Жарық нұрдың сәулесі

Бурхан Әздар

Абдулла Аслан Сырымұлы

Тарихи деректерде Жөгі баба Тама руына кірме екені байқалады. Жөгі бабаның шыққан тегін түсіну үшін бірінші Қарабура әулиенің өмірбаянын қарау керек. Негізінен тама руының ішінде Қарабура атымен тарихта Қарабура Әздар, Қарабура Әзберген және Қарабура Дәулет батыр бар. Әзберген мен Дәулет батыр тама руынан шыққан. Әздармен Дәулет Қарабулар Созақта жатыр ал Әзбергеннің жатқан жері белгісіз.

Зерттеуші Р.М. Мустафинаның Қарабура әулие туралы жазғаны «Оңтүстік Қазақстанда Қарабура әулиенің, дәлірек айтсақ Бура-хан әулиенің күмбезі бар. Шырақшы мен жергілікті өңірдің көне тарихын көп білетін адамның айтуынша Қарабура әулиенің шын аты – Бурханадзар. [88 бет, *1]

 Тама руының шежірелерінде келесі нұсқалар кездеседі Тама – Ақтан сопы – Қарабура (Бурхан Наздар) [Дәуті Әділов шежіресі (Созақ ауданы)] Тама – Ақтан сопы – Бурхан Әздар  [Нұриддин Әбдірахманұлы (Созақ ауданы) қолжазба шежіресі.] Және Тама – Қарабура (Пұрхан әзір) [Абдрахман Елбергенұлының шежіресі.]  Бұл жерде көріп отырғанымыз Әздар есімінің бұрмаланған түрлері.

Көне Созақ шаһары аралығындағы көлемі 20 га келетін төбенің үстінде екі қатар дуалмен қоршалған берік, төрт қақпалы қамал-қала орналасқан. Бұл қақпалар «Малқара», «Қази», «Мырза» және «Бурахан қақпа» деп аталған.

Халық арасында Бурхан, Бура-хан деп есімі сақталып қалған, шежіреде Қарабура, Әз Фурхан деген сияқты түрлі есімдері айтылады. [Сүлеймен Тәбірізұлы, «Созақ өңірі». 179-180, 184-185 б.] Көне қазақ тілінде Ф әрпі қолданбайтын болғасын оны П және Б әріптерімен ауыстырып отырған, соған қарағанда Фурхан кейін өзгеріп Бурхан болып кеткен. Негізінде Фурхан сөзі араб тілінен «дәлелдеу», «куәлік», «бекіту» немесе «мұра» болып аударылады. Және Құран Кәрімде 25 Сүре «Фүрқан» деп аталады. Естеріңізде болса бұрын ата әжелеріміз велосипед сөзін белсебет, философия сөзін пәлсәпә деп айтатын. Қазақ тілінде бұрын В, Ф әріптерін қолданбаған.

Тама руының біраз шежірелерінде осы Фурхан есімі Бурхан, Бурахан болып кездеседі.

Әбді ұлы Қара бура әкесі діндар адам болып, Нұрата мешітінде («Нұратау» – бүгінгі Өзбекстанның Самарқан, Сырдария облыстарының аумағы) оқып білім алғандығы, кейіннен мешіт ашып өзі жас балаларды оқытқандығы, сөйтіп сол өңірде ислам дінін насихаттаушылардың бірі болғандығы туралы халық ауыз әдебиетінде айтылады.

Қарабура әулиенің жастық шағының дәл қалай өткенін нақты айтуға мүмкіндік болмаса да, әкесі Әбдінің мешітінде оқып-білім алған деп айтуға негіз бар. Одан кейін әулиенің білімі Бұхарада жалғасуы әбден заңды.

1159 жылы Қожа Ахмет Яссауи Яссы қаласына келген соң, өзінің бағытын осы аймақта одан әрі жалғастырады. Оның мектебіне көшпелі қыпшақ тайпаларының өкілдері келіп, мүрид атанып, сопылық жолға түсе бастайды. Ал оның серіктері мен ізбасарлары, шәкірттері Оңтүстік Қазақстандағы Сырдың төменгі ағысы бойындағы қалалар мен оған іргелес елді-мекендерде исламды уағыздау үшін жіберіледі. Қарабура әулие Оңтүстік Қазақстанның ең солтүстігіндегі ортағасырлық қала – Созаққа келеді.

