Хикмет
Хазреті Сұлтан Арифин Қожа Ахмед Иасауий-еңбектері орыс тіліне аударылған екен
Орта Азияны жаулап алған Ресей әскербасындағы халайықтың барлығы жауыз, мейрімсіз болды деп айта алмаймыз. Олардың ішінде ғалымдары, қайырымдылары болған. Солардың бірі Н.С. Лыкошин деп айтсақ онша жаңлыса қоймаймыз. Түркістанда жарты ғасыр өмір сүрген жан түркілер өміріне, өнеріне, салт санасына айтарлықтай еніп, зерттеген екен. Соның бірі Хазреті Сұлтан Арифин Қожа Ахмед Иасауий еңбектеріне еніп, оқып, түсініп аударғаны дәлел бола алады. Бүгін Нил Сергеевичтің аудаған жеті шумағын ұсынып отырмыз. Қазақ тілінде Тұрсынәлі Айнабековтың аудармасын қойдық.
Аудармасы;
Бісмілла деп бастайын хикмет айтып,
Талаптыға дүррі гауһар шаштым міне.
Нәпсі тиып,жаным күйіп,қанды жұтып,
Мен дәптерін екінші сөз аштым міне.
Сөзді айттым әр кім болса дидар талап,
Жанды жанға ұластырып ұстын қалап.
Ғарып, жетім пақырлардың көңлін аулап,
Көңлі бүтін халайықтан қаштым міне.
Қайда жүрсең көңлі сынық пақыр болғын,
Жолда қалған ғарыптерге жақын болғын.
Махшар күні кеңдігінен нәпін көргін,
Көңлі астам халайықтан қаштым міне.
Ғарып, пақыр жетімдердің жайын білді,
Мехраж шығып Хақ дидарын Расул көрді.
Қайтып келіп ғарып пақыр қамын жеді,
Ғарыптердің іздеріне түстім міне.
Үмбет болсаң ғарыптерге пана болғын,
Аят, хадис әр кім айтса құлақ салғын.
Ризығына не берседе риза болғын,
Қанағаттың шоқ шарабын іштім міне.
Мадинаға Расул барып болды ғарып,
Ғарып жаны жаратқанға қалды жағып.
Жапа шегіп Хаққа жақын болуы анық,
Ғарып болып асулардан астым міне.
Ақылың болса ғарыптердің көңлін аула,
Мұстападай елді шарлап жетімді ойла.
Дүниеқорға бойды иіп пенде болма,
Бойды тартып дария болып тастым міне!
автор-аудармашы
Бір таныс жаһрия ешанның айтуы бойынша кей бір сөздерге түсінік бердім дейді;
1-Дорогоценные камни (асыл тастар)-деп ақын көңіл күйін айтпақшы.
2-Прививка души-Жанды жанға ұластырып-пір мен мүриттің бірігіп кетуі
3-Разлися как река-дария болып толып тастым-жер бетінен жоғары көтерілдім-Интернет жүйесінен «Түркстанда өткен жарты өмір» кітабынан алып қазақша текстімен салыстырып жариялауға усынған Сейт-Омар Саттарұлы
Қосымша-Түркстан облысы, Келес ауданында өмір сүрген ел есінде, тарих бетінде айттарлықтай із қалдырған -атап айтқанда-Ешан бауы,Ешан базары, Ешан мешіті-жер асты хилуеті бар-Ет жемес ешан тұралы терең зерттеуі бар.
Түркстан өлкесі,түркілер арасындағы сот жүйесі,тіршілік жүйесін біраз жерге дейін зерттеген екен. Бұл өз алдына бір терең зерттеуді керек ететін сыңайлы.