сонда Майлықожа ақын қаймықпастан былай деп салыпты:

Ат болсаң болар едің таты ғана,

Болар ең қас кедейдің аты ғана.

Кебек көрсең кеңкілдеп үйден шықпай,

Көсеуімен ұрар еді қатын – бала.

 

Түйе болсаң егерде жөн болар ең,

Атан кейін есекпен тең болар ең.

Көктем шыққан уақытта өліп қалып,

Қарға менен құзғынға жем болар ең.

 

Ит болсаң болар едің қылыш құйрық,

Дыбыс шықса жатар ең үйден үріп.

«Салақ әйел, ашық үй барма екен?!»  деп,

Сүмеңдеп жүрер едің түннен тұрып.

 

Тақсыр-ау үстіңізге кисең шекпен,

Қылып бейнет қолыңа алсаң шекпен.

Ат басқан құрбақадай бақыраяр ең,

Жаман жан болмас еді сізден өткен!

                                Қонған жер қаратаудың етегінде

 

Созақтағы Ахмет төре тойға шақырғанда Қаратаудан бастау алған мың сан өзеннің бірі шәлкеден өтер кезде Майлықожаның айтқаны:

Қонған жер қаратаудың етегінде,

Шәлкеден көлденең өтемін бе?

Барған соң төре аулына қазы жерміз,

Торы байтал жылқышы жетегінде.

 

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button