Майлықожаға сағана салған азаматтар

Майлықожа Сұлтанқожа ұлы артында көл көсір еңбек қалған адам. Ақынның басына сағана 1995 жылы 26-тамызда салынды. Арзанбек Ақтаевтың бастауымен салынып бітті.
Арзамбек ел ағасы қадірменді,
Дайындаған жас ұрпақ қадірлерді.
Қапланбекті колледжге айналдырды,
Жетілдіріп ұстаздық тағылымдарды.
Қашап өрнек граниттен қаратасқа,
Аты-жөні жазылып басқа-басқа,
Мәделі, Майлықожа, Асан ақын,
Құлпытас орнатылды Жолбарысқа.
Бұл ісі Арзамбектің ерлік болды,
Қызметі Манаптың да дерлік болды.
Әруағын бабалардың тебіренткендей,
Ынтымақ-бірлік болды, елдік болды.
Өлең жырдың зергері – бағы қалың,
Ардақтап Майлықожа әруағын.
Мың тоғыз жүз тоқсан бес тамыз айы,
Жиырма алты еді сағана салынған күн (Сәйітнама) Т.Айнабеков-1998
Сағананың бастауы мен аяғында мен тұрдым.Сағананың басталуынан аяғына дейін күнделікті хабар алып тұрғандар: Ақтаев Арзанбек, Ермекбай, Тұрсынәлі, Әріпхан. Қаражаттан Атаханов Манап, Тәжіхан, Қалмұханбет, Арзанбек, Өтебаев Манап, Есмырзаның балдары, Қуанышбек, Жұмахан, Айпан Бәкіров Аппаз және көптеген ағайын шама -шарқынша қол созды.Қара жұмысын Жұмабек, Мақсұтхан, Мүслімхан, Омархандар атқарды. Ас ауқат Маржан апаның мойнында болды.
Басына сағана, белгі қойылмаған Исабек-Жолбарыстың басына келгенде;
Міжазы атаңыздың басыңа кеп,
Алпыс үш пайғамбардың жасына кеп.
Бүзірік Мәлім моладан жай алыпсың,
Атаң мен Асаныңның қасына кеп-деп Асан ақынның Жолбарыстан бұрын қайтыс болғанын тәптіштеп айтады.






