Сыр-сұхбат

Көлденең көк атты

Айтқожа Фазыл

Ұлтымызда осындай «Көлденеңі көк атты» деген ұғым болған..
Ауыл жанынан өтіп бара жатқан жалғыз аттыға «шаршап шалдығып, аш келе ме» деп «қонақ болып кет» деу ұлттық әдетке айналған.. Қазақтың бір жылғы сапарға шықса да азық алып шықпайтыны осыдан..
Егер ол аттының астындағы аты көк түсті болса, онда ауыл адамдары одан әртүрлі нәрсе сұраған. Жас кезім көк атқа арба жегіп, далада жинаған тезегімді әкеле жатқан едім, Задан Бейсембаев деген мұғалімнің енесі алдымнан шығып «көлденеңді көк атты көк жөтелдің емін айт» деді. Мен ештеңеге түсінбеймін аузыма келген «тезек» дей салдым.. Ана кісі арба үстінен бір тезек алды да кетті. Кейіннен естідім ауырған адам сол тезектен жазылып кетіпті..
Он шақты жыл өтті. Павлодардан ерте Қарағандыға шықтым, негізгі трассамен жүрмей, Баянауыл арқылы жүрдім, ойым Торайғыр және Аймауытов ауылдарына соғу..
Түске жақын Торайғыр ауылына келдім, табиғаты өте көркем екен.. Сұлтанмахмұт музейі алдына келіп тоқтадым.. жабық.. Өтіп бара жатқан бір әйел «қазір мен музей адамына айтамын» деді.. тосып тұрдым..
Сөйтіп тұрғанда жастары менен үлкендеу екі шал келді.. әңгімеміз жараса бергенде жастау бір жігіт келді..
Төртеуіміз бір сағаттан аса өткен кеткенді айтып мәрә сара болдық.. түскі ас уақыты келді.. үшеуі команда алғандай «ал сау бол» деп кетіп барады..
«Тоқтаңдар» деп тоқтаттым: «Сендер қазақтың «Көлденеңді көк атты» дегенін білесіңдер ме? Білсеңдер, сол көк атты мен емеспін бе? Неге біреуің «Шәй ішіп кет» деп айтпайсыңдар? Мен тамақ іздеп жүрген адам емеспін, машинамда өз басыма жетерлік тамақ бар» деп едім үшеуі де үндемей қалды. Паузадан кейін жастауы «Аға сіз танымайтын көк атты туралы айтасыз, қыста осы ауыл түгел соғым сояды, соғым деп бір біріне ауыз татырмайды, қазақи өмір біткен» деді..
Әрі қарай АЙМАУЫТОВ ауылына бара жатып, жолдағы ЛЕКЕР ауылының жанына өте беріп бір жас жігітті тоқтатып «Мен көлденеңді көк аттымын, жүр үйіңе барып шәй ішейік»дедім. Үйіне келдік, кедей жомарт келеді ғой, әйелі екеуі бар асын аузыма тосты..
ДӘСТҮР ХАЛЫҚТЫҢ БІР БЕЛГІСІ
Дәстүрсіз халық болмайды
Дәстүрінен безген халық басқаның дәстүрін алады…

 

ЖІГІТТЕР АСПАҢДАР ТАСПАҢДАР

БƏРІ ӨТКІНШІ

Балабақсы атанған көріпкелдіні менің әкемдей адамдар көрген. Өткен хасырдың  басында біздің елде өмір сүрген, моласы Алғабас деген елді мекенде.

Қарамұрын деген  аймақты  Жəңгір атты үш мың жылқысы бар төре жайлаған. Кейде Қарамұрынды Жәңгірдің Қарамұрыны дейді.. Қарағандыдан 70 ш. Қарағанды – Жезқазған  трассасы бойында..

БалаБаксы осы төреге бал ашып «аштан өлесің» деген.

«Мына жын не айтып тұр, он жұт келсе де, мендік қалар» деп бақсыға дүре соқтырған.

Жәңгір біздің ортада бірінші қылтамақ (рак) ауруына шалынып, тамақ өтпей жатқанда, Бақсыны алғызып, кешірім сұрап, ат-шапан айыбын төлеген.

Көп  асқанға бір тосқан бар деген, «бармын» деп аспа, «жоқпын» деп саспа.

Бардың жоқ, жоқтың бар болуы кірпік қаққанша, бәрі бір Алладан.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button