Жарық нұрдың сәулесі

Тарихтағы таңғажайып тұлға

Адамзат тарихында тұтас халықтардың, мемлекеттер мен барша адам баласының өмір жолдарына зор ықпал жасаған аса көрнекті тұлғалар аз болған жоқ. Басқа – басқа, Іскендір Зұлхарнайн мен Шыңғыс хан көптеген елдер мен халықтарды жаулап алып, өздеріне бағындырулары арқылы тарихтың саяси қадамына айтарлықтай өзгерістер енгізіп кеткен болса, Исаак Ньютон мен Альберт Эйнштейн интеллектуалды еңбектері мен ғылыми жаңалықтары арқасында жер бетіндегі әлеуметтік және ғылыми-техникалық прогрестің қарыштап дамуына өлшеусіз үлес қосты.

Алайда, тарихтан тұтас халықтардың идеялық, рухани жігерлендірушісі болып, әлемнің миллиардтаған адамдарының үздік үлгісіне айналған, қаншама қауымды әділ басқара білудің теңдессіз өнегесін жасап кеткен дәл Мұхаммед Пайғамбер секілді барынша озық, мейлінше жетілген, соншалықты толайым басқа тұлғаны тауып алу мүмкін емес. Шындығында ол бұл тұрғыда жалғыз, онымен пара-пар келетін, тап сондай деңгейден көруге алатын өңге қайраткер жоқ. Ол – Алла Тағаланың ең жақсы туындысы, адамзат баласының таңғаларлық тәжі. Сондықтан соңғы Пайғамбардың адамзат пайда болғаннан бергі оның ең үздік өкілі болып келе жатқанын бүгінде тек қана мұсылман қауымы емес, сонымен қатар өзге дін мен нәсілдің көптеген алдыңғы қатарлы өкілдері де шүбәсіз мойындайды.

Солардың бірқатары Мұхаммед Пайғамбар жөнінде былай толғайды:

 «Мұхаммедтің діни ілімі екі ойлылықтың күдігінен ада және Құран – Құдайдың жалғыз екендігінің басты куәсі… Мұхаммед тек өзінің моральдық күшінің арқасында ғана өмірде жетістікке жетті.

Бұл насихат емес. Біздің назарымыз бұл діннің ұзаққа созылған іс-әрекетіне көп ауып кетті. Мекке мен Мединада кристалдай таза бұл идеялардың адамдарға таңғажайып әсерінің қызуы бір елі де төмен түскен жоқ. Африкалықтар, азиялықтар және түріктер үшін жол көрсетуші жарық жұлдыз болған Құранның рөлі ешқашан бәсеңдемейді. Бұл идеологияның жақтастары өздеріне тән эмоцияны, оптимизм мен пайымды титтей де бір жоғалтып алмай, кез келген ауытқу мен фракцияға қарсы аянбай күреседі.

Мен өзімнің наным-сеніміммен Алланың жалғыз, ал Мұхаммедтің оның Пайғамбары екеніне куәлік беремін. Оның жанға жағымды жанды уағыздары пікірлестерді бір ақыл-ой мен діннің шеңберіне топтастыра түседі».

Эдвард Гиббон (1737-1794), ағылшын тарихшысы

«Ол ақын емес, Пайғамбар, сондықтан Мұхаммед бізге жұртты еліктіру немесе олардың білімін көтеру үшін адамның қолымен жазылған кітапты емес, құдайдың заңы – Құранды жеткізді».

Иоганн Вольфганг Гёте (1749-1832), неміс ақыны, ойшыл

 «Мұса Құдайдың бар екенін өзінің халқына білдіріп кетті. Иса – рүмдіктерге, ал Мұхаммд күллі Ескі Әлемге танытты».

