Жиырма тоғыз харіптің,
Жайын білем керек-дүр.
Бісміллада соңғы сөз,
Әліп пенен би болар.
Жиырма тоғыз әріптің,
Үшіншісі ти болар.
Төрт ярдан шыққан пір болар,
Ақылы асқан дүр болар.
Мынау бір жалған дүниеде,
Малы көп кісі би болар.
Көпке тентек, ез қисық,
Қамшыменен іи болар.
Ер басына күн туса,
Бұта түбі үй болар.
Жан жоламас жатқанға,
Жүргенге жөргем ілінер.
Ат басына күн туса,
Көксімдегі күй болар.
Көңіл азып, тон тозса,
Берген көйлек кез болар.
Аштықта жасық табылса,
Ұдай абзал сол болар.
Сұрасаң ақыл азбайсың,
Көпті көрген көнеден.
Мейір кетті пендеден,
Айырды теңге мейірден.
Қасиет кетті төреден,
Ғаділдік кетті билерден,
Абырой кетті әркімнен.
Қайын енесі ас ішпес,
Қабағын түйген келіннен.
Жалғыз Құдай болмаса,
Енді үміт жоқ өзгеден.