Майлықожа

Майлықожаның қолтаңбасы табылды

Сейіт-Омар Саттарұлы 

Майлықожа Cұлтанқожаұлы  – өз уақытының, ғасырының шежіресін, өз замандастарының  берекелі істерін,  қоғамдағы атқарғна орнын өлеңмен жазып кеткен Ақын. «Көп қазақтың бірі едім»дей келе, ол сол сүйікті ұлтының биігін де, ойысын да, мейірімін де, қаталдығын да, қаналғанын, қамалғанын да, жығылғанын, тұрғанын жасырмай айтып, көпшіліктің көңіліне жол салады, үймелеп-жүймелеп келген сөздің жүйесін табады» деп, филология ғылымдарының докторы, профессор Ө.Күмісбаев айтқандай, Майлықожа мұрасы бүгінгі күнде де зерттеушілерінің  назарынан түскен жоқ.

Ақын өз қолымен қағазға түсірген, баршаға мәлім мына өлеңі қолымызға тиіп, ақын қолтаңбасына үңіліп, жақсыдан жеткен жәдігер деп сүйіншілеп отырмыз.

«Ғалымның хаты өшпейді»  деген осы екен.

Майлықожа ақынның қолжазбасы ҚР ҒБ министрлігі Ғылым Ордасы   ғылыми кітапхананың Сирек Қолжазбалар қорында  №1167-бумада  сақтаулы тұр.

Қолжазбаның бас жағында бірінші қатарда араб әрпімен Майлықожа ақынның өзі жазған (паксимле)-деп жазылған. Астында-Тетрадь №-3,19-ноябрь, страница 20)- деген орысша жазу. Араб әрпінде  «Майлықожа ақынның әр түрлі айтқан өлеңдері». Араб әрпінде – Абубәкір Диваев ақсақалдан алынды. Санада1941 жыл. Әлкей» -деп жазылған.  Демек Ұлы ғалым Әлкей Марғұланның қолынан шыққан деп  пайымдаймыз.

Төменде Майлыақынның қолтаңбасымен түскен әсіл мәтінінің бір беті   қазақша былай оқылады.

 

Оң жағында орыстың ноғай боп жүр,

Оған жақсаң жұмысың оңай боп жүр.

Тіл білмеген кісіге тіпті қиын,

Замананың саясаты солай боп жүр.

 

Іште жатқан шердеген толғанысты-ай,

Өлең қылдым бірталай болған істі-ай.

Ақындығым – өлеңім енді бекер,

Алжып шөлде адасқан жолбарыстай.

 

Біздің өлең санаттың дәптеріндей,

Жүзден асқан кәрияның гәптеріндей.

Алжығаны сөзімнің білініп жүр,

Қатпарланған өзімнің жақ терімдей.

 

Келіспей жүр, менің де Майлылығым

Өлеңімде көбейді айып мінім.

Заманының зайылын ойлағанда

Түн ұйқымды төрт бөлген қайғылымын.

Сайттан: Майлықожаның қолынан шыққан «Зарқұм» дастаны Шәуiлдipде музейде сақтаулы тұрғанын естеріңізге сала кетейік. 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button