Бір суреттің сыры

Бекзат Алтынбеков

Мен көп жасамаған шығармын, бірақ өмірдің маған тартқан сыйын, маңдайға жазған жазуын көріп, көппен араласып, көңіл көгжиегін кеңіту мүмкіндігі берілгеніне Аллаға мың мәрте шүкір айтамын. Бар мадақ пен құрмет Аллаға тән. Алланың нығметімен көптің құрметіне бөленіп, ыстық ықыласын көріп жатсам олда Алланың шексіз сыйымен, жақсылардың берген АҚ БАТАСЫ мен АҚТІЛЕКТЕРІНІҢ қабыл болуы. Мың мәрте шүкір. Жарты ғасырды еншілеп қалдық. Әкенің жасынан асып, көрмегенін көріп келемін. Тәубә айтамын. Ұрпақ өсіріп Әке болдық, жақсылығымыз шығар соңымыздан ерген іні-қарындасқа Аға бола білдік. Қысылғанға қамқор, қиналғанға шама келгенше дем бере білдім. Аллаға мың мәрте тәубе айтам. «Жақсылық етсеңде,жамандық қылсаңда , өзің көрерсің» деген үлкендерден келе жатқан ой жадымда. Ещкімге «жоқ» деп айта алмадым,шама келгенше барыммен бөлістім. Алла маған байлық бермесе де,ерекше «бай көңіл» берген. «Кең болсаң,кем болмассың» деген Ана сөзі жадымда. «Бергенге береке келеді» деген ана сөзінің қуаты бар. Қанша берсем, Алла маған сонша беріп, көңілімді хош етуде. Аллаға тәубе. Мен өзім жамандық көрсемде, менен ешкім жамандық көрмесе екен деп өмірімнің әр сәтінде тілеу тілеймін. Мен үшін жер бетінде жаман адам жоқ. Көрсем, сезсем сол жамандықты өзімнен іздеймін. Мінсіз адам жоқ десе сол адамның бірі мен болайын. Алла абырой берген жандардың бірімін. Әкем он жасымда дүниеден өткенде жылап тұрып, жақсы атыңды алға апарамын деген ем. Шама келгенше Әке аруағына адал болып, тағзым етіп келемін. Анама көмекші, тірек болсам, бауырға қамқор болсам деген тілегімді Алла қабыл еткен болар. Өмір күрес екенін мен сол он жасымда әкем ауырып, бәрімізбен қоштасқанда сезіп ем, Анамның әр күнгі мұңлы көзінен, жүзіне түскен шимайдан көріп ем. Он жетімді жеткізем деген қажыр қайратын сарқа жұмсап, жеңілмеуге тырысқан жанның үміті біздерде болып еді. Соны сезетін жүрек, көретін көкірек көз берген Аллаға тәубе айтам. Анамды қуантсам деген тілегіме оң көзбен қарағаныңа. Мен бақыттымын. Бақытқа жеткізген талап пен өмір күресі. Жастық ақылмен жүрсең жеңіске, ақымақ болсаң жеңіліске апаратынын өмір ұқтырды. 19 жасымда Жезқазғанға қызмет ауысып келгенде талай жанның күдікпен қарап, жықпа сөзбен шығарып салғаны есімде. Алла абырой беріп атым аталғанда өмір басқа бағытқа бет бұрып, бауыр бола бастағаным көз алдымда. Алла сол ағалар мүмкін мені өзі қатайсын деп қатал болып,райын бермеген шығар. Олда дұрыс болды. Алладан басқа ешкімге арқа сүйемедім. Алла демеді. Бала болдық, жалынды жас болдық, ағалық жасқа келдік. Абырой берсе екен деп тілеймін. Өмірдің сыйын көріп келемін. Біреу едім, екеу болдым, Ұрпақты болдым.Тәубе. Бірге туған бауырдың бесеуін жер бесікке бөледік, оғанда тәубе дедім. Қиналдым, қимадым, қимаймын. Сағынамын. Не істей аламын. Алланың ісі. Қалғандарына ғұмыр тіледім. Мен талай жақсы жан, ел ағаларынан, аяулы апалардан көз жазып қалдым. Әркез сол жақсыларды ойлаймын. Сол жақсылардың пейілдерін келер ұрпақ пен бүгінгі ортадан іздеймін. Бар да жоқ. Оғанда тәубе. Зор денсаулықты да, жоқ денсаулықты да көрдік. Зор болғанды да, қор болғанды да көрдік. Сездік,сезіндік. Тек Алладан ақырын тіледім. Алла шын сұрағанның тілегін берер деген. Мың мәрте шүкір. Құладым, тұрғызды. Мен өмірге ғашық адаммын. Мен өмірге келген миссиям аяқталған да, біткен де жоқ. Алла маған ғұмыр берді, ұзақ ете гөр. Менің бергенімнен берерім, жасағаннан жасамағаным көп. Соған жетер өмір бере гөр. Адамдар барымызда бір-біріміздің тіріде, барамызда бағалайық. Қадірлейік, құрметтейік. Мен келдім қайта өмірге. Алла ұзағынан бер. Мәңгілік ештеңе жоқ.Тек жақсылығың ғана. Жақсылық нұрын шаша берсін. Егесуге еш уақытым жоқ, атқарар ісім көп. Уақытты пайдалана білейік. Алла саған мың мәрте шүкір. Бар мадақ пен құрмет Аллаға тән. Осы жазбамды оқыған әрбір жанға ұзақ өмір,мықты денсаулық берсін. Алла әр сәттеріңізге қуаныш берсін. Сендерді ерекше жақсы көрем, жақсыларым. Аман болайық.

 

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button