Бір суреттің сыры

Қылыш Бабаев – қырқында қиылған тағдыр

Қылыш Бабаев – агроном-ғалым, агрошаруа ғылыми кандидаты, ҚазКСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1943ж.). Бұқар жырау ауданнын түлегі. Қазақ агрошаруашылық институтын бітірген (1937 ж.). 1937-42 ж. осы институтта ассистент, доцент, кафедра меңгерушісі. 1942-48 ж. В.Р.Вильямс атыңдағы қазақ ғылыми-зерттеу егіншілік институтының директоры. Республика агро шаруашылығын дамытуға, агрономиялық ғылым міндеттерін шешу мәселесіне арналған бірқатар ғылыми еңбектердің авторы. Республиканың әрбір облысында ғылыми негізге сүйенген егіншілік жүйесін жасау, агрономиялык жағдайларына орай әрбір аудан мен облыста агрошаруа өндірісін мамандандыру және ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарға басшылық етті. Ленин орденімен марапатталған. 1948 жылы авиация апаты кезінде қаза тапты.

Қылыш Бабаев туралы әңгімеге кіріспес бұрын аз-кем кідіріс жасасам оқырман
айыпқа бұйырмас деп ойлаймын.

Әсия әжеміз дүниеден өтерінде «басыма темір апармаңдар, ұрпағымынң ажалы темірден келмесін» деген екен. Ол дегені көлік апаты жайлы айтқаны болар. Бірақ мына заманда  көліктен келген апаттан сақтану оңай емес. Тек Алланың көзі түзу болсын. Сол әжеміздің де тілегі қабыл болды ма, өткен жылғы тамыздың басында ішінде төрт жолаушысы бар жеңіл көлігіміз аударылғанда қол-аяғымыз сынбай бәріміз де аман қалдық.

Мұндайда не деуге болады?! Көлік үш айналып, алшысынан түскен асықтай аударылып түсті. Есімізді жинап, жолсеріктердің амандығына көзіміз жеткеннен кейін, айналама қарап тұрып, «неге бұл жер?» деп, ойлаған едім.

Оқиға болған жерге жақын елді мекендегі Өміржан деген фельдшер жігіт алдымен жетті. Жолай өтіп бара жатқан жолаушылар хабар беріп үлгерсе керек. Алғашқы көмегін көрсеткен Өміржан қоярда қоймай, үйіне алып келді. Қарағанды жақтан эвакуатор келіп, тағы басқа апатқа қатысты құжаттарды рәсімдегенге дейін сол Өміржанның жұбайы Әселдің шайын ішіп, сәл тынығып алдық. Сөздің арасында Өміржан үш қожаның үйінің ортасында отырғаны айтты. Бұл жердің бұрынғы атауы  солардың мықтысы Қылыш Бабаев атында болғанын жеткізді. Елді мекеннің атын  90-шы жылдардан бері Үміткер деп өзгертсе де,   халық әлі күнге дейін «Бабаев» деп атайды екен.

Мына анықтаманы еске сала кетейін: «1961 жылы 15 наурыз күні Қазақ ССР ауылшаруашылық министрінің бұйрығымен Бабаев колхозы мен Үлгі колхозы негізінде Қылыш Бабаев атындағы кеңшар ұйымдастырылған. Үміткер селолық округі – аудан құрамындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Үміткер, Төрткөл, Үлгі ауылдары кіреді. Тұрғыны 1,7 мың адам. Орталығы Үміткер ауылы. Ботақара кентінің солт. – шығысқа қарай 59 км жерде, Сыртқысу өзені бойында орналасқан. Тұрғыны 2006 жылы 1,1 мың адам.1935 жылы әкімшілік, шаруашылық құрылым ретінде қалыптаса бастады. Әуелі ұжымшар, ал 1961 жылдан Қылыш Бабаев атындағы етті мал өсіретін кеңшардың орталығы болып келді. Оның негізінде Үміткерде және округтегі Төрткөл, Үлгі ауылдарында Қ.Бабаев атындағы ӨК және шаруа қожалықтары құрылды. Үміткер арқылы Керней – Құндыкөл автокөлік қатынас жолы өтеді».