Бабамыздың нақты қай жылы қайтыс болғаны белгісіз. Аңыз-әңгімелер бойынша оның Қожа Ахмет Ясауидың жаназасын өзі шығарғанына қарағанда, бабамыз 1166 жылдан кейін қайтыс болған. 70-80 жыл жасаған деп есептесек, бабамыз шамамен 1174-1184 жылдары аралығында о дүниеге сапар шеккен деуге болады. [*2]

Тамадан Қарабура (Әздар әулие) туады. Әздар әулие қожа Ахмет Яссаудің қайтыс болғанда денесін жууға қатысқан дейді. Әздар әулие Қара бура [244 бет, *3]

Бірақ дәл сол өңірде өздерін Ысқақ бабтың ұрпағы санайтын бір қауым қожалар өмір сүруде. Бұл қожалар өздерін «жалаңаяқ» қожалармыз дейді. Ертеде Әздар деген әулие болады. Ол қысы жазы аяқ киім киместен, жаяу жүріп, ауыр науқас тараған ауылдарға барып, жәрдем берген. Осыдан Жалаңаяқ Әздар әулие атанады. Созақ  шаһарының батыс жақ шетіндегі кішкене сағананы халық күні бүгінге дейін «Жалаңаяқ Әздар» әулие қабірі деп зиарат ететін қасиітті орынға айналдырған. [292 бет, *4]  Осы кісіні ескеру керек бірақ қабірі бөлек жерде тұр деп көрсетілген, сол себептен екеуі екі түрлі адам.

Қожа Ахмет Яссауимен Қарабура Әздар арасында тығыз байланыс болғаны белгілі, өкінішке орай ол мәліметтер бізге жетпей қалды. Ахмет өзінің жаназасын Қарабураға сеніп тапсырғанына қарағанда мүмкін шәкірті болған болу керек және екеуі бір рухани бауырластығы болған. Қожа Ахмет Яссауи өзі құрған тарикатының (араб. жол) Қарабура Әздар мүриды (оқушы) болған деп есептейміз.

Ол Түркістанға Қожа Ахмет Яссауға түйесіне сексеуіл артып апарады екен. Түйесі 10 түйе көтеретін сексеуілді жалғыз өзі көтеретін болған.[88 бет, *5 ]       

Ислам әлемінде адамның сүйегіне (денесіне) өзінің ет жақындары кіретін болса Қара бура әулие белгілі туыстық жағынан Яссауға жақын деген пікірге келіп тоқталып отыр зерттеушілер. [*Нұрмахан Сейтмаханұлы  тарихшы, өлкетанушы]

Қазақ жеріне ислам діні сопылық жолымын келді, осы сопылықтың екі үлкен тарикаты Накшбандия мен Яссауия болды. Осы тарикат ұстанушылар қожа тайпасынан болған, Қарабура Әздарда қожа тайпасынан шығып тұрғаны біраз деректерден көрінеді.

Біріншісі, Тама руының біраз шежірелерін талдасақ, ішінен Кәуис (Кеуіс) – Бұрнақ – Әбді – Қарабура [Сейітбек Өтегенұлы, «Өмірбай шешен». 258, 351 б.] нұсқасы шындыққа сәйкес келеді деп ойлаймыз. Әбді «Бурхан (Фурхан) Әздардың» әкесі болу керек, өйткені аталары Бұрнақ (Борнақ), Кәуіс (Кәуіс, Кеуіс) қазақ есімдеріне ұқсамайды арабша екені көрініп тұр.

Екіншісі, Қарабура Әздар [ұстазы] Қожа Ахмет Яссауи секілді көшпенділерге дін үйрету үшін Созақ қаласына жіберілуі. Көп қожалар дін таратып қазақтың ру-тайпаларының ішіне кіріп кеткен.

Үшіншісі, бұрынғы заманда қожалар өз қыздарын басқа руларға бермеген өзара және төре тұқымдымен ғана қыз алысып отырған.

        Қара бура Әздардың  Әмбар Бибі деген қызы болған.

Тарихшы Асылжан Шайділ­даевтың мәлімдеуінше Мәулана Әли ибн Құсайынның 1503 жылы жазған орта ғасырдағы барлық әулие-ғұламалар жинақ­талған «Рашахат айн әл-Хаят» атты кітабы бар. Осы еңбекте Сүлей­мен Бақырғани Яссауидың шәкірті бол­ғаны туралы тың деректер ай­ты­лады. Бірақ осы кітапта екі Сүлей­мен­нің бар екендігі жазылған. Бірі – Сүлеймен ата, екіншісі – Хакім ата. Екеуі де Ахмет Ясауидың шә­кірттері. Ал біз Хакім атаны Бақыр­ғанидың өзі деп жүрміз.

