Әзірет Сұлтан кесенесі ішіне қай уақыттан бастап жерлеу тоқтатылды?
Әзірет Сұлтан кесенесінің еліміздің тарихы мен рухани өмірінде маңызды орын алатыны мәлім. Аталмыш кесене ішінде көптеген хан сұлтандар мен игі жақсылар жерленген. Ірі әулие әмбилелер жанына әкеліп жерлеу батыс, шығыс елдерінің барлығында бар. Батыс Еуропада көптеген шіркеулерде ғасырлар бойы аристократия өкілдері жерленетін болған. Ал енді өзімізге келетін болсақ, көнекөз ақсақалдар осы кесененің ішінде жерлеу қашан тоқтатылды деген сұраққа жауап таппай қиналады. Совет уақтысында ма екен, әлде одан да бұрынғы кезде ме екен? Осы сұраққа нақты жауап беретін жақында архивтан табылған бір құжатпен таныстыруды жөн көрдім. ҚР Орталық мемлекеттік мұрағатында сақталған бір істе Түркістан уезінің бастығы полковник Чеботаревтың Сырдария облысының бастығына, Түркістан генерал губернатор атына жазылған рапорты бар. 1884 жылдың 30 қаңтар күні жазылған рапортта Әзірет Сұлтан кесенесінің жергілікті мұсылман халық үшін өте маңызды әулие жер екенін, бұл кесененің ішіне Түркістан аймағының түкпір түкпірінен қайтыс болған би, батыр, бай-бағлан игі жақсыларды алып келіп қоятынын баяндайды. Мәйітті кесене ішіне қоюға Әзірет Сұлтан ұрпақтарының рұқсатымен және оларға ақысын төлеп жерлейтінін баяндайды. Әрі қарай қазір Әзірет Сұлтан кесенесі іші молалар мен шіріген мәйіттерге толып кетті, мешіттің ішінде жағымсыз иіс шығып тұрады, соған байланысты кесененің ішіне жерлеуге тиым салу қажет екенін өтініп сұрайды. Түркістан шаһарының ақсақалы Мирхадыр Нарбаевтың айтуы бойынша бұдан 4-5 жыл бұрын марқұм болып кеткен генерал губернатор фон Кауфманның тұсында кесененің ішінде мәйіт жерлеуге тиым салатын бір жарлық шыққан екен, бірақ Чеботарев менің қолымда бұл жарлық жоқ деп айтады. Осы рапорт Ташкенте қаласына жеткен соң Генерал губернатордың канцеляриясынан 9 наурызда резолюция қойылған жауап келеді. Резолюцияда “Кесененің ішіне жерлеуге тиым салынсын, сол бұйрық туралы кесененің басшыларынан қолхат алынсын” делінген.
22 наурыз күні Әзірет Сұлтан кесенесінің мутаваллиі, нақибы және Түркістан уезінің шейх-үл-исламы Рахмет Чиллә қожа Ғалиакбар қожаұлы, Атахан қожа Шарип қожаұлы, Хамидулла қожа Фатхулла қожаұлдары осы 3 кісі өз аттарынан қолхат беріп, бұдан былай кесені ішіне қайтыс болған кісілерді қоймаймыз, бұйрықты орындаймыз, орындамаған жағдайда заң алдында жауап береміз деп сөз береді. Және осы құжаттың соңында бір хат тіркелген. Ол хатта кесене ішіне ең соңғы жерленген кісі туралы жазылған. 1883 жылы 1 желтоқсанда Атбасар уезі Қарабала Жабай болысының қазағы әкелініп, кесененеің Ақсарай бөлімінде жерленді деп анық жазылған. Кісінің аты жөні жазылмаған, әлде хат жазушы мутавали қателесті ма екен Атбасар уезіні Қарабала болысының қазағы Жабай деп оқу керек пе деп ойлаймын, себебі Арқада найман елінің Қарабала болысы деген болыс болған. Ол жерде Жабай деген өзен де бар.
