Ғақлиат

Шариғаттық иман

Иман-жүйесі – «Шар кітаптан» үзінді

Шариғат – әрбір қауымның өзіне лайық заң жобасы болады. Ислам дүниесіндегі заңдарды біз шариғат дел түсінеміз. Ал, шариғат иманы жеті нүсқаны өз ішіне алады:

  1. Ғайыпқа иман келтірмек;
  2. Ғайыпқа Алла тағаланы білмек;
  3. Пейіш пен дозақты көруге иман келтірмек;
  4. Алланың адал дегенін адал білмек;
  5. Алланың арам дегенін арам білмек;
  6. Қауіп – Алла азабынан қорықпақ;
  7. Реже – Алланың рахматынан үміт етпек.

Иман келтіріп өзін мұсылманмын деген адамнан иманнан не жақсы? деп сұралады.

Жауабы: Алла тағаланың ғанибеті мен мейірімділігі жақсы, себебі жоғарыда айтқанымыздай Алла тағала ақылды адам баласынан басқа мақұлықатқа бермеген. Сондай-ақ, білім, иманды берді. Бұл үшеуі Адамнан басқасында жоқ. Осы дәреже арқылы адам баласы бүкіл он сегіз мың ғаламды билеу хұқына ие болды. Тау-тасы, жел-суы, кені, өсімдігі, аң-қүсын адам баласы ақыл мен білімнің арқасында өзіне тәуелді етті. Ал оны қалай пайдалану иманның нәтижесі, бүкіл жаратылыс тек адамның игілігіне ғана жаратылған.

Алладан нідә келді: «Инни Жаилун фи-л-арзи Халифатан», яғни мен жер бетінде өзіме халифа жараттым, сонда періштелер: Ила-һим, жер бетінде адамның себебімен қан төгілер, қасид, күнә пайда болар, ал біз соған тасбих айтып, тахил қыламыз, жерді бізден алып соларға бересің бе? – деді. Хабар келді: «Инна ағламна ма-лә тағла-мун», яғни «мен білемін», Мұхаммед Мұстафа Адам баласынан болады, мен бұл жаһанды, айды-күнді, барлық заттарды оның қүрметі үшін жараттым. Кім дос екенін мен білемін, сіз білмейсіз».

Және Алладан өзінің Расулі Мүхаммедке ніда келді: «Егер сенің достығың болмағанда, мен өзімніц Аллалығымды паш етпеген болар едім».

Ғанибет деп біз дәрежені айтамыз, ал Алланың дәрежесі, әлбетте, барлық дәрежеден артық. Алланың достық дәрежесі тек қана Алланы дос тұтқанға лайық және тиесілі. Иман келтіргендегі біздің бірден-бір қолымыз жетер биігіміз, әрине, Алланың разылығы болуы керек, ғанибет-мәртебе деп күнделікті өз қарнымыздың тойғанын ғана сөз етпей, бізді Жаратушының рахмат дидарын көруді айтуы-мыз, соған ұмтылуымыз керек. 714-801 жылдарда өмір сүрген Рабия Адауийа деген сопы әйел Тәңірге еткен мүнәжаттарында: «Ей, Пәруәрдігерім, ей, әзіз дос, егер жәннатыңнан дәметіп тағадат еткен болсам жәннатыңды нәсіп етпе, егер дозағыңнан қорқып тағадат еткен болсам, мені дозақ отына күйдір, мың-мың разымын! Бірақ өзіңнің жамалыңнан мақрұм қалдырма», – деп айтқан екен. Сондық-тан осы дәрежеге ұмтылу, соған қол жеткеру арқылы кемел, ойы жарқын адамдардың иманы.

