Майлықожа

Жаңа жинақ жарық көрді

Майлықожа Сұлтанқожаұлының толық шығармалары жинағының тұсау кесер рәсімі өтті

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҒЫЛЫМ КОМИТЕТІ «ҒЫЛЫМ ОРДАСЫ» РМК ОРТАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАДА                                                                                       «Майлықожа Сұлтанқожаұлы. Толық шығармалар жинағы» атты кітаптың тұсау кесер рәсімін өткізді.

«Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының кітап қорында 6 миллионға жуық құжат бар, оның ішінде сирек басылымдар мен қолжазбалар ерекше орын алады. Аса рухани, материалдық құндылыққа ие бұл кітаби ескерткіштердің тарихи, ғылыми, мәдени мағынасы аса зор.

ОҒК қызметкерлері осы қордағы материалдарды сақтап, насихаттап, оқырманға жеткізуде қолда бар мүмкіндіктерді қолдануда. Соңғы жылдарда  Сирек басылымдарды зерттеп, ғылыми айналымға түсіру жұмысы жандана түсті. Соның бір айғағы белгілі қолжазба жинаушы, шежіретанушы ғалым Сейітомар Саттаровтың ұсынысы бойынша бірлесіп жасалған еңбек Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармаларының жинағы.

«МАЙЛЫҚОЖА СҰЛТАНҚОЖАҰЛЫ. Толық шығармалар жинағы /  Ескі қолжазбалардан аударып, құрастырып, ғылыми түсініктерін жазғандар: С. Саттаров, Н. Елесбай; Жауапты ред.: Т. Әлбеков. – Алматы: «Ғылым ордасы», 2019. – 550 б.

Жинаққа ХІХ ғасыр әдебиетінің алыбы, Оңтүстік Қазақстан, Сырдың орта ағысы мен Қаратаудың күнгейіндегі ақындық мектебінің озық үлгісін жасаған Майлықожа Сұлтанқожаұлының «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының, Түркістан Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Түркология ҒЗИ қорларында сақталған қолжазба мұралары, Мырзашөл, Сарыағаш, Отырар, Ордабасы аудандарынан табылған қолжазбалары, олардың нұсқалары мен версиялары текстологиялық сараптаулардан өткізіліп және әр кезеңде жарық көрген кітаптары негізінде ұсынылды. Кітап қалың оқырман қауымға, әдебиеттанушы ғалымдарға, жоғарғы оқу орындарының студенттері мен магистранттарына, докторанттарына (PhD) арналған

Тұсаукесер рәсімін ашып, алғашқы болып сөз сөйлеген М.О. Әуезов атын. Әдебиет және өнер институты, «Қолжазба және текстология» ғылыми-инновация бөлімінің меңгерушісі, филол.ғ.к. Әлбеков Тоқтар Кесімұлы болды.

Сонымен қатар, тұсаукесерде: зерттеуші, шежіреші, кітапты шығарушы – Саттаров Сейітомар, ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Бас директоры Төлтаев Бауыржан Төлтайұлы, ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының меңгерушісі Қаймақбаева Қарлығаш Ескендірқызы,

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Қолжазба бөлімінің ғылыми қызметкері,    Елесбай НұржұмаМайлықожа ақынның шығармалары бұрын Ә.Оспанұлы құрастырған «Майлықожа» (Алматы, – 2005) және Шымкент қаласында шыққан «Майлықожа» (Шымкент. – 2009) жинағы, сондай-ақ «Майлықожа Сұлтанқожаұлы» – Терме-Толғау (Атамұра: – 2010) сияқты жинақтарында жарық көрген.

Бүгінгі тұсауы кесіліп отырған «Майлықожа Сұлтанқожа ұлының толық шығармалар» жинағы жоғары да аталған жинақтарда шыққан мәтіндерге текстологиялық сараптаулар, салыстырулар жасалып, көбі түпнұсқа қолжазбалардан тіке аударлып берілді. Сондай-ақ бұрын-соңды баспа бетін көрмеген үш жүз бетке жуық матриалдармен толықтырылып дайындалды. Мәселен, соның бір дәлелі ретінде: «Зарқұм» қиссасының Майлықожа жырлаған нұсқасы Ә.Оспанұлы құрастырған «Майлықожа» (Алматы: 2005. – 864 б.) жинағында жарық көрді. Осы шығарманы Қалқожаұлы Жүсіпқожа жазып қалдырған нұсқамен салсытырғанымызда мәтіндегі сөз-сөйлемдердің қолданысы жағынан болсын, көлемі жағынан болсын көп өзгешеліктердің болғаны анықталды. Мәселен, бұрынғы «Зарқұм» қиссасына қарағанда, Жүсіпқожа ұлының нұқсасы қырық бетке артығырақ. Мұны әуелгі асыл нұсқа деп тану орынды. Себебі, Жүсіпқожа Түркістан облысы Сарыағаш ауданында туып-өскен.  Жүсіпқожа Қоқан билігі кезінде Датқалыққа сайланған Аббас (Аппаз) қожаның хатшысы болған. Өз заманында Майлықожамен замандас, бірге жүрген адам болғандықтан Жүсіпқожа жазып қалдырған Майлықожа өлеңдері түпнұсқаға жақын деп санауға негіз бар. Жинаққа Жүсіпқожа жазып қалдырған ақынның өлеңдері дерліктей енгізілді.

