Шортанбай (Әли Мұхаммед) Қанайұлы

Иман – жанның жарығы

Шортанбай Қанайұлы

Ей, муһмин,
Құлшылық қылсаң не етеді?
Ажал аты болдырмай,
Аяңдап жүріп жетеді.
Ғарып жанға нәпсің қас,
Ол шыдатпай түртеді.
Мінезге бағым табылмас,
Ғадетіне кетеді.
Тақуа да болған ғалымда,
Бұ жалғаннан өтеді.
Баяны жоқ шіркінді,
Бір күн тастап кетеді.
Көзіне малын сүйкеген,
Мінбей, кимей өтеді.
Бір кісі емес әркімнің,
Басында бар, сөйтеді.
Дүниенің сүрсең дәуірін,
Басылар сөйтіп әуірің.
Кімде-кім білсе тақуа,
Мойнындағы айыбын.
Иман – жанның жарығы,
Кешуі бар тар жолда,
Хабардар бол, а, пірім!

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button