
ChatGPT (Чат ЖПТ) туралы қысқаша дерек
ChatGPT – американдық коммерциялық емес OpenAl компаниясының нейрондық желісі (әзірлеушісі DALL-E). Ол арқылы жасанды интеллектпен чат құрып, оған кез келген сұрақ қоюға немесе жай ғана сөйлесуге болады. Бұл нейрондық желі чиптердің көптігіне байланысты революциялық деп те аталуда.
Ерекшеліктері
Қызметтің өзінің «жады» бар – ол әңгімені егжей-тегжейге дейін есте сақтайды;
Даулы тақырыптарға жауап беруден аулақ – нәсілдік және діни көзқарас туралы пікір білдірмейді;
Жауаптарын өзгерте алады – егер бот қате жауап берсе, сіз оған бұл туралы айта аласыз, ал нейрондық желі өз көзқарасын қайта қарастырады;
Көптеген тілдерде, соның ішінде орыс тілінде жұмыс істейді.
ChatGPT не істей алады:
Сұрақтарға жауап беру;
Бағдарлама кодын жазу: процесті қалай шығару керектігін айтады немесе кодтағы қателерді табуға көмектесу;
Сценарийлер жазу (фильмдер мен кітаптардың базасы бар);
DALL-E сұраныстары: нейрондық желі басқа нейрондық желімен күресуге көмектесу;
Рефераттар, ғылыми және медициналық мақалалар жазу, тағы-тағылар.
Майлықожа Сұлтанқожаұлы бабамыз туралы қаншалықты дербес және объективті пікір айтады деген оймен ChatGPT-ге «Ақын Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама дайындап бер» деген тапсырма бердім.
ChatGPT (Чат ЖПТ) маған дайындап берген баяндамасы ұзақ жылдар бойы бабамызды тек термеші деп танып келген Қазақтанның ресми әдебиетінің көз қарасынан едәуір объективті және жан-жақты зерттелген баяндама болып шықты.
ChatGPT-дің дерлік шектеусіз мүмкіндігі мен объективтілігін көрсету мақсатында Чаттың Майлықожа атамыз туралы дайындаған баяндамасын назарларыңызға ұсынып отырмын.
ChatGPT (Чат ЖПТ): Міне, сізге ақын Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмірі мен шығармашылығы туралы баяндама. Бұл мәтінді ауызша айтуға да, жазбаша түрде тапсыруға да болады:
Ақын Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмірі мен шығармашылығы
Кіріспе
Қазақтың жыр әлемінде өзіндік орны бар ұлы тұлғалардың бірі — Майлықожа Сұлтанқожаұлы. Ол – ХІХ ғасырда өмір сүрген атақты ақын, ойшыл, би-шешен. Оның шығармалары қазақ әдебиетінің алтын қорынан орын алған. Майлықожа елдің мұң-мұқтажын жырлап, әділет пен ақиқатты арқау еткен отты жырларымен ел есінде қалды.
Өмірбаяны
Майлықожа Сұлтанқожаұлы 1835 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы, яғни Шымкент өңірінде дүниеге келген. Ол — қарапайым отбасынан шыққан. Бала күнінен-ақ зерек, сөзге шешен болған. Халық арасындағы би-шешендердің сөздеріне құлақ түріп, жадында сақтап өскен. Арабша хат таныған, діни білім алған.
Ақын өмірінің көп бөлігі әділетсіздікке, ел ішіндегі дау-дамайларға қарсы күреспен өтті. Ол билік иелерінің зорлығына, байлардың халықты қанап, кедейлерді елеусіз қалдыруына қарсы болды.
Майлықожа 1898 жылы дүниеден өтті. Ол артында мол мұра қалдырған, халықтың құрметіне бөленген тұлға ретінде тарихта қалды.
Шығармашылығы
Майлықожаның шығармашылығы — қазақ әдебиетіндегі дәстүрлі ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің арасындағы көпір. Ол термелер, арнау өлеңдер, нақыл сөздер, мысал өлеңдер жазған. Ақынның жырларынан Абаймен үндестік табуға болады: адамгершілік, имандылық, білімге құштарлық, еңбекқорлық — басты тақырыптар болып табылады.
Ақын шығармаларында өмірлік тәжірибе мен тәрбие, ұрпаққа үлгі боларлық ойлар кеңінен көрініс тапқан. Оның «Жақсы мен жаман», «Әділет туралы», «Білім жайлы», «Насихат өлеңдері» секілді туындылары жастарды тәрбиелеуде маңызды рөл атқарған.
