Жарық нұрдың сәулесі

Діндер тарихының дарабозы

Қалтай Мұхамеджановтың туған күніне орай

Осыдан 2 ай бұрын Қазақстан мұсылмандары Дін басқармасының төрағасы Бас муфти Наурызбай Қажы Тағанұлы Қызылордаға келіп (24.09.2021 ж.), біраз зиялы қауым өкілдерін жинап «Ихсан рухани тәрбие негізі» атты кітаптың тұсау кесерін өткізді. Қолымызға тиген бұл еңбекті оқып, Ихсан-пенденің иманын бекемдеп, құлшылыққа деген құлшынысын арттыратып, адамгершілікке тән игі қасиеттерді кемелдендіре түсетін рухани ілім. Сондықтан Құран Кәрімде оған ерекше мән беріледі. Ихсан сөзінің тілдік мағынасы «жақсылық», «игілік» деген ұғымды, ал шариғаттағы терминдік мағынасы бір істі қолға алғанда оны ең әдемі, ең кемел түрде, жасау керек деген мағынаны білдіреді екен. Аталмыш еңбекпен тереңірек танысқаннан кейін Қазақстанның Халық жазушысы драматург Қалтай (Калиолла) Мұхамеджанов ағамның туған күнін есіме алып ағамның діни терең сауаттылығын ойлап қолыма қалам алдым.

Қазақта тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады деген шүбәсіз қағида бар. Бұл өмірдің түйіні. Яғни пендеге қасиет оның ата –анасынан беріледі деген саяды. Қалтай аға әкесі Мұхаммеджан (Қарамолда) Нұрекеевтің (1988-1937 ?) тікелей тәрбиесін көрмеседе, оның қанымен берілген қасиетінен мақұрым қалмаған. Әкеміз араб, парсы, шағатай т.б. тілдерді жетік білген діндар-ғұлама-ақын. Бұхарадағы әйгілі Мир Араб-Көкілташ медіресесін бітіріп, жеті ғылымның (жеті ықылым) қағидаттарын меңгерген. Кеңестік идеологияның исламға қарсы тосқауылдарына қарамастан, ұстанымы ислам діні болған және одан қайтпаған. Өйткені Ислам-өзінді құдайдың еркіне тапсыру деген сөз. Мұхаммеджан әкемізде өзін Алланың құзырына тапсырып о дүниелік болып кетті.

Әкесінің табиғи талантын қабыл алған, діни сауатты болған Қалағама оралайын. 1997 жылы «Біріктіруші идеяны іздеу жолында» тақырыбында өткен интервюінде ол біраз дін туралы келелі ойларды ортаға салыпты. Ислам, хрестриан, будда тәрізді әлемдік діндер ғасырлар бойы мемлекеттің қалыптасып нығаюына идеология ретінде қызмет еткенін атап өтеді. Қалағаң былай депті: -Төңкерістен кейінгі Ресейді алайық. Жоғары билікпен провославие арасындағы қатынас жүйесі: «Құдай, патшаны сақтай ғөр» деген бағыттағы баршаға мәлім қағида негізінде қалыптасты. Ислам да мемлекеттік құрылысқа негіз болды. Американдық ғалым Майкл Харт «Рет санына қарай қойлған ең маңызды жүз тұлға» атты кітабында солардың ішіндегі ең біріншісі деп исламның негізін қалаған Мұхаммед пайғамдардың есімін атаған. Таңдаудың оған берілгені, оның пайғамбар ғана емес, өзінің өсиет, уағыздары (постулат) негізінде тұңғыш мұсылман  мемлекетін құрушы екендігінде еді.

Өткен Кеңестік идеологияның басты қателігі жаратушыны жоққа шығарғандықтан, оны халық санасына қаншалықты күшпен тықпалағанмен дұрыс нәтижесін бермеді. Ақырында мәңгі өмір сүреді деген КСРО тарап тыңды. Бұл ретте Қалағаң:-1943жылы Сталин діни қайреткерлерінен көмек берулерін сұрап өтініш сұрады. Оның бұл шешімі кездейсоқтық еместі, себебі, оның храмдарда естілетін уағыздардың жұмылдырушылық күшін білетін, әрі ата  бабаларының рухы халықты қандай болмасын ерлік жасауға көтеретінің терең пайымдаған еді –депті.

Қалтай аға классикалық төрт дінді:  Иуадизм, буллизм, хрестянство, ислам діндерін бір-бірімен салыстырып, олардың теориялық жағынан негізделгенін атап өтіп, шаманизмде ешқандай теория кітаппен конон жоқ екенін дәлелдейді. Дін ғылымға айналып кеткен кезде әртүрлі ағымдар пайда болмай ма? деген сауалға Қалағаң: -Дін ғылымға айналмайды. Дінді ғылыми тұрғыдан түсіндіру басталған тұста әртүрлі ағымдар пайда болады. Мысалы, исламның өзінде 72 ағым бар. Оның ең алғашқылары Имам Ағзам, Имам Мәлік, Имам Хамбала, Имам Шафи. Төрт имам бар. Бірақ, төртеуіде бір мешітте намаз оқиды. Түсініктері канон-фахит. Фахиттарында әртүрлі өзгерістер бар. Жалпы мұсылман діні демократиялық дін. Ол Құдайдың бірлігі мен Құранның шындығын мойындайды.-деп жауап беріпті. Тәуелсіз Қазақстан өзінің ішкі және сыртқы саясатында ислам дінінің демократиялық дін екенін пайдалана білген. Сөзіміздің дәлелі ретінде  Ел басының бастамасымен Астанаға Рим Папасының шақырылуы, әлем діндері басшыларының форумынының өтуін айтсақта жеткілікті. Осындай ауқымды іс-шараларда Стамбулда, Тегеранда өткен Халықаралық ислам конференциясында, Анкарада өткен Түрік әлемінің конференциясында діни баяндама жасаған Қалтай ағаны Араб елдеріне сапарында Н.Ә.Назарбаев қасынан тастамаған. Себебі оның дін саласындағы терең білімінен толық хабардар болған.

