Бір суреттің сыры

Естен кетпес бір есім

Тоқтар, иә, Тоқтар,Тоқтар Әлібек-Алматыға барсам бір соғып кететін едім. Кешегі барғанымда да соқтым,Тоқтарды іздеп Нұржұмаға бардым,мені Тоқтардың кабинетіне кіргіз деп. Рахмет, ертіп кірді,есікті ашқанда кібіртіктеп,дегбірсізденгендей болып көрінді. Маған солай көрінді-ме екен,әлде мен дегбірсізденіп тұрдымба.Мен өз басым кабинетке кіргенде қағазға үңіліп отырған Тоқтарды көргім келді. Есіктен кіргеніңде басын көтеріп: «А, қожеке келіңіз» деп орнынан тұрып алдындағы орындықты көрсетіп, жағын таянып алып, ал енді айтыңыз елде  не жаңалық деп ынтасы мен ұмтыла тыңдауға көшетін Тоқтарды ізеп келдім. Тоқтар жоқ еді, Ол келместің кемесіне мініп кетіпті. Ол жаққа бармай ешкім қалған емес,Ол жақтан қайтып ешкім келген емес. Енді Тоқтарды таба алмайсың, іздеме,тек аңсай білсең көз алдыңа келіп тұра қалады,арманыңды айта алмайсың -тек көз қарасың мен ұқтырасың-түсінеді-Я-Я-түсінеді бырақ -Бар-Я жоқ деп айтпайды. Ол енді басқа өмірдің адамы, Алланың үкімі солай болған соң сол жақтың өмірі мен өмір сүреді.  Өмірдің заңы солай, ұза-а-а-ақ ойлансаң, ойлана білсең жетесің, бір өзіңе ғана лайықты хабар аласың. Еш кіммен бөлісе алмайсың, айта алмайсың, түсіндіре алмайсың. Ол бөтен өмір, басқа ұғым.  Уһ-ол солай екен ғой.

Сүреттерін іздедім.Менің қолымда Тоқтардың ең соңғы сүреті «Майлықожаның» толық жыйнағына тұсау кесерін өткізгендегі сүреті бар екен.

Отырысты ашып-Майлықожа тұралы шешіліп сөйлеген сөзі қулағымда қалды-әлі тұр. Барлық өмірін Майлықожаны зерттеген адамдай сөйледі. Әлде маған солай көрінді ме? Менің сол сәттегі бар ақыл-ойым Майлықожа тұралы болғандықтан солай көрінген шығар.

Бірақ Тоқтар -Майлықожа жайында тың деректер келтіріп өтті.

Жалпы мен 2003-жылдан бері сирек қолжазбалар қоры мен М.Әуезов ғылми зерттеу институтын көп қатынаймын.

Қаншалықты көп адаммен қатынасқаның мен ішінде бір-екеуінің орны бөлекше болады. Сол азған топтың ортасында салиқалы мінезі мен, ұтымды ойымен, құлаққа жағатын үнімен Тоқтар тұратын. Қолжазба қоры дегеніңіз Қазақстанның өткен тарихы, әдебиеті, мәдениеті болғандықтан сол ұлы мұхиттың ортасында соңғы 20-25-жылда Тоқтар тұрды.

Азғана жыл ілгері Тоқтардың 60-жылдығын тойлағанбыз-академиядағы қуанышты сәтіне қатысып,құтықтауымды айтып кеткен едім.Оның алдында Майлықожа тұралы құжатты фильм түсіргенде жүгіріп жүріп, бар материалды көрсетіп түсінігін беріп, өз ойы мен бөлісіп ағынан жарылған еді. Міне мына кітаптың жарық көруіне бірден бір себебші болған Сарыағаштан келіп жұмыс істеп күн түн демей ұмтылған мынау отырған Сейтомар ағамыз деп ағынан жарылған-деген мен Майлықожа әлі тың жатқан дүние, Абайды жазған Мұхтар Әуезов,Тұрарды жазған Шерхан секілді бір алып шығып ұлы ақынның өз бағасын берері дау тұғызбайтын мәселе деген-еді.

Жүсіпбекқожа Шайхисламұлының өмірі мен қызметі туралыОл – қазақтың бірінші баспагері»-Тоқтар осылай сөйлейтін.

М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты Қолжазба және текстология бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты Тоқтар Әлібекпен халқымыздың мәдени мұрасы сол мұраны жеткізушілердің бірегейі Жүсiпбек Шайхисламұлының  өмірі мен шығармашылығы  турады әңгімелесудің сәті түсті. «Жалпы, кеңес кезеңіне дейінгі кітаптардың тарихына шолу жасағанда, жинақтардың саны жағынан да, қайта бастыруда да, таралымының мөлшері тұрғысында да Жүсіпбектен асқан кітап бастырушыны анықтай алмаймыз. Сондықтан ұлты қазақ кітап бастырушыларының бастауларында Ж.Шайхисламұлы тұрады деуге толық негіз бар» деді зерттеуші-ғалым Тоқтар Әлібек. Баспагер-Ақын шығармашылығына құрылған сұқбатымыз кезінде қуғындалып, қытай асып кеткен біртуар тұлғаның насихатына өз үлесін қосады деп ойлаймыз.

