Қаулуһу тағала: «Иннәһу ләқурәнун кәриим фии китәбим мәкнуун лә йәмәссуһу илләл мутаһһәруун117» (Шын мәнінде ол ардақты Құран. Кітапта «Лаухы Махфұзда сақтаулы. Оны тап-таза болғандар ғана ұстайды) мәнісін Әбділла ибн аббас әнһума рауаят қылды.
Расул саллалаһу әлейһесалламнан бір кісі Құранда 200 аят оқыса Құдай тағала дүниедегі мақлұқат санынша сауап берер және дұғасы қабыл болғай. Қиямет күні Құран шапағат қылғай. Жан берерде жанын оңай қылып алғай. Көрі нұрлы болар. «Ей, момындар, тозақтан құтыламын десеңіз, Құран оқыңыздар. Құранды құрмет әм ізет қылыңыздар. Енді ылайық дүр, оқушы ықыласпен оқымақ. Егер мәнісін білген кісі болса, мәнісін ойлап оқымақ, мәнісін білмесе бұл Алла тағаланың тәбәрік сөзі дүр. Хақ рас, шын сөйлер. Әрбір Құран әрпінде он сауап болар» деді. Ниет қылып Алла разылығы үшін оқыңдар. Құбылаға қарап отырып Құранды жоғары қойып, көңілі қайғырып, жылап оқысын. Егер жылай алмаса жылаған кісі секілді болып оқығай. Расул әлейһесаллам айтты: «ләм тун ку фәтәбәку» деді, мәнісі «таһарат алып оқығай», үммет аяттары келгенде орнында Алла тағаладан сұрағай «уә кур куле» аяттары келгенде Құдай тағалаға сиынғай, «уәсәббуһу» аяты келгенде тасбих айтқай, субһан аллаһу, уалһәмдулиллаһи, уа истиғфар қылғай және де аят келгенде аумин дегей. Ілімді танып, ілімді құрмет қылғай. Әркім ілімді һәм ілім оқушыны дұшпан көрсе, әрине ақыр түбі көр 117 «әл-Уақиъа» сүресі, 77-79-аяттар болғай. Нәғуузу биллаһи минәзәлик пайғамбар саллалаһу айтты: «мәнһәне талыбіл ілуне пахат кәпәрә уә талукат имрәһәтуһу» деген, мәнісі «бір кісі ілімді һәм ілім оқушыны қорласа қатыны талақ болар». «Аллаһу тағала әғләм калән нәббиу әлейс салам мән йухиббул улама мисқала зәррәтин дахаләл наре мәжәннән» деген хадис бар. «Әр кісі ғұламаларды кішкене дос тұтса, ол жәннатқа өмірлік мәңгі кірер. Әр кісі ғалымды жаман көрсе, өмірлік тозаққа кірер». Иншаллаһу тағала және Пайғамбар әлейһесаллам айтты: «мән әкрәма алима фақад әкримни» мәнісі «бір кісі ғалымды құрмет қылса, мені құрмет қылғанмен тең» және де рауаят бар қиямет күнінде һәм арасат118 күндерінде әр пенденің жақсы жамандықтарын сұрағанда мысалға әр кісіні келтіргенде бірде жақсы амалы болмағай. Ол бишара басын төмен салып тұрғай. Еш сөз айта алмағай. Періштелер оны сүйреп тозаққа алып барғай. Алла тағала тарапынан бір нида119 келгей «қайтарыңыз тозақтан» деп қайтарар. «Ей, бишара пенде, дүниеде бір ғалымды тәуір көрдің бе?» дегей, ол бишара пенде айтқай: «бір ғалымды сүйген едім» дегей. Сол заман нида келгей. «Сол ғалымды тәуір көргенің үшін пейішке кіргіз» дегей.