«Исадан кейін 6 ғасырдан соң Мұхаммед келіп, арабтарды бұрын Ибраһим, Исмайыл, Мұса және Иса айтып кеткен Құдаймен таныстырғанға дейін Арабия пұтқа табынған ел еді. Арийліктер мен бірқатар басқа секталар Ата, Ұл және Қасиетті рух туралы мәселемен Шығыстың мазасын алып біткен-ді. Мұхаммед оларға Құдайдың біреу ғана екенін, ешқандай ата да, ұл да жоқ екенін, ал үштікті уағыздаудың пұтқа табынудың идеясы ғана екенін түсіндіріп берді».

«Мен жақын арада әлемнің барлық кемеңгер және білімді адамдарының басын біріктіріп, бірден-бір сенімді болып табылатын және адамдарды шын бақытқа жеткізе алатын Құранның қағидаттарына негізделген біртұтас тәртіп орнататын уақыт келеді деп үміттенемін».

Наполеон Бонапарт (1769-1821), Франция императоры, ұлы қолбасшы, қазіргі заманғы француз мемлекетінің негізін қалаушы

«Егер мақсаттың ұлылығы, құралдың қарапайымдылығы және нәтиженің ғаламат болып шығуы адам кемеңгерлігінің үш өлшемі болатын болса, қазіргі заман тарихындағы қандай да бір ұлы адамды Мұхаммедпен салыстыруға кімнің батылдығы жетеді?

Ең әйгілі адамдардың жасап шыққандарының бәрі қару-жарақ, заңдар, империялар ғана болды. Олардың жалпы істеген материалдық игіліктерінен гөрі көз алдымызда қиратқандары көп болды. Бірақ Мұхаммед сықылды адам өзінің ықпалын тек қана армияға, заңдарға, империяларға, халықтар мен династияларға емес, сонымен бірге миллиондаған адамдарға, бұған қоса, тақтарға, тасқұдайларға, дінге, идеяларға, сенім мен адамның жан сезіміне көрсетті.

Әрбір әрпі әлдеқашан заңға айналып кеткен Құранға сүйене отырып, ол кез келген тілде сөйлейтін, кез келген нәсілге жататын халықтардың арасындағы айырмашылықтарды жойып жіберіп, жаңа бір рухани ұлт жасап шығарды.

Өзін өзі түгесіп бітірген мифологиялық наным-сенімдердің иірімінен бұрқырап шыққан Бір Құдай туралы идеяның керемет болғаны сондай, ол жариялана салысымен-ақ бұрынғы ескі нанымдардың бәрін тас-талқан қылды. Оның тоқтаусыз ғибадат етуі, оның Құдаймен құпия сөйлесіп отыруы және оның өлгеннен кейін шарықтап кеткен даңқы тіпті де алаяқтықты көрсетпейді, керісінше оған догматтарды қалпына келтіруге күш берген сенімнің мызғымас берік болғанын айғақтай түседі. Бұл догманың екі қыры бар: Құдайдың жалғыздығы және Құдайдың материалды зат еместігі. Бұлардың біріншісі Құдайдың кім екенін, ал екіншісі кімнің Құдай емес екенін көрсетеді. Философ, сөз зергері, апостол, ұтымды діннің, пұттарға орын жоқ дінге бас ұрудың жаңғыртушысы, жиырма жер үсті және бір рухани империяның негізін қалаушы – осының бәрі бір ғана Мұхаммед. Енді біз Адамның ұлылығына баға берудің барлық өлшемін қарай келіп, жұрттан: «Одан артық ұлы адам бар ма?» деп батыл түрде сұрай аламыз».

Альфонс Ламартин (1790-1869), француз ақыны және тарихшы

«Мұхаммед өзінің бірде-бір ой-толғамын бірде-бір адамның қаны мен жанына кіргізіп, жүрегіне ұялата алмаған пайдасы аз кемеңгерлердің бүкіл тобырынан гөрі адамдар тарапынан көбірек құрмет көруге теңдессіз лайықты».

Петр Чаадаев (1794-1856), орыс ойшылы және публицист

 «Біздің кез келгеніміздің мұсылман болғанымыздан келетін қауіп жоқ, мен Мұхаммед туралы өзім айта алатын тек қана жақсы сөз айтқым келеді».

