Ғақлиат

Мұсылманның қырық парызы

Иман-жүйесін – «Шар кітаптан» алып, басқа кітаптар мен толықтырып түзеген Сейт Омар Саттарұлы

Ғибадат араб сөзі. Алланың құлы болғандықтан Аллаға сыйыну, үкімін бұлжытпай орындау, яғни барлық амалдарды Алланың разылығы үшін қалтқысыз өз уақытында орындау. Ислам дүниесінде ғибадат түсінігі аса мағыналы түсінік. Тіліңізді бір адамның арына тиюден, ақысына қиянат етуден, жалған куәлік беруден тиылсаңыз, сыртынан сөйлеу секілді өз сөзіңізге жалған қоспасаңыз, біреуді кемсітпесеңіз, сақтансаңыз, шындықты айтуға әдеттеніп, тек шындықпен жүрсеңіз бұл ғибадат және бұның барлығы тек Алланың разылығы үшін істеледі. Ғаріп-қасірге жәрдем беру, қол жәрдемі, тіл жәр-демі, мал-дүние жәрдемі, қайсысы болсын, ертең мен осының қарыын аламын деместен Алла разылығы үшін істелінсе ғибадат. Осы ғибадаттың, яғни Аллаға разылықтың әр кез орындалуы шарт болған зәру 106 (жүз алты) парызының ең керектілеріне тоқтала кетейік.

Иманда жеті парыз:

1.Аллаға иман келтірмек;

2.Періштелерге сену;

3.Кітаптарға сену;

4.Пайғамбарларға сену;

5.Ақырет күніне сену;

6.Жақсылық пен жамандықтың тағдырын Алладан білу;

7.Өлген соң қайта тірілуіне сену.

Исламдағы бес парыз;

1.Иман, яғни Алладан басқа құлдық қылатын еш зат жоқ және Мұхаммед с.ғ.с. Алла тағаланың құлдарына жіберген елшісі дел куәлік беру;

2.Бес уақыт намаз оқымақ;

3.Бай адам зекет бермек;

4.Ораза тұтпақ;

5.Жағдайы бар адам қажылық етпек.

Намаздағы он екі парыз:

1.Дәрет – дене тазалығы;

2.Намаз киімінің тазалығы;

3.Намаз оқитын жайдың тазалығы;

4.Уақыт, яғни намазды уақытында оқу;

5.Құбылаға жүз беру;

6.Әжет етпек.

Алтауы руку, яғни намаз ішіндегі парыздар:

1.Тәкбірі-тахрима;

2.Қиям;

3.Қырағат;

4.Руку;

5.Сәжде;

6.Соңғы отыру.

Зекетте он бес парыз: 1. Ниет – яғни зекетті тиісті орынға бергенде не малын айырғанда зекетім деп ниет ету.

Зекетте жеті пары з- шарт:

1.Азат кісі болмақ, құлдың малынан зекет парыз емес;

2.Балиғат – нәрестенің малынан зекет парыз емес;

3.Ақылы кем мәжнүннің малынан зекет парыз емес;

4.Басқа діндегі кісінің малынан зекет парыз емес;

5.Ынсап – ынсапқа жетпеген малдан зекет парыз емес;

6.Малдың ынсабы бір жылға толуы;

  1. Малдың есебі қарызынан асуы.

Жеті парыз (масруф) зекеті белгіленген кісілерге беру

1.Пақыр – малы ынсапқа жетпеген кісіге;

2.Мүскін – ешнәрсесі жоқ кісіге;

3.Амал зекет – зекетті елден жиюға белгіленген кісі;

4.Мұқатаб – азаттық алу үшін қожасы белгілеген пұлды іздеп жүрген кісіге;

5.Қарыздар кісі;

6.Бисабиллах – жарау ат жоқтығынан ғазылардан айырылып қалған кісі, азық немесе жол кіресі жоқтығынан жолдастарынан ажырап қалған кісі.

7.Ибн сәбил – малы болғанымен өз қолында емес кісі.

Оразадағы үш парыз:

1.Ниет, таң атқаннан бастап күн батқанша ішпеймін, жемеймін, жыныстық қатынас істемеймін деп ниет ету;

2.Таң атқаннан күн батқанша ішпеу, жемеу;

3.Осы  уақыт ішінде жыныстық қатынастан тиылу.

Қажылықта он бір парыз, сегіз шарт:

1.Азат кісі болуы керек – құлға парыз емес;

2.Мұсылман болу керек, басқа діндегілерге парыз емес;

3.Ақылы – мәжнүнге парыз емес;

4.Балиғат нәрестеге парыз емес;

5.Саламат – көр, кеселдерге парыз емес;

6.Иститағат – қажылық қылып қайтып келгенше азық-жол қаражатына және үйінде қалған жандарына ішіп-жеуге жетерлік дәрежеде малы-пұлы болуы – оған шамасы келмесе парыз емес;

7.Меккеге баратын жолдың тыныш, қауіпсіз болуы, егөр жол тынышсыз, малына, жанына қатерлі болса парыз емес;

  1. Әйел кісі қажылыққа бармаққа ниет етсе ері, не әке, аға-інілері қатарлы кісі махрам жолдас болуы, әйтпесе әйел кісіге парыз емес.

Үш парыз руку:

1.Ниет және ахрам байламақ;

2.Арафат тауында тоқтамақ;

3.Тәуеп – яғни Қағбаны 7 айналып зиярат етпек.

