Бір суреттің сыры

Құсни хат

Суретші Серікжан Ысқақбекұлы таңбалаған Таңжарық ақынның өлеңі

Ахмет Байтұрсынов негізін қалаған араб алфавиты негізіндегі қазақ жазуы Қытай қазақтары арасында толық қолданысқа түсіп жарты ғасырдан астам уақыт өмір сүріп келеді. Араб алфавиты негізіндегі қазақ жазуын тіпті де көркемдеп, әсемдеп оған түрлі ою- өрнекпен көмкеріп әр беріп жазады, бұл қазақша көркем жазу немесе Хүсни хат деп аталады. Халықаралық атаумен «Каллиграфия» деп атайды. Бұл өнер Орта азияда, қытайда кеңінен дамыған. Қытай қазақтарында 80 жылдардың аяғында осы өнерді дамытып, Араб Хаткерлігіндегі оншақты жазу үлгісінен пайдаланып, көркем жазу үлгілерін қалыптастырып, 90жылы арнаулы Көркем жазу нұсқалары атты тұңғыш кітап жарыққа шықты. Маған сол кітапты 92 жылы 7 клас оқып жүргенде ағам әкеліп берді, содан бастап үйрендім, сосын 94 жылы Іле 1 педагогикалық көллежге түсіп бейнелеу өнері мамандығы бойынша оқыдым, дәл сол кезде, сол кітарты құрастыруға ат салысқан Ақын деген мүғалім бізге сабақ берді. Қазірге дейін осы Хұснихат өнерімен де қосымша айналысып келемін.

Серікжан Ысқақбекұлы – хұсни хат шебері

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button