Міне осындай құжатқа қарап отырып 1884 жылдан кейінгі Түркістанда кесененің ішіне жерлеудің күрт тиылғанын біліп отырмыз. Ал әрине сыртына жерлеу жалғаса берді, 1884 жылдан кейін қайтыс болып Түркістанға апарып жерленіпті деп аңыз қылған игі жақсылардың кесененің ішінде емес сыртында жерленгенін осы оқиғадан болжауға болады. Өте алыс аймақтардан әкелу де тоқтаған сияқты. Сонымен қатар бұл тиым салған жарлық тек кесене ішінде “иіс шығуы” себебінен емес, Сарыарқадан бастап Қоқан Бұхарадан бері қарай Әзіретке келіп түнеген түбі бір түркі халықтарының Түркістанмен рухани байланысын үзуді мақсат етті деп анық айта аламыз. Арқа қазақтарына Түркістандағы қожалардың ықпалын да азайтты. Себебі өлген игі жақсы кісілерді жерлеуге, одан кейін асын беруге, моласына зиярат қылуға жыл сайын келіп тұратын еді. Патша үкіметінің осы жарлығы арқылы рухани байланыстар сиреп, жіптей үзілді – деген қорытынды шығарамыз.
Төменде қолжазба архив құжатының көшірмесі
Рапорт Туркестанского уездного начальника 30 января 1884 г. №102 г. Туркестан
Господину Военному губернатору Сыр-Дарьинской области
Находящееся в г. Туркестан мечеть Султан-Азрет свято чтимая верою мусульманского населения прибывающего на поклонение не только из разных пунктов Туркестанского края но из сопредельных ханств, а также из Сибирского края, служила до настоящего времени местом погребения почетных и главным образом состоятельных мусульман. как Туркестанского края так равно и также привозимых из других пунктов. с обусловливаемого по состоянию родственников умершего оплачивая в пользу ходжей, потомков Азрет Султана, с истечением времени внутренность мечети переполнилось могилами и трупными разложениями заражая воздух весьма заметно и ощущение дает себя чувствовать при посещеній мечети. Бывший аксакал города Туркестан Мирхадыр Нарбаев … говорил что еще лет 5-6 тому назад приблизительно последнего распоряжения покойного генерал губернатора фон Кауфмана воспрещающего дальнейшия погребения умерших в в Султан-Азрет, каковые распоряжения и было объявлено всем ходжам находящимся при мечети с приказанием подчинятся этому распоряжению.
Вышеперечисленного предписания главного начальник края по тщательно выведенной справки во вверенном мне управлении не имеется. Погребения трупов прекращены и поныне и делаются в исключительных случаях что склоняется к мысли о том что воспрещены сего … (текст не читаемый) было в свое время.
Данные о вышеуказанном в том числе просит распоряжения Вашего пр-ства по сему предмету.
Подпись полковник Чеботарев
Верно поручик (подпись неразборчива)
Министерство военное.
Сыр-Дарьинское областное правление.
9 марта 1884 г №392
Господину Туркестанскому Уездному Начальнику
На рапорт Вашего Высокоблагородия от 30 января сего года за №102, господин Военный губернатор изволил положить следующую резолюцию:
“Воспретить хоронить в мечети, от распорядителей в храме отобрать подписку”.
Об этом Областное Правление уведомляет Ваше Высокоблагородие к надлежащему исполнению.
И.д. председателя полковник Х. Ломов
Вызвать Главного Мутавалия заведующего зданиями над могилою Султана-Азрета и отобрать от него подлежащую подписку.
1884 г 22 марта дали подписку распорядители мечети Султан Хазрета:
- Рахмет Чилла Ходжа Галиакбар Ходжин
- Атахан Ходжа Шарип Ходжин
- Гамидулла Ходжа Фатхулла Ходжин
никого из умерших в мечети Азрет Султана не хоронить, а в случае неисполнения сего предписания отвечать по закону.
Нұржан СӘДІРБЕКҰЛЫ, тарихшы-генеалог
Алматы қаласы, тел +7 70787405713