Ол көп жағдайда жыраулық дәстүрді жалғастырып, импровизациямен (суырыпсалмалықпен) де жыр айтқан. Майлықожа өлеңдерінде қарапайым халықтың мұңы, тұрмыс-тіршілігі, елдің бірлігі мен ынтымағы басты орын алады.
Қорытынды
Майлықожа Сұлтанқожаұлы — халықтың рухани көшбасшысы болған, елді бірлікке үндеген, әділет пен парасаттылықты насихаттаған ұлы тұлға. Оның мол мұрасы — бүгінгі ұрпаққа тәлім-тәрбие беретін асыл қазына. Ақын жырлары ұмытылмақ емес, себебі оларда ұлттың жүрегі, елдің үні жатыр.
ЖАЛҒАН ДҮНИЕ
Жалған дүние, сен жолдас қанша күндік,
Арқаң шилі жауырдай баса міндік.
Күліп-ойнап бірге өскен құрбылардың
Көзімізден талайын таса қылдық.
Көрдік талай қадірлі есіктерді,
Жұрт үстінде шашылған несіптерді.
Аяғының білмейміз қаншалығын
Несібені жұртпенен қосып берді.
Өткіздік талай-талай жиындарды,
Оңай көріп өткердік қиындарды.
Өтетұғын жолаушы – біз бір мейман,
Өлшеп берген санаулы күні бар-ды.
Дүние сенің ісің қиынсың-ай,
Тарқайтұғын базардай жиынсың-ай.
Аққан судай барады өмір өтіп,
Азайғаны қай жақтан білінсін-ай.
Дүние талай жанды тастайсың-ай,
Түрленіп түлкілікті бастаймын-ай.
Жүрген менен тұрғанды болжал кылсаң,
Жүзден бірден арыға аспайсың-ай.
Дүние – сен бір көне сарайсың-ай,
Неше күн ашналыққа жарайсың-ай.
Несібесі таусылған кетіп барар,
Өмірі бар пендеге қарайсың-ай.
Дүние қалатұғын себілсің-ай,
Себілге сен бір әуре көңілсің-ай.
Жарлығы әзір тағдыр жасырынсын,
Соңғы күнді адамзат не білсін-ай.
Дүние – опасы жоқ тастандысың,
Тышқандай қып жастандың арыстанды сен.
Бағасы артық қаншама азаматтың,
Бір-бір қылып өткіздің бастаңғысын.
Дүние – сен бір кезеп ұрысың-ай,
Намы жоқ ұрлығың құрысын-ай.
Құдайға – құл, үмбетпіз – Мұхаммедке,
Құданың шүкір қылдық мұнысын-ай.
Дүние, қай адамға орнайсың-ай,
Шыбын жан шырылдаған торғайсың-ай.
Аш қырғи аламын деп қуған күні,
Басынды қай бұтаға қорғайсың-ай.
Қаншама жүріп тұрған ғанибет жан,
Айрыларда бір демдей болмайсың-ай.
Комментарий
Бұл, жалған дүниенің сипаттамасы бұл өлеңнен артық болмас.
Майлы атамыз:
«Көрдік талай қадірлі есіктерді,
Жұрт үстінде шашылған несіптерді.
Аяғының білмейміз қаншалығын
Несібені жұртпенен қосып берді» – дейді.
Ия, Ақын атамыз – заманының аса сыйлы адамы болған. «Көрдік талай қадірлі есіктерді» деп отыр. Өз заманында ақынды қонақ етіп, қадірлі төрін беріп, термелері мен арнауларын тыңдау – талай бай-бағлан мен би-болыстардың арманы болған.
Ия, бұл – өткінші, жалған өмір екенін Ұлы бабамыз жақсы білген. Нағыз тақуа мұсылмандай жүрегінде үміт мен үрейі қатар жүрген.
Сопылық тарихатының айтулы өкілі – Жалалиддин Руми:
«Для праведного смерть есть жизни обновленье,
Такая смерть – не зло, а с Аллахом единенье» – дейді.
Ал түрік данышпандары:
«Смерть к тебе не приходит, если ты знаешь, что есть переход между мирами» – дейді.
Бар өмірі мен шығармашылығын Алланың бірлігі мен барлығын, екі әлемнің сардары – Пайғамбарымыз Мұхаммед с.а.с. дәріптеу мен насихаттауға арнаған бабамызға, Я, Жаратқан Ием, Өз кеңшілігіңмен жаннатыңды сыйлай гөр!
Үсен Асқаров