Шортанбай (Әли Мұхаммед) Қанайұлы

Асылық

Шортанбай Қанайұлы

Бұл асылық, асқан заманда,

Ұл туады атаменен егесіп,

Қыз туады анаменен тендесіп,

Баласы кетіп тыюдан.

Масқаралар таймайды,

Жас сыйласып тұрудан.

Адалзада баланы,

Таба алмассың рудан.

Ұлын киді дүрия,

Ұстараның жүзіндей,

Аударылған дүния.

Қызың киді биқасап,

Теріге кимес бойқастап,

Кешкітұрым болғанда,

Құлан менен бұландай,

Үйінде тұрмас ойқастап.

Қыз, жігітте әдеп жоқ,

Үшбу күнде халықтың,

Домбыра болар шерткені,

Зина болар қылғаны,

Бұрынғының сөзінің,

Болсашы бір қатасы!

Алтыбақан ақылын,

Енді қазақ қойсайшы.

Дәулет, бақтан әуелден,

Жесір қатын, жетім ұл,

Қараны сан қып айдаған,

Бұ дүниеге тойсайшы!

Қартайғанша мал дейді,

Өлгенінше жан дейді,

Бұ дүниенің қызығын,

Көңіл шіркін қисайшы.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button