Мен Оразбай Қадыр, ұлтым қазақ, туған жерім Ауғаныстан, атамекенім Қазақстанның Қызылорда облысы өңірі. Өткен ғасырда бабаларым Ауғаныстан жаққа өтіп кеткен.
Әкем Оразбай ишан оның әкесі Жәнібек – Сарыбай, Думан, Ерғара, Қилабай, Сұлтанай. Анам аты – Миізгүл.
Өзбекстанның Науаи облысы Тамды ауданында Сарыбай ишаннын мазары алы кунге дейін тұр. Халық таниды үлкен аулия кісі болған ол кісінің баласы Ауғанға өтіп кеткен Жәнібек сол жаққа барғаннан кейін қайтыс болады одан ұрпақ жалқыз бала – Оразбай ишан қалады Оразбайдан төрт ұл, бір қыз қалады Оразбай ишан Иранға қоныс аударады сол жақта қайтыс болады
Балдары Абдулла 1970 жылғы қызы Идигул 1975 Қадыр 1978 Нуроллаһ 1982 Абдул Қуддус 1986 жылғы
Оразбай бес жасында әкеден тоғыз жасында шешесы қайтыс болады қарт әжесінің қолында қалады. Он бір жасында әжесі де қайтыс болады содан басқа қалада тұратын Әжибайдолла естіп келіп Оразбайды қолына алады. Әжибайдолла Оразбайдың туысқан ағайыны болып келеді. Ажибайдолланың қолында жұрып үйленіп от басы құрады содан уақыт өте келе Иранға қоныс аударады
Иранға қоныс аудардық, жайғасам дегенге дейін біраз уақыт өтті. Иранда жеті жастан өткен балдарды мектепке алмайды екен сонда мен мектепке бара алмадым. Бірақ ауылдың молдасы мешітте балдарға сабақ береды екен мен сол жаққа барып сабақ алдым.
Уақыт өте келе маған жұмыс істеу керек болды. Себебі ағамды үйлендіру керек апкемды тұрмысқа беру керек болды. Сол уақыттарда үкімет сауат ашу курсын ашты үлкен жастағы адамдарға аптасында үш күн екі сағаттан кешкі уақытта менда сол курсқа қатыстым демалыс күндері мұғалімның үйіне барып бір сағат сабақ алар едім. Шамада екі жылдай қатыстым бір күні мұғалім айтты: «мен мектеппен сөйлесіп көрейін. Жарайд десе сені мектепке ауыстырайық». Мен келістым. Содан мен мектепке алтыншы класқа баратын болдым. Содан бірнеше ай оқыдым да Қазақстанға көшетін болдық. Құжат жинап жүргенде, аяқ астынан әкем, алла рахмати қайтыс болды жолға шығуға да азғантай уақыт қалған. Шара жоқ бір айдан соң біз жолға шықтық. Ағамның кезегі шықпай келесі рейске қалды мен анам және екі інім жолға шықтық. Талдықорған деген қалаға түстік. Сол жақта біраз уақыт болдық. Содан бізге ағайындарды тауып соларға қосылу керек болды біз ауылдің әкіміне айттық ол кісі бізді Түркестан қаласына әкеліп ағайындарға тапсырып кетті. Өкімет бізге «Достық» деген ауыл салып берді. Біз сол жаққа көшіп бардық. Төрт бөлмелі үйге төрт отбасы отырдық. Сол аралықта келесі рейстегілер келді деп естіп. Олар Алматы деген қалаға түкен екен. Содан біз ағамды іздеп шықтық. Ағамды таптық оны ауылға әкелдік. Ауылда мектеп болмағандықтан біз интернатқа қатынап оқыдық. Бірақ маған оқуға болмады бір жыл болар болмас оқып, мектептен шықтым. Себебі төрт бөлмелы үй бір отбасыға қалды. Қалған үш отбасыға үкімет жер берді. «Өздерің үй салып алыңдар және егін егуге жер берді. Бізге екі үй салу керек болды оған қоса менім ағам жігіт уағында елге келді.
Иран ислам мемлекеті болғандықтан ол жақта ішімдік ішу дегендер болмаған. Содан бұл жаққа келіп құтырды. Жалғыз менің ағам емес сол жастағылардың көбі солай болды. Ауылда жер егуге кірісіп кеттік. Қауын-қарбыз ектік. Оны теріп саттық. Содан лайдан екі бөлмелі үй салдық төбесін жаптық. Есік-терезе қоя алмадық. Ақша болмады содан мен қалаға шығуға бел будым. Жолға шықтым «Икарус» деген автубуспен Шымкентке түстім. Шымкент үлкен қала. Бірақ мен айдалаға түскендей болдым. Мұнда Ираннан келгендер бір-екі отбасы ғана, түркиядан келген қазақтар көп, бірақ мен оларды танымаймын. Содан базарға қарай бет алдым. Базарға бардым ешкімді танымаймын. Не істерімді білмей, біраз жүріп қалдым. «Тачка» айдайтын бір кісімен әңгімелесіп танысып қалдым. Не керек, сол кісіге жәрдемші болып қалдым. Әй, сол кезде жалшыуатқан яғни, асып-тасып баратқан ешкім жоқ. Базардың айналасындағы үйлер он бес тенгеге бір түн түнетер еді. Содан тіршілікке кірісіп кеттім. Тіршілік болды. Үй жалдадым. Ағамды отбасымен қалаға алдырдым. Ес білгелі ең бірінші қателігім болды. Негізі мен өмірде өте көп қателік қылғанмын, ағамның орнына Әнамды алдыру керек еді. Ағама «әй дейтін аже, қой дейтін қожа» жоқ, ауылдағы жүріс жүріс па, қалаға келіп бетімен кетті. Бірақ барлығы уақытша екен, жас келгеннен кейін барлығы орнына келеді екен. Баяғы жүрістің бәрі қалды. Жұмыс істеп үй алып қажылыққа барып, келін алып, қыз ұзатып немере сүйіп, тату-тәтті болып өмір сүріп жатыр
Содан біраз уақыт өткен соң анам мен інілерімді алдырдық. Өз үйіміз болдық, інілерім үйленді. Барлығымыз да бала-шағалымыз жеке-жеке үйміз. бар анамыз қолымызда апкем де толық отбасылы, жақын жерде тұрады. Өзімізге лайықты дүниеміз бар.
Қадыр Оразбайұлы – Шортанбай ақынның мұрасын ұлықтауда атсалысып, ақын туралы түсірілген фильмнің тұсаукесерінде қызмет көрсетіп, демеуші бола білді. Тіл білімінің арқасында Шортанбай Қанайұлы Дұғасын дауыстап оқып, оны таспаға жазып берді. Ағайынға алғыс ретінде «Тұлғалар» қатарына қосуды жөн көрдік.