ӘУЕДЕ ЖАРЫЛҒАН ҰШАҚ 

1948 жылғы қасірет туралы аз-кем әңгіме

Осыдан 60 жыл бұрын Қазақ­стан­ның бір топ талантты ауыл шаруа­шы­лық ғалымдары кемеліне келіп тұрған кезінде өмірден өтті. Міне, содан бері олардың тағдырының кейбір ақтаңдақ беттері әлі құпия қалпында келеді. Тоталитарлық билік жүйесі адамдар тағдырымен ойнады, социалистік идеяның  құрбаны  етті. Солардың бір тобы 1948 жылғы 3 қазанда “Социа­лис­тік Қазақстанда” қазанамасы жария­ланған бес ғалым. Бұл кімдер еді?

Мыңбаев Кәрім (1-сурет) – 1906 жылы Қарағанды облысының Нұра ауданында туды. 1932 жылы Орта Азия мақта-жер суландыру политехникалық институтын бітірді. Одан соң ауыл шаруашылығы институтында, ғылыми-зерттеу мекемелерінде, Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комиссиясында жұмыс істеді. 1944 жылы биология ғылымдарының докторы атағын алу үшін диссертация қорғады. Сол жылды
ң күзінен бастап В.И.Ленин атындағы Бүкілодақтық Ауыл шаруа­шылығы ғылымдары академиясының Қазақстандағы бөлімшесін басқарды.

Ол ғылыми еңбектері мен зор ұйымдастырушылық қызметіне орай Еңбек Қызыл Ту орденімен және үш медальмен, соғыс жылдарындағы ер­лігіне байланысты “Ленинградты қор­ғағаны үшін” медалімен марапатталды. Қа­зақ КСР Жоғарғы Кеңесінің де­пу­таты болып та сайланды.  Оның көп жыл­ғы зерт­теулері “Тау сағыз өсім­ді­гінің био­ло­гиялық өзгешеліктері және се­лекциялық жаңа әдістері” деген кі­табында қоры­тылды. 1948 жылы 42 жа­сында ұшақ апатынан қайғылы қазаға ұшырады.

Қазақстандық зиялы қауым өкілдері А.Жұбанов, Е.Брусиловский, Л.Хамиди, М.Тө­лебаев, Б.Ерзакович, С. Мұқанов, М. Әуе­зов, Д.Снегин, Ғ. Мүсірепов, Ә.Тә­­жібаев, Ғ.Мұс­та­фин, Т.Жароков, Ғ.Ша­­рипова, Ә.Әбі­шев, И.Шухов “Со­циа­листік Қа­зақ­стан” газетінде шық­қан қазанамада: “Мыңбаев Кәрім Мың­бай­ұлы тамаша адам еді. Ол аса адал және мейлінше батыл адам еді. Оның ақыл-ойы, адамгершілігі бәрімізді сонша­лықты өзіне жақын тартып тұрушы еді…

Кәрім Мыңбайұлы тек ғалым ғана емес еді, сонымен бірге ол көркем әде­биетті сүйетін және ақындық дарыны бар ерекше адам еді. Сондықтан да ол біз­дің ең жақын, ең жақсы көретін до­сымыз болды…

Міне, сол қадірлі досы­мыз мейірімсіз қазаға ұшырады.

Кәрім, сенің жас қа­біріңе бас иеміз. Ұмы­тыл­мас мейірімді жү­зіңді жүрегіміздің терең түкпіріне сақ­таймыз. Қош, сүйікті Кәрім!”, – деп өз көңілдерін білдірді.