«Бұл араб халқының қараңғыдан жарыққа шығуының басы болды. Осымен бірге арабтар бірінші рет жұрттың көз алдында жанданып шыға келді. Ғалам жаратылғалы бері өзінің шөлін кезіп жүретін елеусіз кедей бақташы халық! Қараңыздар, елеусіздер күллі әлемге танымал болды, аз халық әлемдік ұлылыққа қол жеткізді. Содан бері небәрі жүз жыл өткенде, арабтар батысында Гранадаға, шығысында Делиге дейін құлаш сермеді. Бүгінде айбын мен кереметтіліктің жарқылынан Арабия әлемнің орасан зор аумағын жарқыратып, жарыққа бөлеп тұр. Егер енді біз бұл адамның үстіне белгілі бір пиғылмен жалғандықты жаудырар болсақ, ол тек өзіміз үшін ғана масқара болып шығады. Дінді жалған сөйлейтін адам қалай ала ма екен? Керек десеңіз, өтірікші адам кірпіш үйдің өзін тұрғыза алмайды! Оның өзі жұмыс істейтін әктің, күйдірілген саздың қасиетін білмейтін болса, онда үй емес, күл-қоқыстың тауын тұрғызады. Ондай үй он екі ғасыр бойына тапжылмай тұрмайды және 180 миллион адамға баспана бола алмайды».

Томас Карлейл (1795–1881), ағылшын публицисі, тарихшы, философ

 «О, Мұхаммед, мен сенің замандасың бола алмағаныма өкінемін. Адамзат осы кезге дейін өзінің ең таңдаулысын бір-ақ рет көрді, енді қайтып ешкім де ондай тұлғаны көре алмайды. Өте терең құрметпен сенің алдыңда басымды иемін».

Отто Бисмарк (1815-1898), Германия империясының рейхканцлері

 «Мұхаммед христиандық пен иудаизмің адасулары үлкен қатер әкелетінін түсінді. Сосын өзінің өмірін тәуекелге байлай отырып, пұтқа табынушыларды бір құдайға бағынуға шақырды және мәңгі өмірдің алқабына дән себе бастады. Оны тек адамзат тарихындағы көрнекті тұлғалардың қатарына қосып қоя салсақ, бұл әділдік болмас еді. Біз ең алдымен оның пайғамбарлығы мен көктен Жерге жіберілген елші екенін мойындауға міндеттіміз».

Карл Маркс (1818-1883), неміс филоосфы, социолог, экономист, қоғам қайраткері 

«Мұхаммед Пайғамбар ұлы билеуші болып табылады. Ол ақиқаттың алғауымен қауымды біріктірді, осының өзі оны зор құрмет тұтуға жеткілікті. Адамдарды қантөгістен сақтап қалып, бейбітшілікке қол жеткізді. Адамдарға рухани көтерілудің хақ жолын ашып берді. Мұндай адам жалпы жұрттың құрметіне әбден лайық».

Лев Толстой (1828–1910), орыс жазушысы
«Оның бір өзі бір мезгілде әрі Юлий Цезарь, әрі Рим Папасы еді. Бірақ оның қолында Цезарьдің легионы да, Папаның міндетшілігі де болған жоқ: тұрақты армиясыз, оққағарсыз, сарайсыз, тұрақты мол табыссыз өмір сүрді. Егер әлдекім әлде бір уақытта өзінің әлемді Құдайдың жолымен басқарғанын айтуы керек болса, оны айта алатын тек Мұхаммед қана, өйткені, оның билігі барлық уақытта өктем күштің қуатынсыз және оның белгілерінсіз кеңге қанат жая берді. Тағдырдың жазуымен тарихта енді қайталанбайтын тұлға болып туған Мұхаммед үш нәрсенің: ұлттың, империяның және діннің негізін қалады».