Алла тағаланың мейірімділігі дегенде, біз өз нәпсі-құмарлығымызды ғана қандыруға берілген артықшылықты емес, күнделікті күйкі тіршілікте жасаған күнә істеріміздің Алла алдында кешірілуін, яғни, әр кезде маңдайымыздан сипайтын ұлы құдірет барлығын ұмытпауымыз керек. Ал құдіреттің ықыласын біз өз ықыласымызбен істеген жақсы амалдарымызбен және жалынып-жалбарынумен, тәубе етумен ғана аламыз, Иншалла. Адам Ата топырақ пен судан жаратылды, бірінші рет жан кеудеге кіргенде Адам Ата түшкірді. «Әл-һамду лил-лаьи раббил-аламин» кәлимасы Адамның аузынан шықты. Ал-ладан ніда келді: «Ей, Адам, сен өзіңе келмей жатып, менің кім екенімді білмей тұрып «Барлық мақтау әлемдердің Раббысына», – деп кәлима келтірдің, мен сенің әр кез жарылқаушыңмын», – деген. Адамға бас иіп сәжде ету үшін барлық періштелерге пәрмен етілгенде барлығы да бас иді, тек шайтан ғәна басын имеді: «Иә, Алла, мені де, адамды да сен жаратқансың, сенен басқаға бой сынбаймын». Шайтан лағынет алды. Себебі сәжде төрт түрлі болады: Бірінші – ғибадат сәждесі, яғни Аллаға ғибадат ету. Екінші – сәьу сәждесі, намазда жаңылысқандағы сәжде. Үшінші – тілеуат сәждесі, Құранда он төрт жерде келер. Төртінші – инабат, яғни қүрметтеу сәждесі. Адам Алланың жердегі халифасы болғандықтан оны құрметтеу міндет еді. Шайтан топырақтан пайда болды дел Адамға тәкаппарлық етті. «Тәкаппардың тәубесі қабыл емес» деп атам қазақ босқа айтпаған. Шайтан лағынет алған соң: «Иә, Алла, сен мені осы Адам үшіи құзырыңнан қудың, мен де енді осы адамыңды қиямет-қайымға дейін жолдан азғырамын», – деді. Алла тағаладан ніда келді: «Мен Адам үшін қияметке дейін тәубе есігін ашып қоямын. Адам күнә істеп ар-тынан тәубе етсе, өкінсе және жақсы амал жасал өз күнәсін жоюға әрекет етсе, күнәсін кешіремін», – деді, демек Алланың бізге мейірімділігі дегенде әр кез еткен тәубеміз Аллаға жетіп, жаңылыс басқан қадам, теріс әрекет, егер тәубе етсек әркез кешіріледі деп білуіміз керек. Алланың мейірімділігінен ешуақытта үміт үзбеуіміз тиіс. Алла дәрежесінен уміт үзу ең ауыр күнә.

  1. Ғайыпқа тек Құдай тағаланы білмек – қазақ арасында «Ғайыпты Пайғамбар да болжап білмепті» деген нақыл сөз бар. Мағынасы адамзаттың ішіндегі ең кемелі Пайғамбар болса, бәнденің Алла-құдіреті алдында әлсіз екенін дәлелдегені. Жоғарыда айтқанымыздай адам баласының тағдырында үш ғайып бар: Бірінші – адам баласының дүниеге келуі ғайып, ешкім де қалаған заманында өз тілегімен дүниеге келмейді, екінші – әрбір адам баласына Ата-Ана ғайып, ешкім менің әкем-шешем бар болсын, бай болсын, ғалым болсын, тақуа болсын деп қалап ала алмайды. Үшінші – өлім ғайып, түбі өлетінін жұрттың бәрі біледі, бірақ қашан өледі, қалай өледі, қай жерде өледі ешкім білмейді, яғни өмірдің басталуы да ғайып, соңы да ғайып.

Міне, бұл үш ғайыптың біреуін де Алла тағала адамның қолына бермеген, егер біреуін ғана адам білер болса бірталай нәрсені бұлдірер еді. Бүкіл ғаламда басы артық зат жоқ, барлығы бір-біріне байланысты, бірі біріне керекті дүние. Міне, ғайып деп осыны айту-ымыз керек, яғни, біздің ой-санамыз жетпейтін тылсым, ғайып дүние тек Аллаға тиесілі.

Ұлы ғұлама әл-Фараби тілімен айтқанда бірінші Құдірет (Алла) бүкіл барлықтың алғы шарты, себебі, Құдірет қана барлық кемшіліктен ада, басқасы ең болмағанда бір немесе бірнеше кемшіліктерге ие.

  1. Дозақты да, пейішті де көруге иман келтіру. Жоғарыда айтып өткеніміздей Алладан басқа жан иесі кемшіліксіз емес, демек әрбір адам белгілі дәрежеде күнәға ие, солай болған соң иман келтіргендер істеген күнәсына лайық жаза алуы керек, істеген мысқалдай жақсылығыңыздың рахатын көресіз, мысқалдай жамандығыңыздың жазасын тартасыз.

Рәуаят: Пайғамбарымыз Мүхаммед Мұстафа с.ғ.с. Аллаға жалы-нып: «Иә, Алла, менің үмбетімнің жүзін күйдірме, бұл бәнде өмірінде бір рет болса да жүзін құбылаға бұрып ықыласымен Алла деп еді. Иә, Алла, менің үмбетімнің аяғын күйдірме, бұл бәнде осы аяғымен намазға барып еді, ауырып жатқан мүьмін мұсылман туысқанын көруге барып еді. Иә, Алла, менің үмбетімнің қолын күйдірме, осы қолымен қайырлы іс істеп, садақа беріп еді, менің үмбетімнің көзін күйдірме, Алланың кәламына қарап еді», – деп айтады, сонда Алладан «Біз мүьмін мұсылмандарды дозаққа өртеу үшін емес, бәлкім күнәсінан тазарту үшін айдайтын шығармыз» деген ніда келер». Алла алдында ешбір күнәм жоқ деп әлдеқалай надан, немесе малға-басқа мас, ісік өкпе ғана айтуы мүмкін, өзіне басалқалы, ұстамды, Алладан хабары бар адам олай демес, керісінше отырса да, тұрса да Аллаға жалбарынумен болар.