Қазақстанда ауыл шаруашылық ғылымы орталығын құрып, жұмыс істеген бір топ талантты ғалымның қайғылы қазасы туралы Ұлттық Ғылым академиясының мүше-коррес­пон­денті, профессор Хайдар Арыс­танбеков өз естелігінде былай дейді: “Мың­баев Мәскеуге аттанардан бір  күн бұрын Жамбыл ау­данындағы тәжірибе шаруашы­лығына соғыпты. Түске дейін бөлімдерді ара­лап, қызметкерлеріне соңғы кеңесін берген. Күрең атына мініп, қолына мылтығын алып, шаруашылықты үш рет айналып шығып, үш рет мылтық атқан. Сосын аты мен мыл­тығын жыл­қы­шы қартқа басымен сыйлапты. Бір Алла  талқанының таусылатынын алдын ала сез­дірді ме, кім білсін, бәрімен көңілсіз қош­тасып жүріп кетеді. Олар да Кәрімді б­ұ­рын мұндай еңсесі түскен күйінде көр­месе керек. Соңынан телміріп қарап, ұзақ тұрады.

Ертеңіне Мыңбаев бастаған топ шағын ұшақпен Алматыдан көтеріліп, Балқаш қаласына қонады. Жанармай құйып, Мәскеуге қарай бағыт алады. 15 минөттен соң ұшақ көкте жарылған. Төрт бірдей азаматтан осылай айрылдық. (Ф.Соло­дов­никовпен бесеу – Д. М.)

Бабаев Қылыш (2-сурет) 1913 жылы Қа­рағанды облысының Ворошилов ауда­нында өмірге келді. 1937 жылы Қазақ ау­ыл шаруа­шы­лығы институтын бітіріп, сон­да ғылыми-оқы­ту­шы­лық қызметте қалды. Ауыл шаруашылығы ғы­лымының кандидаты. 1942 жылдан В.Вильямс атындағы жер шаруа­шы­лығы институ­тын және ауыл шаруа­шы­лық өндірісін ұйымдастыру кафедрасын қатар басқарды.

Ол  республиканың ғылымы мен  ауыл шаруашылығын өркендетуге, осы са­ланың жоғары білімді мамандарын даяр­лауға үлкен үлес қосты. Оның еңбектері рес­публикадағы ауыл шаруашылығы өн­дірісін жоспарлаудың негізіне алынды. Ол осындай еңбектері үшін Ленин орденімен және “1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан со­ғысындағы ерлік еңбегі үшін” ме­далімен марапатталды. Қазақ КСР-інің ғылымға еңбегі сіңген қайраткері атағы берілді.

Солодовников Федор Сергеевич (3-сурет) 1910 жылы Башқұртстанның Белебей ауда­нын­да туды. 1937 жылы Орта Азия­ның жеміс-көкөніс институтын бітірді. Осы кезден бас­тап ол ғылыми-зерттеу жұмы­сымен айналысты. Биология ғылымының кан­ди­даты. 1941 жылдан В.И.Ленин атын­дағы Бү­кілодақтық Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Қазақ­стан­дағы бөлімшесі президиумының мүшесі болды және жеміс-көкөніс егістері секциясын басқарды.

Ол “Құрмет белгісі” орденімен және “1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан со­ғы­сындағы ерлік еңбегі үшін” медалімен ма­рапатталды. 1943 жылы азық-түліктік кар­топтың ұшымен картоп егу тәсілін жа­сау­ға қатысып, Қазақстанда бұл тәсілді қол­дан­ғаны үшін оған Сталиндік сыйлықтың лауреаты атағы берілді.

Наурызбаев Хасен (4-сурет)  1913 жы­лы Ақмола облысында туған. Ол 1935 жы­лы Алма­ты­ның малдәрігерлік-зоотехника­лық институтын бітірді. Ауыл шаруа­шы­лығы ғылымының кандидаты. 1945 жылдан бастап В.И.Ленин атындағы Бүкілодақтық Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Қазақ­стандағы бөлімшесінің мал шаруа­шылығы институтын басқарды.

Нұғыманов Сапар (5-сурет)  1915 жылы Батыс Қазақстан облысының Жә­ні­бек ауданында өмірге келген. 1937 жы­лы Қазақ ауыл шаруашылығы инс­тит
утын бітірді. 1942-1944 жыл­дары Ақтөбе облыстық комсомол  комитетінің хатшысы болып қызмет етті. 1945 жылдан кейін В. И. Ленин атындағы Бүкілодақтық Ауыл шаруа­шылығы ғылымдары акаде­мия­сының Қазақстандағы бөлімшесіне ғы­лыми жұмысқа келді. Сөйтіп, жаңадан құ­рылған картоп-көкөніс станциясы­ның директоры болып жұмыс істей бастаған еді.

