Ашура айының фазылаты, Ережеп айының қасиеті
Әркімдер ашура айында тааһт ғибадат қылса уа қайыр,
садақа берсе есепсіз сауаптар берілер. Әркім ашура айының бір
күніне ораза тұтса әулие жақсы кісілер сауабын бергей. Әркім
жетімге жәрдем беріп, басын сипаса ол жетімнің шашының
санынша күнәсын афу131 қылғай. Ашура күнінде 10 пайғамбарға
10 түрлі керемет қылды, өте қадірлі ай дүр. Ашура айы жақсы
дүр. «Ей, мұсылмандар, біліңдер, құрбан айының ең ақырғы
күні ашура айының бірінші күні бір жылдың аяғы 2-ші жылдың
басы дүр. Мұсылмандар осы муһәрәм айының басында басталар
жылдың ең аяққы күнінде онан соң ескі жылдан бір күн бар-
жоғы екі күн ораза тұтса тегіс ораза тұтқанның сауабын берер».
Қабыл әкбар рази аллаһу әнһу айтты: «Әркім екі рәкат намаз
оқыса бір хұтба 13 «Ықылас» сүресін, 2-ші рәкәттә бір хұтба
12 «Ықылас» сүрені сәлем менен дұғасын оқыса: «Аллаһумә
әнтәлләһил абадил кадиму уә санатіл жәдіуату әсәлукә биһи
рәмәтән нә узибиша минәшшәйтәни рәжим уәл әунә әлә әсһиіл
әммәрәте бесу суал ыштыкале бәмәл иукәррәббини иа зул жалали
130 Ауаз – дауыс, үн
131 Афу /а/ – кешірім
уәл икрәм» әркім жыл басында ақырында екі рәкәт намаз дұғасы
қабыл болғай, әр бәле кеселден аман болғай.
Ережеп айының қасиеті
Ей, мұсылмандар, біліңіздер, ережеп айы Хақ тағаланың
айы дүр. Әркім ережеп айында ораза тұтып, қайыр садақа берсе,
сауабы есепсіз көп дүр. Сауабын рази аллаһу әнһу айтты: «Бір
күні Расул әлейһесаламменен бірге баратыр едік, бір көрістанға
жеттік. Расул саллалаһу әлейһесаллам көп жылады. Мен айттым:
«ия, Расул Алла, не себепті жылайсыз» дедім. Ол айтты: «мынау
көрдегі азап қылынады» деді. «Алла тағаладан тіледім азаптарын
кешіріп, қайтарғайсыз» деп, Алла тағаладан пәрмән келді. «Осы
халықтар ережеп айында бір күн ораза тұтса еді, азап қылмас
едім» деді. Бір күні ояу отырса да, мен айттым: «ережеп айында
бір күн ораза тұтса яки бір күн ояу отырса көр азабы болмай
ма» дедім. Расул әлейһесаллам: «Бәлә132, көр азабы болмайды»
деді. Сауабән рази аллаһу әнһу айтты: «Осы сөзді естіген соң
ережепте ораза тұтып, тәрк қылмадым, ей мұсылмандар, әуәл
жұма кешінде «рәғәйып133 бәйрәмында» әркім екі рәкат намаз
қылса хұтбаны бір мәртебе, Ықыласты 5 мәртебе оқыса, ол
кісінің орны пейіште болар».
Хикаят
Бір кедей қатын бар еді, намаз оқып, ораза тұтушы
еді. Ережеп айының қасиетін естіп күндіз ораза, түнде ояу
болды. Үстінде бір ескі көйлегі бар еді. Баласына айтар еді:
«Е, балам, егер мен өлсем мені осы көйлегіммен кәфән134 қыл
дер еді. Ақыры ол әйел өлді. Баласы жаңа кәфән тауып көмді.
Баласының түсіне кірді, айтты: «Мен саған разы емеспін, менің
132 Бәлә /п/ – ия
133 Рәғәйып – Мұхаммед пайғамбардың анасының құрсағына түскен түні
134 Кәфән – кебін
насихатымды тұтпадың, сөзімді қабыл алмадың». Баласы оянды,
кетпен алып барып ашып өз көйлегінен кәфән қылайын деп көрін
ашты. Көрде анасы жоқ, қайран қалды. Сол кезде бір ауаз келді:
«Әркім ережеп айының әуелгі жұма кешінде таһаратпенен ояу
отырса, күндіз ораза болса, ол кісіні көрде жалғыз қоймаймын.
Ол ұжмақта хор қыздарымен бірге жүр» деп есітті.
Расул саллалаһу әлейһесаллам айтты: «Әркім ережеп
айында ақшам намазынан соң 20 рәкат намаз оқыса, әр екі
рәкаттә бір сәлем беріледі, оның қасиетін айтып бітіре алмас,
Мүңкір-нәнкір сауалына оңай жауап бергей, амал намасы оң
қолына берілгей, Сираттан тездеп өтіп кетер» және айтты: «әркім
ережеп айында садақа берсе қиямет күні таразыға салса Ухут
тауының ауырлығындай келгей иләһи Мұхаммед үмбеттерін бұл
сауаптарға нәсіп қыл».
Аумин раббил аламин.