Сол Ба­қырғанидың жары Әнбар бибі куйеуі өлген соң шәкірті Занки атаның тигені айтылады. Бірақ екеуінің ешқандай баласы, қызы туралы мүлдем мәлі­мет берілмейді.

Сосын марқұм Бақ­тияр Әбілдаұлы Айша бибінің 1185 жылы дүниеге келгені, әкесі Бақырға­нидың 1186 жылы дүние салғанын алға тартады. Ал өгей әкесі Зеңгі бабаның 1258 жылы қайтыс бол­ға­нын жазады.[*6]

Қожа Ахмет Яссауи бастаған сопылық тарикаттың шәкірттері Хәкім атамен Зәнгі ата Қарабура Әзбергеннің Әмбар қызына үйленеді.

 

Әмбар бибі

 

 

 

 

  

  Зәнгі атаның шын аты шейх Ай-Қожа ибн Тадж Қожа ибн Мансур. Ал Зәңгі араб тілінен қара – торы, Арыстан бабтың ұрпағы. Зәңгі атамен Әмбар бибінің мазарлары Ташкент қаласында, ал Айша бибі Тараз қаласында жерленген.

 Бұрхан Әздар ұрпаы Жөгілер

Жөгілер біздің ойымызша «Қарабура Әздар Бурхан (Фурхан)» әулиенің тікелей ұрпағы болу керек.

Тарихи деректерге: Мойынқұмның Құмкент шаһарына тұспатұс жатқан жиегінде Сарыбас деген жердің атауы бар. Сарыбас жайлы әртүрлі аңыз деректері айтылады. Соның бірінде, Сарыбас мерген Баба Түкті Шашты Әзізбен қатар өмір сүріп, Жылыбұлаққа қаз болып ұшып келген перінің қыздарын Шашты Әзіз көргенде қасында болған деседі.

Енді бір деректе Сарыбас Арқада өмір сүрген Жөгі тамадан шыққан мерген екен деседі. [127 бет, *7]

Баба Түкті Шашты Әзиз ислам дінін таратушылардың бірі екенін білеміз Ысқақ баб Құмар бабаның даңқын естіп, ол кісіге келіп, арнайы сәлемдесіп өздерінің бұл жаққа жауласу үшін емес, халықты мұсылман дініне кіргізу үшін жүргенін айтқан. Ысқақ баб Құмар бабамен таныса жүріп, оның жалғыз баласының бар екенін біледі.

Ысқақ баб оның баласын бас уәзірлкке сайлайды. Атасы сияқты баласы да түкті, шашты болып, шын есімі ұмытылып; Баба түкті шашты Әзіз атты есіммен тарихта қалған.

         Ысқақ баб пен Баба түкті шашты Әзіз ислам дінін халыққа қабылдату үшін үнемі ақылдасып іс қылады екен. Ысқақ баб Қаратау өңіріндегі қамал қалалардан адамдарды жинап, қазіргі шашты Әзіздің сағанасы тұрған жердегі кішкене бұлақтың басына келіп, ислам дініне өтуге үгіттейді. [290 бет, *8]

Осы аты шыққан Ысқақ баб, Баба Түкті Шашты Әзиз дін таратушылармен замандас болған Жөгі ұрпақтары Әздар бабасы секілді дін жолында жүргені көрініп тұр. Жөгі бабаның бір ұрпағының аты Араб батыр, Жөгі-Құттыабыз-Оразәлі-Рысқұл-Жақсыбай-Рәмет-Араб [191 бет, *9]

Араб батыр ұрандатып:

Қалқаман әкем аты, атым Араб,

Келемін Айнасұрмен жауды жанап,

Менімен айқасатын батыр болсаң

Тұра қал алдыма қарсы қарап [194 бет, *10]

Ұрпақ жадында шыққан тегі туралы құрметіне Араб есімін қойған болу керек.

 Шежіредегі Жөгі

 Тама руының біраз шежірелерінде Бураханнан – Әліп, Жөгі деп жазылған бірақ әке-аталарын әр түрлі көрсетеді.

Барлық шежірелерде Тама тайпасы екі үлкен бөлікке топтастырыла қарастырылады. Олар: Әліп және Жөгі бөліктері. Қазіргі кезде Қазақстан және оған көршілес елдердегі Тама тайпасына жататын қазақтар өздерін Таманың Әліп немесе Жөгіден басқа Әзберген атты ұлынан Бегім-ана атты қыз туып, оның кіндігінен ер бала болмаған. Қазіргі шежіре таратушылар Таманың Әліп бөлігінде Құрақ, Жабал, Аташал, Дәулеткелді, Қызылқұрт және Кенжебай атты алты рудың бар екендігін айтып, оларды «алты ата Әліп» деп атайды. [«Алаш» тарихи зерттеу орталығы, «Қазақ ру-тайпаларының тарихы», І-том: «Тама», екінші кітап, *11]

Ұраны – Қарабура. Таңбасы – тарақ, көсеу (әліп). Негізінен екі тармақтан тұрады. Сондықтан «алты ата Әліп» (Есенгелді), «жеті ата Жөгі» дейді. [З. Сәдібеков, «Қазақ шежіресі». 120-122 б.]

