Ғақлиат

Хикаят

Наушаруан әділдің падишалық уақытында бір басқа діндегі тәрса оқымысты келіп падишаға: Ей, Наушаруан, әділ, менің саған бес сұрағым бар, сол сауалдарыма жауап бер немесе ез қарамағыңдағы адамдардан жауап қайтара алатын адамды тауып бер деп арыз қылды.

Наушаруан әділ сұрағыңды айт дегенде тәрсаның сауалы мынау болды:

  1. Алладан ілгері кім болды?
  2. Алла білмейтін не зат?
  3. Алла істемейтін не жұмыс?
  4. Аллаға мақұлық емес зат қайсы?
  5. Алланың жүзі қай тарапта?

Сұрақтарға қайран қалған Наушаруан әділ ез қарамағындағы қазы, уәзірлерін жиып, бұл сауалдарға кім жауап бере алады деп сүрады.

– Е, әділ падишам, бұндай қиын сауалдарға жауап бере алатын адам Нұғыман атты кісінің Сәбит деген баласы. Өзі оқымысты, кәмелетке енді жетті, – деп айтты бірі. Наушаруан әділ Нұғыманұлы Сәбитті алдырып, болған жайды айтып береді. Бала «Өте жақсы, мен ол тәрсаға жауап беруге әзірмін» деді. Падиша салтанаты тегіс жиналып тәрса мен Сәбиттің таласын тамашалап отырды.

Тәрса: Е, бала, Алладан ілгері кім бар?

Сәбит: Сен бірден онға дейін санап бер-дағы жауабын ал, – деді. Тәрса бірден онға дейін санады.

Сәбит айтты: Сен бірден онға дейін санадың, бірден ілгері не бар? – деді.

Тәрса: Бірден ілгері ешнәрсе жоқ.

Сәбит: Онда Алладан ілгеріні сұрауыңның орны жоқ, сен сол бірдің өзінен де хабарсызсың.

Тәрса: Алла тағаланың білмейтіні не?

Сәбит: Алланың өзі сол сен айтқан бір, оған еш күмәнің болмасын және Алла өзінен басқа еш құдіретті білмейді.

Тәрса: Алланың мақұлығы емес не?

Сәбит: Құран-Кәрім Алланың кәламы болғандықтан Алланың мақлұғы емес. Өзін білген жан оны мақұлық деп айтпас. Тәрса: Алла тағала істемейтін іс не?

Сәбит: Алладан өзге Құдай жоқ болғандықтан ол ешкімнің жұмысын (бұйрығын) істемейді.

Тәрса: Алланың жүзі қайсы тарапта?

Сәбит бір шам алып келуге бұйырды, оны жағып ортаға қойды да: Ал, айт, шамның жүзі қай жағында? Нұғыман ибн Сәбиттің даналығына мойынсұнған кәпір өзінің осыншалықты надандығына қапа болып, сол демде тәубе етіп, иман келтіріп мұсылман болды.

Иман-жүйесін – «Шар кітаптан» алып, басқа кітаптар мен толықтырып түзеген Сейт Омар Саттарұлы

 

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button