 Осыншама артында мол мұра қалдырып, бір өзі қазақтың асыл мұрасын сақтап қалған, оны насихаттап елдің көзін ашқан, халықтың діни қамалын бекіткен  Жүсіпбек есімі ескерусіз қалуға лайық деп ойлайсыз ба?

 – Жалғыз Жүсіпбек қана емес, ХІХ-ХХ ғасырларда өмір сүрген ондаған ақын жыраулардың шығармалары әлі де жария болмағандықтан, зерттеу нысанына алынбай, сирек қорлардың сөресінде жатып қалды. Қазір біздің ғалымдар шама-шарқынша осынау мол мұраны игерудің  жолдарын іздестіру үстінде. Бұл бір күнде, жылда атқарыла қоятын шаруа емес. Ол ретімен, өзінің кезегімен істеле береді деп есептейміз. Ал Ж.Шайхисламұлы әдеби мұраларына келер болсақ, соңғы ширек ғасырдың шеңберінде жырларының дені қайта басылым көрді. Шығармашылығына қатысты Қазақстанда да, Қытай қазақтарының арасында да ірілі-ұсақты зерттеулер, дипломдық жұмыстар жазылды. Халық мұрасын жинаушы, жариялаушы, шежіреші Сейіт-Омар Саттарұлы ақсақал Қытайға арнайы барып, ақынның 1000 беттен астам қолжазба шығармаларын елге алып келді. Сондықтан Жүсіпбектің еңбегін жан-жақты игеруге, іргелі    түрде зерттеудің кезегі енді келді друге болады.

Бұл ретте ең алдымен, оның қазақ кітап бастырушыларының көшбасшысы ретіндегі ұшан-теңіз еңбегін, яғни баспагерлік қызметін арнайы зерттеген жөн. Біздің білуімізше, Орталық ғылыми кітапханада төңкеріске дейін ол шығарған кітаптар және олардың қайта басылымдары жақсы күйде сақталған. Сондай-ақ Жүсіпбектің баспадан шыққпай қалған материалдары, баспагерлігіне, жеке басына байланысты көптеген деректерді Қазан кітапханаларынан, татарлардың библиограф ғалымдарының зерттеулерінен іздестіру керек. Себебі ол ХІХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарынан ХХ ғасырдың алғашқы ширегіне дейін татар баспагерлерімен шығармашылық бірлікте болды.

Екіншіден, Жүсіпбектің халық әдебиетін жинаушы, жүйелеуші – фольклоршы, ақындық, жыршылық, аудармашылық қырларын жеке-жеке қарастырған орынды. Іргелі зерттеулер жүргізуге оның жарық көрген төл шығармалары мен жырлаған фольклорлық үлгілер жеткілікті. Оған еліміздегі, Татарстан мен Қытайдағы әдеби қорларда сақталған мұраларын біріктірсе, нұр үстіне нұр болар еді. Ақынның араб, парсы тілдеріндегі шығармаларды аударып, жырға айналдырудағы аудармашылық қабілеті бір төбе. Әсіресе, оның шығармашылығы туралы жазылатын ғылыми еңбектерде текстологиялық зерттеулерге зор мән берілсе, жоғарыда айтылған халық мұрасына жасалған «жиендік» мәселесі өзінен өзі шешілері анық.

Үшіншіден, Ж.Шайхисламұлының Ислам ілімін насихаттаушы, емшілік қасиеттері де жеке зерттеуді қажет етеді. Мәселен, ол жарыққа шығарған дастандар, батырлық, тарихи жырлар «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасының «Бабалар сөзі» жүз томдық сериясы бойынша басылым көріп, текстологиялық зерттеулер жүргізілді. «Қазыналы Оңтүстік» кітапханасының негізінде С.Саттарұлының жинақтауымен Жүсібектің мұрасының он томдығы (2012-2013), өзіңіз сұхбаттасып отырған пақырдың құрастыруымен  үш томдық «Алтын жамбы» (2015) жинағы жарық көрді. Сондықтан ақынның өмірі мен қызметі, шығармашылығын жоғарыда айтылғандай бірнеше салада зеріттеліп,  қазақ әдебиеті мен мәдениетіндегі орнын шынайы, ғылыми негізде анықтау бүгінгі ұрпақтың борышы болып қала беретінін  еске салғымыз келеді.»

Соңғы сөз Тоқтардың  берген сұхбатынан алынды. Бұл Тоқтардың ниетінің қаншалықты өміршең екендігін, өзі басында отырған қол жазба қорына жаны ашитынын көрсетеді. Мен Тоқтар туралы азғана сөз айттым. Тоқтар бастаған ғылмыи жұмыстар ұшан-теңіз. Оны айту, бағасын беру ғалымдардың еншісі.

Сейт-Омар Саттарұлы, Сарыағаш.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button