Ауыл шаруашылық саласының көр­некті ғалымдарының қазасы, олардың орындарын ойсыратып кетті. Қазақ ССР Министрлер кеңесі, 1948 жылы 7 қазанда олардың зираттарына, келесі, яғни 1949 жылы ескерткіш қойылсын деген қаулы қабылдаған еді. Сол құжаттың шешімі 1956 жылға дейін орындалмады. Профессор Хайдар Арыстанбеков өз естелігінде: “Мемле­кет­тік комиссия ұшақтың өз­ді­гінен жа­рылмағандығын анықтад
ы. Бұл Кәрім Мыңбаевқа жасалған қас­тандық екенін жұрт іштей білді. Жа­рыл­ғыштың қуат­тылығы соншалық, ондағы адам­дардың денелері кесек-кесекке бөлініп ша­шы­лып кеткен. Мыңбаевты костюмінің бір жапырақ матасы мен сондағы түйме­сінен та­ны­дық деп жазған бо­латын. Кеңестік то­талитарлық жүйе қа­сіреті мен қыл­мысы  арнайы ғылыми-зерт­теулер  ны­санына айналғанына біршама уа­қыт өтті. Бұл ұлттық тарих ғы­лы­мындағы өте мұқият және терең зерт­теу­ді қажет ететін мәселе. Тіпті, ұлтымыздың сана-сезімі толық тәуел­сіздікке жеткен күннің өзінде әр қы­ры­нан зерттеуді  жалғастыра бер­ген дұрыс. Бүгінгі тәуелсіздіктің біз­дің қазақ хал­қына қандай қымбатқа түс­кенін қазіргі және бо­лашақ ұрпақ түсініп,  оны көз­дің қарашығындай қорғай білуі керек. Жоғарыда есімдері атал­ған ғылым мен өндірістің көр­некті ұйым­дас­ты­ру­шы­лары, ауыл ша­руашылығы саласын өркендетуге үлкен үлес қосқан ғалым қай­рат­керлердің қызметі бо­лашақта ғылыми тұр­ғыдан жан-жақты зерттеліп,  ақиқат анықталады деп сенеміз.

Авторы: Данагүл МАХАТ, тарих ғылымдарының докторы, Астанадағы Мемлекет тарихы

Жақында қолыма  Ұл  дала тұлғалары сериясымен жарық көрген, ғалымдар   С.Дүйсенов, Ж.Қалиевтің «Кәрім Мыңбаев» деп аталатын еңбегі қолыма түсті. Кітапты ақтара келе,  қатерлі апаттың мынадай деректерін білдік.

«…Мәскеуге  бағыт алған ұшаққа он бес адам отырған. Қатардағы жәй адамдар емес, енді ғана қарыштап дами бастаған Қазақстан ғылымының көшбасшылары еді. Қаралы хабар елге жылдам тарады. Соғыс
жылдарындағы қиындықтан енді құтылған  кез. Ұлы Жеңістің қуанышы басыла қоймаған. Суыт хабарды естіген елдің төбесіне жай түскендей болды.  Жоғары билік өкілдері Мәскеуде өтетін ВАСХНИЛ-дің кезекті сессиясына бара жатқан делегация болатын деген елеусіз ғана хабар таратты. Ол кездегі Тәртіп бойынша  Кеңес Одағында апаттар болмауы тиіс еді. Бола қалған жағдайда барынша бүркемелеп бағатын. Бұл жолы да солай болды…»

…Қазақ болғандардың ішінде аттары Кеңес Одағына  мәлім бола бастаған  танлантты ғалымдар Қылыш Бабаев, Хасен Наурызбаев,Сапар Нұғыманов, Федор Солодовников те болды.