Діннің универсализміне қалай қарайсыз ? -деген сауалға Қалағаң:-Иудаизмнен басқаның бәрінде универсализм бар. Дүниежүзіндегі ұлттық дін –Иудаизм. Қалғанының  бәрі интерноционалдық. Ал, Құранға келсек, ол поэзия. Құранды оқудың 7-8 мақамы бар. Жыл сайын Мекке Мәдинада Құранды оқушылардың конкурсы болады. Дүниежүзіндегі өзгермеген кітап   Құран -деп жауап беріпті.

Қ.Мұхамеджанов жалпы дінді оның ішінде ислам дінін кеңінен насихаттауды Тәуелсіздік адған жылдардан бастап, мақсат етіп қойған. 1991 жылы Стамбул қаласында өткен 46 мұсылман мемлекеттері қатысқан бас қосуында былай депті: «Дүниежүзілік империализмнің басты екі жауы бар еді. Бірі –коммунизм идеясы ол қазір күйреді. екінішсі-ислам діні. Сондықтанда империализмді ауздықтау үшін ғасырлар бойы рухы күйшейіп келе жатқан ислам идеясын қайтадан күшейту керек. Оны күйшейту Ватикандай бір орталықсыз болмайды». Қалағаң бұл ойын әрі қарай былайша жалғастырыпты:- Шындығында да қазір негізін Мұхаммед пайғамбар салып берген осынау діннің уағызы күшті. Нақты мысал үшін айтсақ хрестиан әлемінің орталығы болып отырған Европа құрлығының өзінде бұл күндері  34 миллиондай мұсылман бар екен. Көптеген Европа нәсілдес халықтардың өкілдері мұсылман дініне енуде. Жуырда ғана (1992 ж.) Цюрих қаласында Европа мұсылмандарының жиынын болып өтті. Оған 34 жасында осы дінге енген Арнольд Тувер тәрізді неміс оқымыстысыда қатысты. (Халық Кеңесі газеті 16 қаңтар 1992 жыл) Айта кету керек Қалағаң өзі мұрындық болған Халықаралық «Заман Қазақстан», «Түркістан» газеттерінде ислам дініне байланысты көптеген проблеммаларды көтеріп, оларды шешу жолдарынада мезгеп отырды.

Шынын айту керек Кеңестік дәуірдегі Лениннің шіркеуді мемлекеттен бөлуге негіздеп шығарған Декретінің салқыны Тәуелсіздікке қол жеткізген біздерге деген ықпалын әлі тоқтатпағандай. Осы ретте кіші қажылық парызын өтеген Қалағаң бұл мәселенің шешімі туралы былай депті: -Құдай үйін, дін мен храмды өз одақтасы етіп, оған тікелей әрі мүдделі қолдау көрсету халықтың тезірек, саналы түрде өнегелілік және адамгершілік бастауларына қайтып оралуына көмектесу деген сөз. Қазақстанда мұндай қайнар көзі екеу: -олар ислам кен провославие. Менінше бұлар елдің ресми діні болуға лайықты. Сондықтан, осы екеуін арнайы баппен Конститутцияға бекітсе тіптен абзал болған болар еді. Мемлекеттік идеологиясымен дінді өзара біріктірмейінше, халықтың рухын қалпына келтіру үшін ана ғұрлым тар жол, тайғақ кешуге толы болуы әбден мүмкін. Қалағаңның осы бір көрегенділікпен айтылған ойы Тәуелсіз Қазақстанның даму жолында бірте-бірте жүзеге асырылып келе жатқандай. Дәлел ретінде: қалаларды айтпағанның өзінде елді мекендерде мешіттердің болуы, облыстарда мемлекет есебінен қызметкерлеріне айлық төленетін дін істері басқармаларының құрылуы, мектептерде 9-сыныптан бастар факультативті сабақтардың өтуі, жастарымыздың жұма намазға өз еріктерімен көптеп қатынасуы, намаз оқып ораза тұтушылардың көбеюі  т.б.атауға болады.

Иә, адамдыққа, адалдыққа, достыққа, ауызбіршілікке, инабаттылыққа, мейірімділікке, ғылыми мен білімге құштарлыққа, үлкендерді ата-ананы сыйлауға, қайырымдылыққа т.б. ізгі қасиеттерге шақыратын дініміздің мемлекеттік идеологиямызға қайшы келмейтініне бек сеніммен ойымды тәмамдаймын.

 

 

Қазыбай Құдайбергенов   –

Қорқыт Ата атындағы

Қызылорда университетінің  профессоры.

Ерен еңбегі үшін медалінің иегері.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button