Айқожа ишан ұрпағы Мәдияр мағзұмның бибісі Алтынай әжеміздің әшекей бұйымдарын Іскендір әулетінің келіні Піршенің қызынан туған жиені Сарыағаш тұрғыны жиені Базаркүл Алауованың қолында сақтаулы тұр. «Жалғыз ұлы соғыстан оралмаған Алтынай әжеміздің артында менің шешемнен басқа бала болмады. «Артымызда ұл жоқ, атымыз қала ма қалмай ма?» деп айтып отыратын Алтынай әже 1990 жылы 86 жасында қайтыс болыпты.
Мына білезікті кезінде әке-шешесі шеберге бір қой беріп жасатыпты. Білезіктің сыңары жоғалып кетіпті. Ал мына моншақты «нәзік» дейді. Түнде шым-шым қайнаған суға салып қойып ертесіне тағатын болған. Заманында Мәдияр мазұм Алтынайды құдықтан су алып тұрғанында алып қашып әкеткен екен.