Сонымен бірге Майлықожа жеткізген халық мұралары, соның ішінде Майлы айтқан жұмбақтар алғаш рет баспа бетін көріп отыр. Және бір үлкен жаңалығы Орталық ғылыми кітапхананың 337-бумасында араб әрпінде жазылып, сақталған Әбубәкір Диваев жазып, жинаған «Жас кезінде шығарған өлеңі», «Жиырма бес», «Наурызбай бидің әйелі туралы», «Ат жақсы арғымақтан шабыс болса» қатарлы өлеңдері енігізілді. Сонымен қатар Тұрсынәлі Айнабеков, Асан молда Әсілбекұлы қолжазбаларынан да көп шығармалары тіке аударылып берілді.

 

ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының меңгерушісі Қаймақбаева Қарлығаш Ескендірқызы, сөз сөйлеп, Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармалар жинағы туралы өз ойларын білдірді. Жинақтың тұсаукесеріне келген қонақтар мен оқырмандар қауымы жинақ туралы оң баға берді.

Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835-1898) XIX ғасырда өмір сүрген ақын-жыраулардың ішінде өзіндік орны ерекше, артына мол мұра қалдырып, халықтың ықыласына бөленген ақын. Жамбыл ақын Майлықожаның ақындығына, ғибраты мол өлең-термелеріне «Майлықожа, Құлыншақ, пірім еді сиынған» деп бағасын  берген екен. Майлықожа Сұлтанқожаұлы өлеңдерін ауызша шығарған, өзі жазып қалдырған мұралары да кездеседі. Майлықожаның әдеби мұрасын жанры мен мазмұнына қарай бірнеше тақырыптарға бөлуге болады: ғибрат, нақылдар («Ер көгерер дұғамен», «Жолдас болсаң жақсымен», «Жақсы адам қартайса»), арнау өлеңдер («Ахмет төреге», «Тұрлыбекке», тағы басқалар), дастан-мысалдар («Қасқыр», «Тотынама», «Аңқау мен қу», «Шора батыр», «Үш жігіт»), айтыстар. Майлықожа ақынның Сүйiнбай, Мәделқожа Жүсіпқожаұлы, Күдеріқожа, Құлыншақ, Айман-Гүлханым, Ұлбике, қырғыз ақыны Жаныстармен сөз сайыстыруы ақын атамыздың терең ойлы шындықты ту еткен бiлiмдi шайыр екенiне көз жеткiземiз.

МАЙЛЫҚОЖА СҰЛТАНҚОЖАҰЛЫ. Толық шығармалар жинағы /  Ескі қолжазбалардан аударып, құрастырып, ғылыми түсініктерін жазғандар: С. Саттаров, Н. Елесбай; Жауапты ред.: Т. Әлбеков. – Алматы: «Ғылым ордасы», 2019. – 550 б.

33,5 баспа табақ .  Таралымы 100 дана.  Сандық форматта ОҒК сайтында ұсынылып отыр.

 

Жинаққа ХІХ ғасыр әдебиетінің алыбы, Оңтүстік Қазақстан, Сырдың орта ағысы мен Қаратаудың күнгейіндегі ақындық мектебінің озық үлгісін жасаған Майлықожа Сұлтанқожаұлының «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасының, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының, Түркістан Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Түркология ҒЗИ қорларында сақталған қолжазба мұралары, Мырзашөл, Сарыағаш, Отырар, Ордабасы аудандарынан табылған қолжазбалары, олардың нұсқалары мен версиялары текстологиялық сараптаулардан өткізіліп және әр кезеңде жарық көрген кітаптары негізінде ұсынылды.

Бұл жинақ белгілі қолжазба жинаушы, шежіретанушы ғалым Сейітомар Саттаровтың ұсынысы бойынша және көп жылдар жинаған қолжазбалары негізінде бірлесіп жасалған еңбек. Сейітомар Саттарұлының жинаған Майлықожа ақынға қатысты қолжазба көшірмелері Орталық ғылыми кітапхана қорына өткізілді.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button