Реверед Босуорт-Смит (1832-1908), британиялық священник

 «Ол патша да, Рим папасы да болған жоқ. Ол ешқашан бұлардай болуға ұмтылмады да. Оның артында жер қайысқан әскер тұрмады. Ешқандай жеке күзет туралы сөз де қозғамады. Ол ешқандай жалақы алмады, белгілі бір материалдық игілікті керек етпеді. Еш уақытта сарайда тұрып көрген жоқ. Тек қана діни мизамдардың көмегімен ғана соңынан қалың бұқараны ерте алған бір адам болса, ол Мұхаммед еді. Ол ешқашан әлдекімдердің қолдауына зәру болмады. Ол ешқашан өзін өзі артық бағалаған жоқ. Сондықтан Пайғамбар болу құқығы, сөзсіз, соған ғана берілді».

Анни Безант (1847-1933), Ирландия мен Үндістанның тәуелсіздігі жолында күресуші, теософ, жазушы

«Егер алдағы жүз жылдың шамасында Англияны, одан әрі Еуропаны билеу мүмкіндігіне қол жеткізетін әлдеқандай бір дін бар болса, ол Ислам болып шығар еді».

«Мен керемет төзімділігі үшін Мұхаммедтің дінін әрқашан құрмет тұттым. Меніңше, ол – өмір үрдістерінің кез келген өзгерістеріне қатысты иілгіш болу қабілеті бар жалғыз дін, ол сондығымен де адамдарды өзіне тарта біледі. Мен оның өмірін зерттеп көрдім, ғажайып адам болған екен, меніңше, ол антихрист болудан аулақ тұрған адам, оны Адамзаттың Құтқарушысы деп атауға болады».

«Егер сол сияқты адам бүгінгі әлемді басқаруды қолына алса, онда оның барлық проблемаларды дұрыс шешіп, жаһанға бейбітшілік пен бақыт әкеле алатынына мен сенемін».

Бернард Шоу (1856-1950), Нобель сыйлығының лауреаты, ағылшын жазушы-драматургі

 «Ислам ілімі әділдікті және қайырымды қарым-қатынастар мен мінез-құлықты (мұра етіп) қалдырды. Ислам адамдарды мейірімділік пен төзімділікке жігерлендіреді. Бұл – өте жоғары деңгейдегі және сонымен бірге барынша шынайы ілім. Осы ілім арқылы басқа барлық бұрынғы қоғамдармен салыстырғанда, қатыгездік, ұжымдық қанау мен әділетсіздік мейлінше аз болатын тұтас қоғам пайда болды… Ислам жұмсақтыққа, биязылыққа және бауырмалдыққа толы».

Герберт Джордж Уэллс (1866-1946), ағылшынның фантаст жазушысы және публицист

 

«Мен қазір жұрттың жүрегін талассыз жеңіп алған жандардың ішіндегі ең үздігі туралы көбірек білсем деп едім. Мен сол кезде Исламды жеңіске жеткізген семсер емес екенін барынша ұғына бастадым… Бұған Пайғамбардың мұнтаздай тазалығы, өзін өзі құрбан етудегі жоғары деңгейі, өз міндеттерін мұқият орындап отыруы, оның өз достары мен жақтастарына мейлінше берілгендігі, оның ержүректілігі, оның қорқыныш дегенді білмейтіндігі, оның Құдай мен өзінің өмірдегі қызметіне деген шексіз сенімі жеткізді».

Махатма Ганди (1869-1948), Үндістан тәуелсіздігі қозғалысы жетекшілерінің бірі

 «Еуропа үлкен құлдыраудың алдында тұр. Жарқыраған, керемет ғимараттың алды алыс-жұлысқа, ессіздікке, өзін өзі өлтіруге, жан ауруына, азғындыққа, тойымсыздыққа, есірткі мен алкоголь қолдануға, қарақшылық шабуылға, зорлыққа, ойға қонбас венерологиялық сырқаттарға толып кетті. Адамдардың бір-біріне деген өзара сенімі мен сүйіспеншілігі жоғалды. Бәрін өлімнен үрейленіп қорқу сезімі жайлап алған. Отбасыларының тұтастығы бұзылды, оның мүшелері арасындағы байланыс үзілді. Мемлекет билеушілері бұл тығырықтан шығудың жолын таба алмайды. Зайырлы орта адамгершіліктің жоқтығынан қол қусырып қарап отыр. Енді Еуропаның алдында өзін сақтап қалудың бір ғана жолы бар. Бұл жол – Ислам. Басқа таңдау жоқ».

