Майлықожа

Адал дінің – иманың

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

2020-жылы Сыр сүлейлерінің бір Майлықожа Сұлтанқожа ұлының 185-жылдығы деп отырмыз. Құран Кәрімде: Сендерді жақсылыққа шақыратын сондай-ақ дұрыстыққа қосып, бұрыстықтан тосатын бір топ болсын.Міне солар құтылушылар – (Әли Ғымран сүресі-104-аят-Х.Алтай)-деп айтады. Демек әр қауымның ішінде халайықты жақсылыққа үндейтін бір адам болуы және сол азаматқа ілесушілер болмағы шарт. Егер жақсылыққа үндейтін азамат блмаса, артынан еретін қауым болмаса ол ұлт жойылып кетеді. Майлықожаның өсиет-насихат-мінбері ұлттық тіпті адамдық тұрғыдан өте биікте тұр. Ақынды сөйлету керек, түсіну керек, мойындау керек. Бұл мақалада ақын жырларындағы атын арқаудың  Алла сөзінен екендігі айтылады.

АДАЛ ДІНІҢ – ИМАНЫҢ

Бисмилла, калам алалы,

Жад етіп Жаппар дананы.

Нұсқаларда әр сөзде,

Алланың намы жоғары.

Сол себепті алдына

«Бисмилла» деп салады,

Бисмилламен айтқан сөз

Орнына барады.

«Бейбисмилла» деген сөз

Шайтанның депті амалы.

Би исми Алла-Алланың аты мен бастаймын. Әр бір амал, жақсы сөз, әрекет Алланың атымен басталуы керек. (Ол сондай Алла, жер жүзіндегі барлық нәрселерді сендер үшін жаратты. Соннан кейін аспанға көңіл бөліп оны жеті қабат көк етіп тәртіптеді. Ол әр нәрсені толық білуші.-(Құран-Бақара сүресі-29-аят.Х.Алтай) Сондай мейрімді Аллаға мойын суну, айтқанына амал істеу қандай бақыт. Бұл толық иман жолы.

Иманмен кетсін дүниеден,

Бенденің момын баласы.

Алал дінің  Иман-дүр,

Арамның нәпсі ханасы-Бәдәуилер-«Иман келтірдік» деді.(Мұхаммад Ғ.С.) оларға; «Сендер иман келтірмедіңдер, Алайда мусылман болдық дедіңдер». «Өйткені иман жүректеріңе кірмеді. Егер Аллаға, пайғамбарға бағынсаңдар, амалдарыңнан еш нәрсе кемімейді. Шүбәсіз Алла жарылқаушы, тым мейрімді»де.(Хужрат-сүресі-14-аят-Х.Алтай) Бенде Иман келтіріп Исламды мойындаса, сол жолмен шүбәсіз жүруі керек. Турақтылық, табандылық, Сенім.Яғни-Құран-(Шын мәнінде иман келтіріпРаббыларына тәуекел еткендерге шайтанның бір үстемдігі болмайды-Нақыл сүресі-99-аят-Х.Алтай)

Момынның арын іздеген,

Дұғадан жоқта шайырды,

Наданның зейіні жете алмас

Даналар білер пайымды.

Момынның арын іздеп, сол жолға жүріңдер деп отырған шайырды естеріңе алып дуадан жоқтап, яғни Я-Алла халайыққа анық жолды сілтеп отырған мына шайырды өзің жарылқа деп айту үшін-даналық,пайымдылық қажет. Ізет, құрмет. Сендерді жақсылыққа шақыратын сондай-ақ дұрыстыққа қосып, бұрыстықтан тосатын бір топ болсын. Міне солар құтылушылар-(Әли Ғымран сүресі-104-аят-Х.Алтай)

Әуелгі сауап – бес парыз,

Екінші сауап – қайыр-ды.

Мұсырмандық жолда әуелі бес парыз: иман келтіру, намаз оқу, зекет беру, ораза тұту,қажылыққа бару. Екінші-қайыр-мейрім. Иманның берекесі.

Құран-(Ол сондай тақуалар, жақсы жағдайда жанын алып, «Сендерге есендік болсын, Амалдарыңа орай жаннатқа кіріңдер дейді» Нақыл сүресі-32-аят-Х.Алтай)

Шариғат жолы нәзік-дүр,

Арамға қылма майылды.

