Тартасың жаман істің жазығын-ай,
Жақсы ісің – ақыреттік азығың-ай.
Жамандық арқандаулы ат секілді,
Табады қайта айналып қазығын-ай.
Насихат бұрынғының айтқан сөзі,
Ақылдының көкірек болар көзі.
Көр көкірек білмейді жығылғанын,
Мақұл болып тұрады өзіне-өзі.
Бағасы адамзаттың ақыл болар,
Ақылы жоқ – бейбаға қапыл қалар.
Білмейді надан адам не қылғанын,
Өзінің қылған ісі мақұл болар.
Жақсыға айтқан сөзің ем болады,
Ақылы надандардың кем болады.
Жамандарға насихат айтқан сөзің,
Жаңғырыққан жарменен тең болады.
Әр жерде зер қадіріне зергер жетер,
Жанында киәйінің сауда бекер.
Жаманға мал біткенмен жаксы болмас,
Гәуһар тас ит мойнына тақса нетер.
Дүние-ай, «алтын» дедім, «күміс» дедім,
«Сеніменен болайын біліс» дедім.
Қыза-қыза келгенде қызметіңді
Күнді місе қылмастан, түнде істедім,
Сен маған, жалған дүиие, разы бол,
Сенің де қызметіаді кұп істедім!
Жігітке тумақ қиын, өлмек оңай,
Рахат таппақ қиын, бейнет онай.
Байымақ кедейліктен көп машақат,
Байлықтан кедейлікке келмек оңай!
Туған ай жарық болар толған сайын,
Пенде Алланы білмейді болған сайын.
Болғанда ақыл – таяқ, ашу – пышақ,
Кемиді сол таяғың жонған сайын.
Жазғанын әркім көрмек пешенеге,
Жолығар талай қызық есен ерге.
«Сеніменен бір жолдас боламын» деп,
Сұм жалған уәде еткен нешелерге.
Қөңіліміз раушан боп көтерілер,
Жақсылар өздеріңдей келсе бірге.
Әр пенде дүииеге бір-бір келіп,
Кетеді күні бітсе, бір күн өліп,
Жатады өлгеннен соң, не жақсылар.
Астында қара жердің ділгірленіп.
Дүние бір ескі жол бұраңдаған,
Бақ тайса, ерге мал, бас құралмаған.
Қанша жан дүниеден кеткен өтіп,
Бәрі де опа қылып, тұра алмаған.
Көңілі адамзаттың гүл емес пе,
Сөйлейтін алуан түрлі тіл емес пе.
Сөйлейін алдарыңда тамашалап,
Ғанибет тірілікте бұл емес пе?!
Жолдарын ақындықтың еткен нұсқа,
Жайылар ақыннан сөз бөтен нұсқа.
«Қорғаймын тірі жанды» деген екен,
Береді өзі нәсіп ұшқан құсқа.
Жүзеді суда балық ауа бармай,
Іште бала жатады қорек алмай.
Дүниеге келгеннен соң бір өлім хақ,
Барады кімнен өмір артта қалмай?
Жақсыға Алла өзі нәсіп бермек,
Жақсының халық қалаған соңына ермек.
Мысалы, бұл дүние – кешпе керуен,
Бұрыннан келе жатқан кетпек-келмек.
Кісі жоқ, сыр алдырмас мактанса да,
Қақпанға қасқыр түсер сақтанса да.
Алтын көрсе, періште жолдан шыққан,
Дүние алмас кісі жоқ, ақтанса да.
Адамның тыныш жүрген бәрі момын,
Парық қылмас сақы адамдар бары-жоғын.
Ақылды, парасатты кей адамдар,
Айтпай-ақ түсінеді істің жөнін.
Сіздермен бір мүсипат кез келіппіз,
Болған соң ақындықта жүрген жолым.