ҚХР Шынжан өлкесіндегі қожалар тарихы туралы қысқаша түсінік
Шынжандағы қожалар абақ керейдің күл төккен ата мекені Шынжанның Алтай аймағы (Жеменей ауданы, Қаба ауданы, Буршын ауданы, Бұрылтоғай ауданы, Көктоғай ауданы, Шіңгіл ауданы жиыны 7 аудан) қатарлы Қытай топырағына қайтып келуінен басталады. Тарихи деректе олардың қолында хандыққа қараған таңбасы жоқ екен. Содан сөздері елеп ескерілмегендіктен Жәнібек батыр Тауасар бастаған керей билерін төре сұратып жіберген жолында Әпілпейіз ханның ұлы Көгадайды Абылай хан Абақ керейге төре қылып жіберген екен. Ілгерінді-кейінді екі інісі Сәменмен Жабағыны және шешесі Тұмар ханымды қосып жіберген. Бұл 1780-жылдар шамасы. Ал Сарғалдақ қожаның Пірәлы, Бегәлі деген екі ұлын Тұмар ханымның ұсынысы бойынша Қытай өңіріндегі қазақтардың Абылай хан керей елінің ішінде дін басы етіп тағайындап жіберген. Мөлшері қырық жылдан кейін Көгадайдың ұлы Ажы Төре Жеменейге келеді. Пірәлінің Асқар, Зағпран дейтін екі ұлы, Бегәлінің Бабаназар дейтін ұлы Ажы Төремен бірге Жеменейге келеді,осы тұста туыс іздеп Қозыбағар, Жәмші деген екі адам іздеп келіп, Ажы Төренің бекітуімен Бұрылтоғай ауданын мекендейді. Бұлар Алтайдың өр керейі Моңғолияға қоныс аударғанда бірге кеткен дейді көне көз кәриялар.
Пірәлі, Бегәлі ұрпақтары Көгадайдың ұрпақтарымен бірге Алтай аймағы Жеменей ауданында жеті-сегіз ұрпаққа жалғасып өсіп өнді. Міне, осы қожалардың шежіресін жазуды 1980-жылдан бастап зерттедім. Ақсақал кәриялардың айытқандарын жинап, тарихшылардың жазған деректеріне негізделіп, қожалар туралы Шынжан “Мұра” журналында мақала жарияладым. 1996-1997 жылдары “Қожалар туралы деректер ” деген шағын көк түсті кітапша шығардым. 2012-жылдарға келгенде қожалардан шыққан оқымысты інілерім Жареке Бекеш ұлы, Құбайдолла Қасейін ұлы, Сетерхан Шайқыислам ұлы, Нұрсултан Жәнәбіл ұлы, Бедел Құрманхан ұлы қатарлы оқымыстылардың қолдап-қуаттауымен, әсіресе, Сейітомар Саттар ұлымен Құлжа қаласында Санжыдағы қозыбағар ұрпақтары ауылында, Үрімжіде қоныстанған қожалармен бірге бас қосып, кеңінен талқылап, бірлікке келіп, Сейітомар інімізден шежіре туралы көптеген ілімдерге ие болдық. Менің шежіре жазу талабымды ұштай түсті. Сондықтан 2013-жылы солтүстік Шынжандағы қожалардың шежіресін “Қожалар шежіресі” деген атпен үлкен нұсқада 560 беттік кітап жазып баспада басылып таратылды.
Қадыр Ораз ұлы