Майлықожа

Майлы ақынның Шаһмарденнің қабіріне барып айтқан өлеңі

Майлықожа Сұлтанқожаұлы

Қазағымның шомылдық байлығына,

Су кетті мұрны менен құлағына.

Ақырында маңлайым тасқа тиді,

Қызығып сүңгіп жатқан уағымда.

 

Қасыңда Шаһмарден қазған жердің,

Адам қайран қалғандай жайды көрдім.

Арқама қара тауды көтергендей,

Қайыстырып саясаты бастау шердің.

 

Барарымда өкпемнің қысылғаны-ай,

Айна жоқ әлде сонда түсім қандай.

Бала сонда есіме түсіп қалды,

Апырай болады деп ісім қалай?

Үйім көрмей осы жерде қалдым ба деп?

Өлуге мойынымды ұсынғаны-ай.

 

Ойладым, «жұма күні өттім, – дедім,

Үйімді енді көрмей кеттім, – дедім.

Осы жұрттың кеселі жабысты ма?

Япырмай, маған сірә, нетті-ау?» – дедім.

 

Кең дүние көзіме кеп қалды-ау тар,

Көп налынып, Құдайға жалындым зар.

Қазанынан бір кесе су ішкен соң,

Жазылдым аруақ пірлер болғандай жар.

Қасымдағы жолдастар қорқар дедім,

Нала қылсам, күлер деп, ойладым ар.

 

Су ішкен соң жадырап қалындым бір,

Өкпем жадырап жай тапты ішкен соң су.

Әзір өліп пейішке кір десе де,

Үйге қарап үркіп тұр жаны құрғыр.

Жаны құрғыр сол жерден шықпасайшы,

Үйге қарай көңілің сөгіліп тұр.

 

Жібектен төсеп салған кілемдері,

Алтын, қымқап,қабырға іреңдері.

Ат басындай басында төрт кітап тұр,

Артықша саясаты түрленгені.

 

Ауаға қарасаң нұр төгіліп тұр,

Аяқ бассаң, тас құмдай егіліп тұр.

Қабірдің бас-аяғы сондай ұзын,

Тұрыпты панжаралы екі алтын ту.

 

Тауап қып шердің қабірін көрді көзім,

Асығыс боп қайтпаққа тұрдым тезін.

Шаһмарден қабірін көрген жерде,

Ішімнен айтып тұрған мынау сөзім.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button