Бес түрлі ғұсыл парыз:

1.Жыныстық жақындық еткенде шәуһет суы келмесе де, ғұсыл құйынбақ парыз;

2.Шәуһет суы ләззатпен атылып шықса ғұсыл парыз;

3.Оянғанда су болып қалғанын көрсе (ихтилам) ғұсыл парыз;

4.Қайыздан таза болған әйелдердің ғұсыл қылмағы парыз;

5.Нәпастан таза болған әйелдің ғұсыл қылмағы парыз.

Ғұсылдағы үш парыз:

1.Таза сумен аузын үш рет тамағын шаймақ;

2.Таза сумен үш рет алып мұрын шаймақ;

3.Барлық денесін қалдырмай жумақ (үш рет).

Дәреттегі төрт парыз:

1.Жүзін, маңлай астымен шаш шыққан жерден иек астына дейін екі құлақтың жұмсағынан бастап барлық бет, барлық мүшені жумақ;

2.Екі қолын шынтағына дейін жумақ;

3.Басының төрттен біріне мәсх тартпақ;

4.Екі аяғын тобығына дейін жумақ.

Тайаммумдагы төрт парыз:

  1. Тайаммумды ниет етпек парыз;

2.Таза топырақ таппақ парыз;

3.Екі қолын топыраққа ұрып, бетін сипамақ;

4.Екі қолын топыраққа ұрып, екі қолын білегі мен шынтағына дейін сыламақ парыз.

Хайыз бен нәпастағы екі парыз:

1.Хайыз көрген әйелмен ері қатынас жасамауы парыз; қайыздың азы үш күн, үш түн,   көбі  он күн;

2.Нәпас деп бала туылғаннан соң келетін қанды айтады. Нәпасқа белгіленген күн жоқ  көбі қырық күн.

Хайыз бен нәпастың үкімі:

1.Мұндай жағдайдағы әйел намаз оқымайды, қазасын тұтпайды, өтемейді;

2.Ораза тұтпайды – қазасын өтемейді;

3.Мешітке кіруі арам;

4.Байтуллаьты тәуап етпегі арам;

5.Құран оқуы арам;

6.Қолымен Құран ұстауы арам;

7.Ерімен қатынас жасамағы арам;

8.Хайыз бен нәпастан тазарғанда ғұсыл етпек парыз.

Төрт түрлі истинжа (іш дәрет) парыз:

  1. Нәжіс шықса (түймедей) истинжа парыз;

2.Шәуһет шықса парыз;

3.Хайыздан соң парыз;

4.Нәпастан соң парыз.

Әмір-и-Мағруфта парыз: Әмір-и-Мағруф деп Алла тағаланың бұйырған істерін өзі орындамақ және басқаға бұйырмақ.

Ілім іздемек те бір парыз. Әрбір ер мен әйелге ілім іздемек парыз айн (жеке).

Нахйи-и-мүнкарда 12 (он екі) парыз:

Нахйи-и-мүнкар деп Алла тағала істемеңдер деп бұйырған істерді өзі істемеуі және басқаларға да істеме деп айтуы.

Аллаға жат он екі ұлы күнәдан өзін сақтау және басқаға да істемеңдер деп бұйыруы парыз.

1.Алла тағаланың сипаттарына серік қосу ұлы күнә, бұдан сақтану парыз;

2.Намазды әдейілеп, қастықпен орындамау ұлы күнә;

3.Себепсіз адам өлтірмек ұлы күнә;

4.Таза, әдепті адамды зинақор деп балағаттау ұлы күнә;

5.Дұшпанға сап тартып, ұрысқа кіргенде қашу ұлы күнә;

6.Зина қылмақ ұлы күнә;

7.Сиқыр – жады істемек ұлы күнә;

8.Жазықсыз адамдардың, әсіресе жетім балалардың пұл-малын жемек ұлы күнә;

9.Ата-анасына қолы, тілі тисе ұлы күнә;

10.Қағба үйінің ішінде біреуге қастық істеу ұлы күнә;

11.Ақша мен малды өсімге деп қарызға беру ұлы күнә;

12.Арақ ішу ұлы күнә.

Осы айтылған ұлы деп есептелінетін он екі күнәдан сақтану әрбір мұсылманға парыз.

Әурет сақтамаққа бір парыз: Ерлерде кіндіктен тізеге дейін, әйелдердің жүзі, екі қолы және екі аяғынан басқа мүшелері әурет болып есептелінеді. Міне, осы әурет деп айтылған мүшелерді жабық ұстау әрбір мұсылманға парыз.

Ішіп-жеудегі төрт парыз:

1.Адалдан тауып жемек;

2.Ырзықты Алладан деп білмек;

3.Алла тағаланың бергеніне разы болмақ,

4.Денеден тағам қуаты кетпей тұрып ғибадат етпек.

Кәсіптегі бір парыз:

Адал кәсіп етпек және кәсіп еткенде Алла тағала қайтарған арам істердің араласып кетуінен сақтану парыз.

Қасап (мал бауыздауда) бір парыз:

Әрбір жануарды бауыздағанда Құдайды жад айту, яғни «бисмиллаһи, Аллаһу Акбар» деу парыз. Егер әдейі «бисмил лаһты » айтпаса, бауыздаған малы арам. Аллаға шүкір етелік, Әлхамду лиллаһ.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button