Қылыш Бабаев – 1913 жылы қазіргі Қарағанды облысы Бұхар жырау (ол кезде Ворошилов ауданы-авт) ауданында дүниеге келеді.   Ауыл мектебінде үш жыл  оқыған соң, Баянауылдағы шаруа жастарының мектебінде оқиды. Ол еңбек жолын «Пржевальский» совхозында бастаған.
Шеберхана меңгерушісі, бригадир болып еңбек етеді. Осы жерден  әскерге шақырылады.

Әскерден оралған соң Алматыға келіп, ауыл шаруашылығы
институтының Жұмысшы факультетінде (жоғары оқу орнына түсуге дайындық бөлімі-авт.) әрі қарай институтта білім алады. Қылыш Бабаев институтта үздік  оқуымен қатар, қоғмадық жұмыстарға белсене қатысады.

Профессор Н.И.Маловтың басшылығымен 3-ші курстан бастап,  Нитрогиннің көпжылдық өсімдіктер мен  ауыл шаруашылық дақылдарынан жоғары өнім алуға  әсері»  деген тақырыпта ғылыми ізденіспен айналысады.

Қылыш Бабаев 1937 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын үздік бітіріп, сонда ғылыми-оқытушылық қызметте қалды. Ауыл шаруашылығы ғылымының кандидаты дәрежесін қорғайды. Елімізде ауыл шаруашылығы саласының  ғалымы ретінде танымал болады. 1942 жылдан В.Р.Вильямс атындағы Қазақ егіншілік  ғылыми-зерттеу институтында басшылық етеді және өзі оқыған институтта ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру  кафедрасын басқарды. Сөйтіп республиканың ғылымы мен ауыл шаруашылығын өркендетуге, осы саланың жоғары білімді мамандарын даярлауға үлкен үлес қосты.  Оның еңбектері республикадағы ауыл шаруашылығы өндірісін жоспарлаудың негізіне алынды.  1943 жылы ғалымға «Қазақ КСР-нің ғылымға еңбегі сіңген қайраткер» атағы берілді.  Республика көлемінде және әрі аймақ  пен облыстардың агрономиялық ерекшеліктерін, мамандануын, ұйымдастыруын ескере отырып егін шаруашылығын жүргізудің ғылыми негізделген жүйесін жасау ісіне басшылық етті. Қ.Бабаевтың ғылымдағы еңбегі бағаланып Ленин орденімен және «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы ерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталды. Қазір Қарағанды облысы Бұхар жырау ауданында  Қылыш Бабаев атындағы кеңшар бар. Бір кезде «Надежда» колхозы аталған.

Және осы кітаптың ішінде мынадай естелік жазылыпты. «…Академика Х.Арыстанбеков осы әуе апаты қарсаңындағы жағдайды былай еске алад
ы. «Таңертең министр А.Дауылбаев маған телефон шалып, өзіне келуімді өтінді. Кеңсесіне кірсем, қарсы алдында Бабаев отыр. Дауылбаев оны иегімен меңзеп: «Қылыштың Мәскеуге барғысы жоқ. Көңілі соқпаса зорлап қайтесіңдер. Анау Мыңбаевпен ақылдасшы. Бәлкім орнына басқа біреуді алар»-деді. Мыңбаевпен телефон арқылы байланысып, Бабаевтың тойдан бас тартқанын жеткізгенімде төбесінен жай түскендей үндемей қалды. Содан соң: «Қылыш Мәскеуге міндетті түрде баруға тиіс»-деді. Мен: «Сүйреп апармасаңыз, қолқа салғанға көнбейді-ау»-дедім күмәнімді жасырмай.

Ол бөгеліңкіреп барып: «Хайдаржан, бұл телефонның әңгімесі емес, кездесіп сөйлесейік. Қазір саған барамын» деп трубканы қоя салды. Көңілі қобалжып тұрған сияқты. Екеуміз кеңседе оңаша отырмыз. Ол: «Хайдаржан, ішкі бір ойымды ешкімге айтпай жүр едім. Енді жасырғанмен болмас. Той өткен соң мен Алматыға оралмаймын. Әрі қарай Ленинградқа кетемін. Онда маған Бүкілодақтық өсімдіктер шаруашылығы институтынан лаборатория беретін болды. Тек қана ғылыммен айналысуды жөн көрдім.  Ал Бабаевтың ұйымдастыру қабілеті жақсы.Сондықтан да өз  орныма ұсынғым келеді. Лысенко оны білмейді. Өзім оларды көзбе-көз таныстырмай, жаным жай таппас»-деді.