Негізінде Жөгілермен Әліп ұрпағы Абылай ханның тұсында 18 ғ. бір Тама руы болып бірігеді.

Кейін бір тұтас ру болған соң шежірелерде бірігеді. Жөгілер түп бабасы Бурхан (Фурхан) Әздар, Қожа Ахмет Яссауи айтып кеткендей жаназама Қара бура мінген кісі келеді деп халық арасында Қарбура Әздар аталып кеткен. Қожа Ахмет Яссауи өмір сүрген уақыты XII ғасыр.

Әліп ұрпағыда шежірелерін түп бабаларын Нәрікұлы Шорадан кейін Қарабурадан бастайды. Әзберген деген кісінің жалғыз қызы «Бегім ана сұлу» болыпты. Әзберген қара бура мініп жүретін кісі екен. Сол кездегі халық «Қарабуралы ер Әзиз» деп айтады. [Оразбек Қожамұратұлының (Жалағаш ауданы) қолжазбасы.]

Әзберген бабада ұл қалмаған бірақ осы Тама руына «Қарабура» атты ұранына айналған осы кісі. Әліпке: «сенің белгің Әліп таңбасы болсын, атыңды да Әліп қойып ем» деп бата беріпті. [Оразбек Қожамұратұлының (Жалағаш ауданы) қолжазбасы.] Әзберген бабаның аты аңызға айналған қызы Бегім-ана Санжар деген ханға тұрмысқа шығады. Санжар тарихи деректерде 1157 жылы қайтыс болады. Әзбергенмен Санжар замандас болғанын ескерсек бұл XII ғасыр болады.

Сонымен тағдырдың кездейсоқтығымен Жөгілер бабасы XII ғасырда өмір сүрген Бурхан (Фурхан) Әздар Қарабура мен Әліп ұрпағылардың ұранына айналған Қарабура Әзберген ол да XII ғасырда өмір сүрген. Кейін шежірелерде екі Қарабура бірігіп кейін кімнің кім екені шатасып кетеді.

Тамалардың Қаратауға келуі

 Таманың ішінде Барақ, Бұзау, Жалпақ (Бақ), Есенқарағай, Даулеткелді аталары күні бүгінге дейін бір-бірімен қыз алыспайды. Әңгіме деректеріне қарағанда Тамалар Ақтөбе жағында тұрып, алдымен Барақ пен Бұзау кейінірек туыстарын іздеп, артынан Жалпақ оңтүстіктегі Сыр бойына келген екен.

         Бұл кезде Абылай үш жүзге хан сайланып, енді Қазақ елінің астанасы Түркістанды қайтарып алу мақсатында жүреді Қазақтың үш жүзінен жасақ жинайды. Абылай ханның Түркістанмен Сайрамға жасаған жорығы сәтті аяқталады. Бұл жорыққа Кіші жүздің тама руының жасақтары да қатысып ерлік көрсетеді. Осылардық қатарында Барақ, Бұзау, Жалпақ (Бақ) батырдың ерлігіне Абылай хан риза болып, оларға Сыр бойынан қыстау, Қаратаудың күнгейінен жайлау бөліп береді. [197-198 беттер, *12 ]

 Жөгі ұрпағы тамаларға қосылуы

 Жөгі атасына жататын шамалы ауыл Арқаға келіп Арғынның Алтай – Қарпық аталарымен ауылдас отырады. Кейініректе Итемгеннің ұйымдастыруымен Таманың Әліп атасына жататын ұрпақтарының біразы Арқаға келгенге ұқсайды. [182 бет, *13]

Жөгі-Құттыабыз-Оразәлі-Рысқұл-Жақсыбай-Өтеген. Бірде Өтегеннің ауылына қалмақтар шауып жақындарын өлтіреді, өлген 7 адамды Мұңлы Қулының тауындағы «Атығай қатпартас» деген жерге жерлейді. Бұл орынды осы күнге дейін «7 шейіт моласы» дейді. [191 бет, *14] Атығай Арғын руының бір тармағы.

