Хат жазғалы қағазға,
Қолыма алдым қағазды.
Құдіретімен Алла жаратты,
Он сегіз мың аламды.
Алла Тағала әуелі
Өз нұрынан жаратты,
Нұры Хайру Адамды.
Жер мен аспан, ай мен күн,
Ләуһи менен Каламды-Барлық дүниені Алла тағала жаратқан.
Сүдіратул мінатта,
Дүниеде жақсы-жаманды.
Сегіз бейіш жаратты,
Біреуі «Дәрс-саламды».
Жеті дозақ жаратты,
Ішінде жылан, шаянды.
Ажыратады кітапта,
Адал менен арамды-Алланың қалауы адалдық, адал мен арамның арасын шариғат айырады-шариғат кітапта.
Жәннаттан Алла жай берер,
Мектепке берсең балаңды-Балаңды мектепке беріп,шариғат жолын үйретсең,балаң жақсылық,игілік қайрым мен мейрімге амал етсе сен Жаннатқа барасың. Сен жаннатқа лайық болсың.
Мұсылмандардың көңлін ал,
Келтірсе Алла шамаңды-қолыңнан келсе мусылмандардың көңлін аула,разы ет. Қол қабысы көрсет. Ауырын жеңілдетуге умтыл.
Ақырет қамын ойласаң,
Атаң мен сыйла анаңды-Ата мен ананың разылығы Алланың разылығы. (Ол екеуіне кішрейіп мәрхамаәт құшағын жай да «Раббым ол екеуі мені кішкентайда тәрбиелегендей Сенде оларды мәрхаметіңе бөлей көр»де-Исра-сүресі 23-аят-Х.Алтай).
Мейман келсе қызмет ет,
Бетіне қойма табанды.
Кітаптан көрдік бұл сөзді,
Сақының жайы жәннатта,
Дозақта деуші ед сараңды-Мейман Алланың жіберген қонағы-деген сөз бар қазақ арасында «Кім Аллаға сенсе, кім Ақырет күніне сенсе келген қонағын күтіп алсын»- Алланың Расулының хадисі бар.
Жаратқан жәрдем тілеймін,
Оң жақтан бер деп амалды.
Адам баласы өмірден өткен соң мизам таразысы алдында Амал дәптері қолына беріледі. Егер Амал дәптері оң жақтан берілсе, бенденің амалдарының оң болғаны-сондықтан Мұсылмандар Я-Алла мизам таразысында амал дәптерімізді оң жағымыздан бере гөр деп жалбарнады. Бірақ ол сау кезде істеген амалға тәуелді
Жәннаттың көрмес шамалын,
Жаңылса әр кім тәубадан-Бендені Алла тәубеден жаңылдырмасын. Ақынныңда қайта-қайталап тәубеден жаңылмаңдар деп отырған осы жай
Ақ сұңқар құс аң көрсе,
Қанатын қағып самғаған.
Әсілі тұлпар жүйрік ат,
Алты күн шапса талмаған.
Ақылдының белгісі,
Айтқан сөзді аңлаған-Айтқан сөзге түсінген пайдасын көреді. Ол ақылдың жемісі-Әуелі ақыл,екінші ілім-үшінші иман. Айтқан сөзді ақылға қорытып, іліммен тастықтап барып қабылдаған иман тұрақты,тыянақты.
Есі жоқтың белгісі,
Ешкімнен ибарат алмаған.
Ақыретке барғанда,
Шырағы сулап жанбаған- Айта береді деген сөз бар.Оны қойшы айта береді-өзі еш кімнен ибрат алмайды, еш кімді, нәрсені мойындамайды-бұл қасрет.
Ермек үшін Сіздерге,
Бес-алты ауыз сөйлеймін,
Жамағат айып көрмеңіз.
Сөзімде болса қателік.
Жақын қылар алысты,
Жабдықтап мінсең құр атқа-Құр атқа жабдықтап міну үшін белгілі бір дәрежеде тұрмыс керек. Тұрмыс қолайлы болу үшін амал әрекет керек.
Жақсылық қылғын әркімге,
Жамандық істі ұнатпа-Қолыңнан келсе жақсылық істе. Қолыңнан жақсылық келмесе Жамандық істеме-булда жақсылық.
«Сабыр түбі – сары алтын,
Саспаған жетер мұратқа».
Асығыстап іс қылған,
Ақыры қалар ұятқа-Сабыр иманның жартысы. Сабырсыздық ұятқа бастап баратын жол.
Бұл дүниенің үстінде,
Сауап болса қылғаның
Періштелер сұрағанда,
Ансан болар жауапқа-Бенде қанша талпынбасын бір күні ажалдың қақпанына түседі. Қолыңнан еш амал келмейтін күндегі жауаптан сақтасын.
Арасат майдан болғанда,
Әуелі ақыр жиналып,
Жер жүзіне толғанда,
Айдайды қылдай сыратқа-Сырат көпіріне барарың Хақ. Амалың адал болса өтетінің Хақ. Ақ болсаң құтыларың Хақ. Бенденің сыйнар ы да-осы Хақ.
Сыраттан өтсең саламат,
Ақ қылғалы тәніңді,
Таза ғұсыл қылғызып,
Әділ бұлақ халатқа.
Шат болып хош боларсың,
Онан алып барғанда,
Ішінде бар Үр-ғайын,
Жәннаттан салған бір баққа-Барлық жақсы амалдың нәтижесі соңғы амалдағы Рахмет. Рахметке қолы жеткен бенденің енді арманы жоқ.
Әзіретімізді дүниеге,
Әшкере мәлім қылғалы.
Жаратты мәлім пазылымен,
Топырақтан бінә қып,
Атамыз әзірет адамды.
Қырық күн жауын жаудырды,
Кептіргелі лайды.
Тұрғызды Алла самалды,
Самалменен кепкен соң,
Денесі пысық болсын деп,
Апарып отқа салған-ды.
Жексенбі күні жан кіріп,
Жәннатқа қойған қадамды.
Жәннат ішін сейіл қып,
Жан-жаққа көзін салғанды.
Жалығып әбден кеткен соң,
Жұпты ғып берген Адамға,
Мама Хауа анамды.
Жаратылды жәннатта,
Мама Хауа анамыз.
Ән Хазіреттің үммәті,
Көңілге барды саламыз.
Кәпірлер пұтқа, біздің де
Шариғатта намамыз-Топырақ-Су-Самал От-Төрт унсур (негіз) біздің бенделік негізіміз болған соң сол жаққа баратынызмыз Хақ.
Таңла ол жаққа барғанда,
Хақ Мұстафа-дүр панамыз.
Ол кісі пана болмаса,
Отқада күйіп, жанамыз.
Жақсы-жаман жұмысты
Хаттаған болса періште,
Құдай апу қылмаса,
Қандай ғып онан танамыз-Әр бір бенде мына дүниедегі істеген амалдарына өзі иелік етуі керек. Яғни жазғаны мен жаңылғанына,асылық амал,асылық сөз-қате кеткен амал-барлығыда кешірледі-Тәубе болса. Тәубе болса.
Дайындаған-Сейт Омар Саттарұлы