Шариғат жолы нәзік, адал, таза, көркем жол. Бул жолға арам амалдар мен арам дүниені,арам ниетті қосуға болмайды. Арамнан қашқан бенде ғана Ислам шариғатын тұтынған бенде. Толық иман.

Маңдайын сипап жетімнің,

Шәкуә қылма сайылды.

Қайырым мен мейрімнің ең сүйкімдісі жетімнің маңдайынан сыйпап, ізгі ниетпен жәрдем беру. Халқынан қайрымдылық көрген бенде халқына қайырыла алады. Бос уақытты ойын күлкімен өткізу өкінішті. Жақсылыққа жақсылық қас жақсының мерейі.

Мәһшарда алал-арамды,

Жәннат пен тозақ айырды.

Бұл дүниедегі барлық істеген амалың соңғы күні Жаннат пен Дозақтың алдына барғанда мәлім болады. Адалдық пен істеген амалға Жәннат-арамға Дозақ. Басқаша болуы мүмкін емес-біз шын пейілмен Аллаға сенген бендеміз. Адал мен арамның арасын Алладан басқа еш кім айыра алмайды. Өз қолыңмен еңбек етіп мерейің үстем болса – сол Бақыт.

Ақиқаты осылай

Кітаптарда зайыр-ды.

Бұл жол шын мәнінде осылай. Кітапқа солай деп анық жазылған.

Мәнісіне әр сөздің

Құранда аят дайын-ды.

Ал бір амал мен сөзге Құранда аят бар. Дайын алдыңда тұр. Көрмедім, білмедім,есітпедім, айтпады деп жалтаратын жер жоқ. Өтірік айтпа, желеу іздеме.

Қасус қылма жақсылар,

Бейзәрурат арамды.

Ей, жақсылар сондықтан өте қажет болмаса Харамға көңіл бөлмеңдер.

Ақырында әр нәрсе

Өз нәсіліне тарайды-Барлық нәрсенің, жан-заттың әуелгі нәсілі бар-түбінде барлығыда өз нәсліне қайтады.  Адамнан адам туар сөз дейтұғын, итттен ит туады боқ жейтұғын.

Топырақтан пайда ғып

Әзіреті Адамды

Уәзінмен білдірді

Жәбірейілге Алла хабарды.

«Алғын, – деді, – жауапқа

От, су, топырақ, шамалды»-

Пәс жауап берді топырақ,

Өзгесі етті бәленді.

Менмендігі жоғынан

Топырақты қалады-Алла тағала Адамды жарату үшін: от, су, топырақ, самалдан разылық сұрады. От: «мен ыстықпын, өртеймін» деді. Су: «мен айбатты,қаһарлымын  батырып жіберемін» деді.Самал: «мен күштімін,екпіндімін, бұзамын, құлатамын,жоямын» деді.Топырақ: «мен момынмын, қайрымдымын, бірді берсең он етіп, онды берсең мың етіп қайырамын» -деді. Алла тағала адамды топырақтан жаратты-топыраққа қайтады. Қазақтың біреу дүниеден өтсе «қайтыс болды» демегі осы. Яғни өз әсіліне қайтты. Топырақ-тұрақтылық, өнімділік, тыныштық, сабырлылық.

Бұл тәртіпке пәлі емес

Адам сафи жанабы.

Осылай екен әуелі

Нұсқасы екен адамның

Әр мыжазда болмағы.

Мүсәпір хал кейбірі,

Бағзысы жоғары,

Баз бірісі бір сөзді,

Базының жоқ-дүр қарары.

От, топырақ, шамалдан

Мыжазы соған ұқсайды.

Артық болса шарары.

Себеппен сонда тоқталар

Нені жазса әзалда

Құдіреттің қаламы-Бендені тағдырына не жазылса сол мәжазға барып тоқтайды. Бырақ әр бенденің тегінде От,Су,Самал,Топырақтың азда болса ықпалы бар. Сондықтан кей бенделік бір ауытқушылықтарға кешірім көзі мен қарау керек. Бұл ақынның ұстанымы. Қам сүт емген бенде ғой, кешірім көзімен қараңдар.

Сираттан әбден өткенше,

Пайым қылып болмайды.

Жақсы менен жаманды

Әр түрлі мақұлық жаратып,

Құраннан берген хабарды.

Барлық амалдарға Құранда түсінік береді.

Дайындаған-Сейт Омар Саттарұлы

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button