Оқиға1948 жылдың қоңыр күзінде болып еді. 1948 жылы ВАСХНИЛ басшысы Т.Лысенко 50 жасқа толып мәскеуде той өткізбекші болады. Сол тойға Кәрім Мыңбаев та шақырылады. Ол кезде Кәрім Мыңбаев ВАСХНИЛ-дің Қазақ филиалының президенті болған…»(С.Дүйсенов, Ж.Қалиевтің «Кәрім Мыңбаев») кітабынан.

Міне, ауылына кездейсоқ жол түскен соң, Бабаев туралы ақпараттарға құлақ түріп жүрген едім. Ал, мына жолдар оның әкесі туралы  мәлімет береді екен. Мұндай Қаратау қожаларын туралы айтылып, Қылыштың  әкесі Бабай сол қожалардың тізімін бастап тұр.

«…Баянаула төңірегінде исләм дінінің таралуына әріден басталатын Қаратау қожаларының келуі үлкен ықпал жасайды. Бабай қожа Алдақай, Рақымберлі, Жырыш, Қабық, Жұман қожа, Шаймерден, Жамал қожа, Мұхамеджан, Мәжі қожа, Құдайберген қожа, Смайыл қожа, Мұса қожа, Исабек ишан сияқты діни білімділерге Мұса мырза заманында жер беріп, рулық бірлікке кіргізген. Бабай қожа Қызылтауды алған, оның ұрпағы Қазақ Ауылшаруашылығы ғылымының академигі Қылыш Бабаев атында қазірде елді мекен бар. Жаманауланың сыртында «Қожа» деп аталатын қолайлы қоныс, ескі мекен-жай жұрттың орны әлі де жатыр.»

Дереккөзі: Туған жерде туың тік… //Баянаула /Р.М.Ақыбаев және т.б., ағы сөзі З.Солтанбайұлы.-Астана, 2001.-28-39б.

Осы деректер негізінде Қылыш Бабаев сынды ұмыт қалған бір тұлғаны таныдық. Оның ұрпақтары бар болса, хабарласып, мәліметімізді молықтырады деп ойлаймыз.

     Бір қызығы, Өміржанның үйіне келгенімізде, алдымыздан шыққан адамдардың бәрі бірауыздан:  «Қайта жандарыңыз қалыпты. Бұл жерден құлағандардың аман қалғаны аз. Топырлап өліп жатады» деп, біздерді сескендіріп еді. Кейіннен осы өңірді зерттеушілерімен тілдескенімізде де жолдың ауырлығын айтып, көптеген кісінің ажалына себеп болып жатқан естіп білдік. Мен ішімнен «Қасиетті қожаның  ұрпағы ауылымның  үстінен өтіп бара жатырсың» деп жолдан қайырып алған шығар деп қоя салдым. Ауылы  десем де, тоқсанышы жылдары өзгертіп жіберген. Біраз азаматтар Үміткерді «Бабаев» атына қайтармақшы болып ізденген екен. Реті келмепті. Не болса да, бір жұмбағы бар жер болды.

Айгүл  УАЙСОВА

Ұқсас мақалалар

3 пікір

  1. Айгуль, интересная статья. Что примечательно, дочь К.Бабаева, Майя Кылышовна, моя соседка, часто чаюем, Майя Кылышовна и сама удивительная личность. Каждый год, в день катастрофы самолета, мы ездим поправить могилку. Сын, Марат Бабаев, живет в Алматы, тоже имеет ученную степень. Благородная семья.

    1. Сәлеметсіз бе! Кылыш Бабаев родом из сеа Төрткөл, Умуткерского сельского округа Бухар-Жырауского района. Жители села Үміткер в честь него хотят назвать школу. Вы можете написать нам? нам нужны данные детей Кылыша Бабаева. Заранее благодарю!

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button