Бір суреттің сыры

Бауырым қайда жүр екен?

Біз имам Мұхаммед Ханафиядан  бері қарай қажы Мәді (лақап аты Диуана қожа) шежіресін түгендей бастағанда  көп аталардың ұрпақтарының дерегін таппадық. Басын бастап қолға алған ағамыз Әбдіқайымұлы Абдуллатиф – Ләтіш ағамыз  кенеттен қайтыс болып кеткеннен кейін  (Алла разы болсын) қолда бар  шежіре баспа бетін көрді.

Алланың нұры жауғыр Сейітомар Саттарұлы мұрындық болып шежірені қайта қолға алып, туғандарды тауып, шежірені біршама толықтырдық. Атап айтар болсақ, Әуез ишанды (лақап аты Аққу ишан), Лепес қожа, Кедей қожаның бір аталығын – Абдулманап ұрпақтарын Атыраудан таптық. Жанқожа бабамыздың (Әбдіәмет қалпе) ұрпақтарымен қауыштық. Сондай-ақ, Қожаһарер (Қожаәріп) ұрпақтарын Көкшетаудан таптық. Әлі де болса іздейтін бауырлар бар.

Айталық, Омардың Әлісінен (шын аты Әлішер) Құндақбай, Құндақбайдан Айтқожа. Мүлкіләннан Аққожа, Аққожадан Қалқожа.

Уәлінің балалары Жаңабай қожа, Меңліқожа, Төлеген қожаның ұрпақтарынан бейхабармыз.

Шортанбай ақын Қанайұлының ұрпақтарынан толық  дерек жоқ.

Күдері, Таспа ақындардың Сыр бойындағы  оншақты  шаңырақ бар, қалған ұрпақтары белгісіз.

Қылыш бабамыздың балалары Есжан, Досжаннан дерек жоқ.

Белгісіз аталар – Әділбек палуан, Зарқұм, Бабылбек. Әділбектен – Ділмұрат, Ділмұраттан – Қанат, Қанаттан –  Қазыбек, Мұхаммед, Қадыр.

Қарақожа әулетінен Қарамерген, одан Жолдыбай, Есқожа. Есқожадан – Ташқожа, Тәниқожа. Бұл әулеттер Атырау, Орал, Ақтөбе облыстарында дейді.

Бақпанбеттен (шын аты Бақмұхаммед) Нұржан, Дербісәлі ұрпақтарынан дерек жоқ.

Менің үлкен әкем үш ағайынды болған. Әкімқожа, Шайхы, Оразалы.

Оразалы 1928 жылы Көклеташта оқып жүріп елге оралмаған. 1950 жылдың бер жағында, оны  Арқада  халық ақыны Қуаныш Баймағамбетов, Рахмет жырау көрген екен. Міне, осы ағайындардың бір дерегін білсеңіздер, хат жазып хабарласыңыздар. Телефон шалыңыздар!

Іздеушілер: «Мәді (Маһди)-Диуана қожа» қоғмадық қоры

Қызылорда қаласы

Жеңіс көшесі 88

тел: 23-18-25,

87755982727

87058259117

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button