Бір суреттің сыры

Жығылған үстіне жұдырық болмасын

«Өлімнен ұят күшті » деген қазақтың баласымыз. Ненің ұят, неден қашық болу керек екенін Абай » Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек , бекер мал шашпақ – бес дұшпаның… » деп ,сонау бодан кезімізде айтып кетті. Өз мемлекетіміз бар қазіргі заманнан қоссақ, халықтың адал еңбегін қанау -ұят. Мемлекет қаржысын ұрлау – ұят. Пара алу – ұят. Пара беру – ұят. Жемқорлық – ұят. Өзгенің абыройын еңбегін, уақытын сыйламау – ұят. Мемлекеттен, яғни халықтан ұрлағанынан «сорпа – су, сүйек берiп сүйдірмек»- ұят.Сол сорпа суға алданып, жемқорды мадақтау – ұят. Дін жолында жүрмін дей тұра жемқорлықты ,озбырлықты ақтау – ұят. Өзі жасамаған еңбекті иеленіп, өзі жазбаған кітапқа автор болу -ұят. Өзіңді асырап отырған халықтың қызметшісі емес , «бастығымын» деу- ұят.Надандық – ұят. Ана тiлiңдi құрметтемеу- ұят.
Өкінішке қарай ұят деген адамзат мәдениетінің негізгі тіректерінің бірі соңғы жылдары аяқ асты болып , мағынасы ауысып , жалған ұятқа айналып барады . Жалған ұят уақыт , еңбек , абыройды қойып , өмірге қатермен де санаспайтын болды.
Таяуда ел жақта бір азамат қайтыс болды. Бір інісі індетке қарамай шара ұйымдастырып , соған бармасқа «ұят болады «деген туыстарының айтқанына көнген. Барған адамның бәрі ауырып , екеуі қайтыс болған. Жақын қарындасым мен күйеу бала өлім аузынан әзер қалды. «Ұят болар» деп көршілеріне құдайыға барып , отбасымен ауырып қалған. Түркістандағы ағайдың көршісі коронавирустен қайтқан кісіні жууға қатысып , екі күннен соң өзі қайтыс болыпты. Бүгін ғана баршаға танымал ақын, аға доспен сөйлестім. Жеңгесі «құда күткенде болмағаның ұят» дегенге барып , вирус жұқтырып , әзер айығыпты ауыр науқастан. Осындай мысалдар көп.
Биліктің ұяттан безiнуi жемқорлық, дәрменсіздік, халық қаржысын талан таражға салу, аз ғана топтың байып, бай мен кедей арасы шарықтап кету, тәуелсіздікке қатер төнуге алып келді. Ол осы індет кезінде ашық көрінді.Соның салдарынан қаншама адамнан айырылдық. Ал оның үстіне қоғам да жалған ұяттың жетегінде кете берсе, жығылған үстіне жұдырық болмақшы. Адамның өмірі – басты құндылық . Жақындарыңызды да өздеріңізді де сақтаңыздар. Нәубет болып тұрған індеттен тез құтылып , қуанышты күндерде кездесуге жазсын. Асыл мұрат, адал еңбек пен имандылық армандарыңызға жеткізсін!

Alikhan Baimen фб парақшасынан алынды

Таңбалар

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button
Жабу