Тамаларға қосылмай тұрып Жөгі ұрпағы Арғынның ішінде көшіп қонып жүргені көрініп тұр.

Жөгі ұрпағынан шыққан Қылыш [250 бет, *15] Ақмола уезіне қарайтын Сарысу бойындағы Тамалар өз алдымызға болыс боламыз деп тілек білдірген. Бұл тарихи оқиғаға бас болған Сеңгірбек батырдың баласы Итемген биден туған немересі – Қылыш. Енді осы бір болыс ел жайлайтын жерге төлейтін алым-салық бар, оны кім көтереді дегенде, Жөгінің ноқта ағасы – Молдас атаның байы Жидебай шығады: Ол кісі: «Алам деген жердің бәрін алайық, өзімізше ел болайық, екі…үш есе салық болса да оны маған қойып беріңдер», – дейді.

Сөтіп, қалың Арғынның ішінде Абылай хан кесіп берген жерде – Тама, Алшын, Жағалбайлылар алғаш рет осылайша бір болыс ел болып ірге бекітеді. [182 бет, *16]

1925 жылы Мухамеджан Тынышпаев өз «Материалы к истории Киргиз-Казакского народа» кітабында рулардың кестесін келтірген. Сол кестеде Тама руының қасына Жөгі (Жогы) өзінің бөлек ру таңбасымен жазып қойыпты. Мысалы басқа жетруда ондай қосымша тіркеген аталығы жоқ. [30 бет, *17]

Пайдаланған әдебиеттер:

Нұрлан Сұлтанұлы  Рахымжановқа алғысымызды білдіреміз, Тама руының біраз шежірелерімен бөлісті, сол шежірелердің арқасында тарихта қалған жұмбақтар шешілді деп ойлаймыз. Мақалада шежірешілердің сілтемелерін тікелей көрсеттік.

 *1   88 стр. Представления Культы, Обряды у Казахов, Р.М. Мустафина, Алма-Ата, «Қазақ университеті», 1992

*2  «Ата жолы» жорналы. 2006 жыл, мамыр. Қара Бура әулие  http://www.atazholy.kz

*3     244 бет,  Созақ Өңірі, Сүлеймен Тәбірізұлы, Алматы, «Кітап» 2002

*4     292 бет,  Созақ Өңірі, Сүлеймен Тәбірізұлы, Алматы, «Кітап» 2002

*5     88 стр. Представления Культы, Обряды у Казахов, Р.М. Мустафина, Алма-Ата, «Қазақ университеті», 1992

*6    Саятхан САТЫЛҒАН

https://aikyn.kz/250332/aysha-bibi–an-yz-ben-ak-ik-at)

*7      127 бет, Созақ Өңірі, Сүлеймен Тәбірізұлы, Алматы, «Кітап» 2002

*8      290 бет, Созақ Өңірі, Сүлеймен Тәбірізұлы, Алматы, «Кітап» 2002

*9      191 бет, Созақ Өңірі, Сүлеймен Тәбірізұлы, Алматы, «Кітап» 2002

*10    194 бет, Созақ Өңірі, Сүлеймен Тәбірізұлы, Алматы, «Кітап» 2002

*11    «Алаш» тарихи зерттеу орталығы, «Қазақ ру-тайпаларының тарихы», І-том: «Тама», екінші кітап, 161, 163, 177-179 б.; үшінші кітап. 14, 44, 67, 85, 90, 144 б. / Б. Юзефович, «О быте киргизов Тургайской степи…». – С. 77 // «Материалы по киргизскому землеользованию». Т. VIII. «Сведения о киргизских ордах и родах по волостям Актюбинского уезда». – С. 9.

*12    197 – 198 беттер, Созақ Өңірі, Сүлеймен Тәбірізұлы, Алматы, «Кітап» 2002

*13   182 бет, Созақ Өңірі, Сүлеймен Тәбірізұлы, Алматы, «Кітап» 2002

*14   191 бет, Созақ Өңірі, Сүлеймен Тәбірізұлы, Алматы, «Кітап» 2002

*15   250 бет, Созақ Өңірі, Сүлеймен Тәбірізұлы, Алматы, «Кітап» 2002

*16   182 бет, Созақ Өңірі, Сүлеймен Тәбірізұлы, Алматы, «Кітап» 2002

*17   30 стр, Материалы к истории Киргиз-Казакского народа, М.Тынышпаев, Ташкент, 1925г.

 

 

 

 

 

Жазған: Абдулла Аслан Сырымұлы  aslan2407@gmail.com

 

 

 

                                                                                               

                                                                                                

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button