4.Алланың адал дегенін адал білмек. Алла тағала адам баласына бүкіл әлемнің кілті болып табылатын ақылды адал мен арамды, жақсы мен жаманды ажырата білу үшін берді. Алланың өз бәндесіне бұйрығы ең алдымен Аллаға шәк келтірмеу, екінші барлық дүние тіршілігінде тек қана өз әрекетімен, күш-қайратымен табылған дүниені пайдалану. Хадис: «Ей, адамдар, Тәңірден қорқыңдар, ырзығыңды жақсы жолмен тауып жеуге әрекет етіңдер Ешбір бәнде өз несібесін жеп тауыспағанша әлемнен өтпейді. Ерте ме кеш пе, бәрібір оған өз үлесі келеді. Соның үшін тіршілікті жақсы жолға қойып, адалын алыңдар, арамын қойыңдар». Ислам дүниесінде адалдал мал табуға өте қатты зейін қойылады. Хадис: «Сіздердің жақсыларыңыз дүние ісі деп ақыретті, ақырет деп дүние ісін тәрк етпейтін және басқаларға ауырлық түсірмейтіндеріңіз».

  1. Алланың арам дегенін арам білмек. Алла әмірімен мансүқталған амалдар мен дүниелерге қатысты пара алу, кісі ақысы, қарызға берген ақшаның өсімі, қоршаған ортаға залал келтіретін іс-әрекеттер, арам үкіміне жатқызылған қайсы бір зат болсын оны адал деп айту құдіреті күшті Құдайға қарсылық еткенмен бірдей. Мәселен: арақ арам деген укім Алланың кәләмінде орын алған, енді бүған аз-ғана ішсе, өз ақылын жоғалтпай ішсе рүхсат екен, бізден бұрынғылар да ішкен ғой деген уәж себеп бола алмайды.

Адамның діннен шығуы үшін алдымен діліне арам кіруі керек, арам тағам, арам жолмен табылған дүние, бейауыз сөздер бір рет сіздің кеудеңізден орын алса тәубе етпесеңіз, екінші рет қайталанса, үшінші рет сіз оны байқамай да қаласыз, онан әрі асқынған аурумен бірдей, өз көлемін ұлғайта береді.

Осы күнгі кейбір адамдар бір жері ауырса жүгіріп дәрігерге қара-лып, ағзасын емдеуге бар күшін салады, ал сол дененің падишасы -ділдің, рухтың ауырып тұрғанымен, жазылмас кеселге үшырағаны-мен ісіміз жоқ. Негізінде ділдің, ардың, намыстың арамдануы ең жо-ғары сатыдағы арамдану. Ары таза емес адам жұртқа насихат айтып тұрып, өз ішкі жан-дүниесімен арпалысатындай күй кешсе, бұл аз да болса иман сәулесі барлығы, ал енді әділ қазылық етуге бел шеше тұра арамдықпен пара алса бұл қасірет. Бұл адамның сырты жарқырап тұрғанымен ішкі жан-дүниесі пасық, екі жүзді деп осыны айтамыз. Олар адамдар алдында да, өз ары мен намысы алдында да, Құдай алдында да шерменде.

  1. Қауіп. Ол иманның қарауылы, иманға көлеңке түсірердей әрекетке бару өзін мұсылманмын деген адамға жан (діл) азабын тарттырса керек. Ал өзін үнемі қауіп үстінде сезінген жан, әрбір іс-әрекетімен айтылмыш сөзге есеп беріп – Аллаға шет, дінге бөлек болмаудың әрекетінде жүреді. Өз ділін қауым арқылы тәрбиелеу, тізгіндеп ұстау қажет.
  2. Реже – өзін Алланың құлы, Мұхаммедтің үмбетімін деген әрбір адам Алланың рахматынан үміт етпегі, осы үміт дүниесі себебінен, жақсы құлық, жақсы сөз, жақсы әрекет етпегі ләзім. Алла жолында ез нәпсі айдаһары мен шайтан арбауына берілмей, ілгері, иман гүлстанына қарай қадам басып, Аллаға шет болмасам, барлық дүниелікте, ақыреттікте мақсатым орындалар деп үміт етуі абзал. Ал оны орындау, яғни жақсы амалдар ету – бұл иманның кемел тапқаны.

 

 

Жалғасы бар .басы:https://kozhalar.kz/20208519-iman-islamnyng-negizi

Иман-жүйесін – «Шар кітаптан» алып, басқа кітаптар мен толықтырып түзеген Сейт Омар Саттарұлы

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button