Ричард Белл (1876-1952), британиялық ғалым, арабтанушы

«Мұхаммед Пайғамбардың қайтыс болғанына сексен жыл өткеннен кейін мұсылмандар құрған мемлекет Үндістан шекарасынан Азия мен Африканың Жерорта теңізінің оңтүстік жиегінің бойымен Атлант мұхитына дейін созылып жатқан әлемдік державаға айналды. Өздерінің жеңісті жорықтарының сексенінші жылында мұсылмандар Жерорта теңізінің батысындағы Андалус бұғазынан өтіп, Испанияға жетті, содан үш жүз жыл бұрын христиан-вестготтар іргесін қалаған мемлекетті, Испанияны талан-таражға салды, сосын қуатты қозғалысымен түбектің Пиренейдің өзіне дейінгі аралығын түгел басып алды. Өздерімен бірге жоғары мәдениетті ала келген жаңа билік Испанияны Еуропадағы ең тамаша, жай-жағдайы жасалған және тұрғындары көп елге айналдырды».

Лион Фейхтвангер (1884–1958), неміс жазушысы

 «Өзінің иланымы үшін Мұхаммед кез келген азапты көтеруге дайын тұрды. Көшбасшы бола жүріп, бір қалыпты және табанды мінез ұстанды. Ол адамдарды жоғары бағалады және оларды құрметтеді. Бұған оның қол жеткізген табыстары дәлел болады. Жеке тұлғасының ұлылығы оның істеріне береке әперді.

Батыстағылар мұндай қадір-құрметке жеткен басқа адамды білмейд»і.

Уильям Монтгомери Уотт (1909-2006), британиялық арабтанушы, профессор

 «Мен мұсылман дінін ұстанушылар әлдеқандай бір сұмдық зорлық-зомбылық жасағаны туралы естісем, оған оншалықты елең ете бермеймін. Себебі, бұл адамдар – мұсылман емес! Олар дінге сенушінің атағын алып жүру құқығынан айырылып қалған адамдар. Әйтпесе, біздің бәріміз үшін Құдай біреу және сол бізге біртұтас ереже жасап берген. Ал қарақшылардың бәрінің қасақана, масайраған қылықтарына қарап тұрып, бұл үшін Пайғамбарды да, Киелі кітапты да кінәлай алмаймыз».

Александр Мень (1935-1990), православие священнигі

 «Пайғамбар бізге Құран ұстатты және бүкіл өмір бойы орындайтын бес міндет қана артты. Ең бастысы – Алладан басқа Құдайдың жоқ екенін есте ұстау. Қалған төртеуі – күніне бес рет намаз оқу, Рамазан айы келгенде ораза тұту, ғаріп-қасірге мейірімді болу… Ол тағы да үндемей қалды. Пайғамбарды есіне алғанда, оның көзіне әрдайым жас келеді. Ол шыдамсыз, қызуқанды, еті тірі адам болғанымен, өзін қалайда Мұхаммедтің заңына сәйкес өмір сүруге бейімдей білді… Менің енді Меккені армандағым келеді. Осы кезге дейін шөлді қалай кесіп өтетінімді, киелі тас тұрған алаңқайға қалай баратынымды, қалай оны жеті рет айналып келіп, қолымды тигізетінімді мың рет көз алдыма елестетіп көрген шығармын».

Пауло Коэлью (1947), Нобель сыйлығының лауреаты, Бразилия жазушысы

Ибрагим ӘБИБУЛЛАЕВ

Серік ПІРНАЗАР

 

ҮШ ХАЛИФТІҢ ҰРПАҒЫ кітабынан

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button