Бір суреттің сыры

Құрметті Ибадулла Дүйсенбайұлы!

Ілтипат-лебіз

Адамзаттың асыл тәжі Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.а.у) жасына келгеніңіз құтты болсын! Уақыт деңгейінен сараласақ, 63 көп сан емес. Ал бұған дейінгі қол жеткізген жетістіктерін тұрғысынан пайымдасақ, біраз шаруаны тындырып үлгіріпсін. Жоғарғы деңгейдегі сан-салалы қызметін, әріптестері мен дос-жарандарынның алдындағы зор беделің, Дәркүл келінге адал жар болуын, перзенттерін Сабира мен Майраға, Сәбитке өнегелі әм үлгілі әке, немерелеріне ардақты-ата болуын, шәкірттеріне ұлағатты-ұстаз атануын сөзіміздің дәлелі. Қаладағы іргелі оқу-орнын басқарудағы табыстарында жетерлік.  Бүгінгі өзіңе арнаған шын пейілден шыққан құттықтауымызды төмендегі өлең жолдарымен ұсынамыз.

Жасына пайғамбардың жеткен інім,

Дарағын жақсылықтың еккен інім.

Шуағын кейінгіге төккен інім,

Келесін жетпісіңе еппен інім.

 

Жасынан пайғамбардың асқан інім,

Жөн-жосықты меңгерген бастан інім.

Сөйлесең мүдірмейтін дастан інім,

Сәттілікке сілтесін басқан ізің.

 

Жасынан пайғамбардың озған інім,

Ғұмырын білімімен созған інім.

Жетпісті желкесінен бүріп тастап,

Сексеннің сеңгіріне қозғал інім.

Тоқсаңды тобығынан қағып өтсен,

Ғасырдың айдынына жол бар інім.

 

Өзіңе шын ықылас, ақ-жүрек адал пейілмен, ағаң Қазбай-жеңгең Гүлназия

Қызылорда, 09.01.2020 ж.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button